106 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
от+ақ, шыр+ақ, шу+ақ, там+ақ секілді сөздерді мысалға
ала отырып, «аталған бұл формант түбірге
сіңіскен өлі
жұрнақ ретінде танылады. Демек, ақ = етістігі = ақ (=ек,
=ық, =ік, =қ, =к) жұрнағы пайда болуының бір көзі»,
деп жазады зерттеуші Б. Сағындықұлы. Ал
ат
тұлғасының сөзжасамдық белгілерінің тереңде жатқаны
жайлы, оның тек қимылдық емес, жалпы ұғымды
белгілеуші тұлға ретіндегі мағыналық жүйесін, даму
жолын ғалым А.Б.Салқынбай көрсетеді:
– қозғалу семасы – аттау, аттану, адақ (айақ), адасу,
адым т.б.
– объектінің шығу семасы – таң атты,
тас атты, атып
шығу, атып тұру;
– объектінің бату, біту семасы – ