Қазіргі түркі тілдеріндегі сөзжасамдық Үдерістер шойбекова ғазиза бейсенбекқызы



Pdf көрінісі
бет23/54
Дата22.05.2022
өлшемі1,7 Mb.
#35309
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54
Байланысты:
ҚАЗІРГІ-ТҮРКІ-ТІЛДЕРІНДЕГІ-СӨЗЖАСАМДЫҚ-ҮДЕРІСТЕР

Тамақ ~ тамақ сөздерінің семантикалық тәсіл арқылы 
дамуы: 
Тамақ 
1. Тамақ, тағам, ас-су 
2. Тамақ, ас-су өтетін жол. 
Тарихи аспектіден қарастырғанда там+ақ (мойынның 
алдыңғы жағы, иектің асты), там (дәм) ағатын өңеш 
екенін өзі айтып тұр. Тамақ сөзі таму және ағу 


108 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
сөздерінің негізінде жасалып тұр. Мысалы, ас 
мағынасындағы тамақтың қимыл қозғалыстық сипатына 
қарай таму және ағу сөздері пайда болған. Астың 
үздіксіз сырғу сипатына орай қозғалыстың жиілігін 
анықтау мақсатында ұқсас мағыналы таму және ағу 
сөздері тілдік айналымға енеді. Адам танымының 
нәтижесінде астың қозғалысын бейнелейтін бір буынды 
там және ақ сөздерінен там+ақ = тамақ лексемасы 
пайда болады. Тамақ лексемасы қазіргі тілімізде екі 
заттың атауы ретінде қалыптасқан. Бұл сөздің алғашқы 
мағынасы қимылдық мағына, атаулық мағыналарының 
екеуі де кейіннен пайда болған. Осыған ұқсас  іш сөзін
алып қарайық: тамақты ішу қимыл атаулы сөзі арқылы 
ішкен заттың белгілі жайғасқан орнын да іш деп 
атаған. 
Адам 
ағзасының 
көрінбейтін 
тасаға 
орналасуынан іш+і деген көмекші есім сөз пайда 
болған. Тілдің өмір сүру фазасында мағыналық дамуға 
түсіп, уәжделген, транспозицияланған сөздер
семантикалық тәсілдің нәтижесі.
Үш буынды сөздердің семантикалық тәсіл негізінде 
дамуы. 
 Жаттығу ~ жаттығу ~ жаттығу ~ жаттығу 
сөздерінің семантикалық тәсіл арқылы дамуы 
Жаттығу 1. Жаттық етістігінің қимыл атауы. 
2. Белгілі бір өнерді игеру үшін дағдылану 
процесі. 
3. Оқушының жаңа материалды жақсы түсіну 
үшін жүргізілетін оқу процесіндегі әдіс. 
Бұған спорттық ойындарда қолданылатын мағынасы 
енбей қалған. Өзіміз күнделікті теледидардан таңертең 
есітіп жататын жаттығу сөзі де бұл күнде номинативтік 
атауға ие болған сөз деп тануымызға болады.


109
Төрт буынды сөздердің семантикалық тәсіл негізінде 
дамуы. 
Қабылдағыш~қабылдағыш сөздерінің семантикалық 
тәсіл арқылы дамуы: 
Қабылдағыш 1. Арнаулы станциялардағы қашықтықты
өлшейтін электромагнит 
толқындары 
арқылы 
дыбыстар 
мен 
белгілер 
қабылдайтын және хабар беретін аспап. 2. Алғыр, 
зейінді, қабілетті.
Бұл сөздің алғыр, зейінді, қабылдағыш секілді 
мағыналары арнаулы станциялардағы қашықтықты 
өлшейтін электромагнит толқындары арқылы дыбыстар 
мен белгілер қабылдайтын және хабар беретін аспап 
мағынасын уәждеп тұр. Сол себепті қабылдағыш ~ 
қабылдағыш сөздері семантикалық тәсіл арқылы дамып, 
жасалған сөздер. 
Мазмұндама 1. Оқушылардың шығарма мазмұнын 
жазбаша түрде баяндап, жазып шығатын жазбаша 
жұмысы. 
2. 
Мемлекеттер 
арасында 
болған 
дипломатиялық келіссөздер, келісімдер жайлы ресми 
хабар.
Екі сөздің арасында мағыналық байланыс бар және ол 
мағыналар жаңа атау ретінде танылуына мүмкіндік 
жасап тұр. Себебі біріншісі оқушының жазба 
жұмысының атауы болса, екіншісі бұқаралық ақпарат 
құралдарында қолданылатын хабар атауының қызметін 
атқарып тұр. 
Семантикалық тәсіл арқылы дамыған атаулардан 
байқағанымыз, бір буынды сөздердің мағыналық 
жақтан өрбуі екі, үш, төрт буынды сөздердің 


110 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
конверсиялануына қарағанда әлдеқайда басымырақ. 
Бұдан шығатын қорытынды бір буынды түбір сөздер 
тарихи тұрғыдан алғанда тілдің алғашқы (біз үшін 
алғашқы боп есептеледі, ал біз алғашқы деп отырған 
дәуір үшін алғашқы болмауы мүмкін) кезеңінде өте жиі 
және қажеттіліктің арқасында тілдің дамуына негіз 
болған. Адамзат, яғни тілді қолданушы қарым-
қатынасты бір буынды сөздермен жеткізген. Тіл 
тарихында адамзаттың жүріп өткен жолы айқын 
байқалып тұр. Қанша буынды сөздердің мағыналық 
дамуға икемді екенін тілдің өзі дәлелдеп, зерттеуімізге 
негіз болып отыр. Олар мағыналық ортақтықтан 
арылмаған, бір парадигмалық қатарда тұрады. Ал бір 
буынды түбірлерден өзге сөздер тілімізде лексика-
семантикалық 
және 
грамматикалық 
қолданылуы 
жағынан күрделі жүйе жасайды. Екі, үш, төрт буынды 
сөздердің конверсиялануы сирек. Себебі олардың түрлі 
жұрнақтар арқылы күрделеніп, ықшам еместігінде болса 
керек. Жоғарыдағы еңбектерді негізге ала отырып, 
қарастырылған мұндай сөздердің мағыналық дамуы 
екеуден аспайтындығын зерттеуіміз көрсетіп отыр.
Кез келген сөздер мағыналық дамуға түскенде олардың 
арасында уәждемелік қатынас жүреді. Бір буынды 
сөздердің мағыналық дамуында міндетті түрде 
уәждемелік қатынастың жүргені айқын. Уәждеменің 
бағыт-бағдары сөздердің семантикалық ерекшеліктеріне 
сай 
анықталады. 
Түбірлері 
бірдей 
болғанмен, 
мағыналары арасында ерекшелік болады. Себебі 
олардың семалары жіктелгенде тең мағыналық сипатқа 
ие бола алмайды. Сонымен бірге бір буынды сөздердің 
дыбыстық жамылғылары бірдей болмауы мүмкін. 
Дыбыстық 
жамылғылары 
бірдей 
болмағанмен, 


111
мағыналары туыстықтан ажырамаған кейіпте, кей 
жағдайда 
қарама-қарсылықтар 
заңы 
бойынша 
мағыналарының бастауы бір, бірақ уақыт шеңберінде 
қарама-қарсы мағыналарға ие болғандары кездеседі. 
Бір-біріне себепші негіз болған сөздердің белгілі бір 
дыбыстық сәйкестіктер арқылы ажырап, не бірдей 
мағыналы, бірақ дыбысталуы өзгеше сөздер қалыптасуы 
мүмкін. Немесе мағыналары да басқа, дыбысталуы да 
өзгеше ұғымдар мен атау, сөздер пайда болады. Зерттеу 
нысандары 
бар 
екі 
аспектінің 
негізінде 
қарастырылғанымен, 
антонимия 
мен 
сөзжасам 
проблемалары бір-бірімен байланысты. Бұл екі 
проблеманың бір-бірімен байланысы бар екені тіл 
білімінде қарастырылып жүрген мәселе. Ендеше, тіл 
ғылымында тек мағына жағынан ғана емес, форма 
тұрғысынан айырмашылығы бар антонимдермен қоса, 
бір концепт, бірақ екі ұғым негізінде жасалған 
сөзжасамдық антонимдер де бар. Сөзжасамдық 
антонимиялар лексикалық антонимиялар құрамына ене 
отырып, олардың құрамын толықтырады. Сөзжасамдық 
процесс негізінде пайда болған антонимиялар дайын 
компонент ретінде қолданылады. Олардың жасалуында 
белгілі бір туыстық, мағыналық жақындықтың бары 
сезіліп, 
сол 
тұлғалық, 
мағыналық 
тұтастығы 
(сәйкестіктер арқылы) сақталған бір-біріне қарама-
қарсы, оппозицияда тұрған сөздер қарастырылады. 
Антонимия проблемасын лексикалық тұрғыдан емес, 
сөзжасамдық құбылыс ретінде зерттеудің тіл білімінде 
кенже қалып келе жатқанынын орыс ғалымдары жазып 
жүр. Сөзжасамдық құбылыс ретінде анықталған 
сөздерді 
тану 
үшін 
сөзжасамдық 
тұлғалардың 
арасындағы антонимдік қатынасты анықтауымыз керек.


112 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
Антонимдік сөзжасамдық мағына деп бір ұғымдық 
қатарда 
тұрып, 
қарама-қарсы 
түсінік 
беретін 
сөзжасамдық типтердің мағынасын айтуымызға болады. 
Орыс сөзжасамында қарама-қарсы мәндегі сөздерді 
лексикалық антонимия және сөзжасамдық антонимия 
деп екіге бөліп қарастыру үрдісі бар. Екіге бөліп 
қарастырған соң олардың арасында айырмашылық та 
бар. Лексикалық антонимдік жұптардың арасында 
сөзжасамдық қатынас жүрмейді. Мысалы, жоғары – 
төмен, алыс – жақын, оң - теріс т.б. Бұл сөздердің 
мағына айырмашылығымен қатар форма ұқсастығы да 
көрінбейді. Ал сөзжасамдық антонимдік жұптардың 
арасында сөзжасамдық уәждемелік қатынас жүреді. 
Мұндай процестерде мағына айырмашылығы болады, 
бірақ олар туыстас, шектес ұғымдардың бірлігінен 
тұрады. Сондай-ақ оларға формалық өзгеріс тән. 
Формалық өзгеріс сөздің сыртқы жамылғышында, яғни 
фонетикалық 
ерекшелігінде. 
Сөзжасамдық 
антонимдердің жасалу тұрғысын, жайын, сөзжасам 
саласында, дайын компонент ретінде лексика саласында 
қарастырамыз.
Сөзжасамдық антонимдер сөздердің уәжделуімен тығыз 
байланысты. Сөзжасамдық тұлғалардың уәжделуіндегі 
көпқырлылық антонимдік-лексикалық мағыналардың 
көпқырлы, жан-жақтылығына алып келеді. Антонимдік 
жұптардың арасындағы қарама-қарсылықтар бірлігі 
семантикалық ерекшеліктерінен көрінеді. Ал зат, 
құбылыс тұрғысынан алып қарағанда олардың бір-
біріне ешқандай қарама-қайшылығы байқалмайды. 
Мына әлемде симметриялы жатқан заттардың, 
құбылыстардың барлығы қарама-қайшылық бағытта, 
бір 
ұғымда 
орналасқан. 
Антонимдердің 


113
синтагматикалық ерекшеліктері жайлы жазылған 
еңбектерде заттың арнайы белгісі арқылы ажыратылған 
бірнеше мағынаның біреуі белгілі бір заттың қарсы 
жатқан белгісіне ұқсастығы антонимдердің мағына 
бірлігіне алып келеді. Антонимдер жайлы көптеген 
еңбектерде олардың белгілеріне қарап мынадай 
сипаттарын ажыратуға болады:
– нақты қарама-қайшылық // жақын қарама-қайшылық;
– толық қарама-қайшылық // жартылай қарама-
қайшылық; 
– екі сөзді антонимиялық мағыналар саны; 
– антонимдердің морфологиялық құрылымы (түбір 
немесе туынды сөзден) 
– антонимдік жұп деп саналған тілдік бірліктің типі 
(грамматикалық немесе лексикалық антонимия) бір 
сөзден жасалған антонимия немесе фразеологиялық 
антонимия [Апресян ЮД. Лексическая семантика. 
Синонимические средства языка. М., 1988].
Мысалы, биік – аласа, жоғары – төмен, ақ – қара сынды 
қарама-қарсы бағыттағы сөздерде антонимдік сипат 
айқын байқалып тұр. Бұл жағдайда антонимдік 
жұптардың мағыналары бір-бірінен алшақ. Ал 
дыбыстық сәйкестіктер негіз болған қарама-қарсы 
бағыттағы, бірақ мағыналары ортақ сөздердің түп негізі, 
қайнар бұлағы, біздіңше, біреу. Мұндай қарама-
қарсылықтың ортақ негізі – адамзат танымының 
бірізділігінде, сондай-ақ таңбаның, ұғымның белгілі бір 
затқа, құбылысқа қатысты екендігінде.
Бір буынды сөздердің мағыналары дамып, жеке 
номинативті атау ретінде танылған соң, дара 
сөзжасамдық мағынасы өзге екі, үш, төрт буынды 


114 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
сөздерді уәждей алады. Осы бөлімде бір буынды сөздің 
бірнеше буынды сөздерді уәждеудегі семантикалық, 
фонетика-семантикалық 
жолдарын 
қарастырамыз. 
Туынды сөздердің мағыналарын ашудағы негізгі 
дереккөздер, негізінен, сөздіктер болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет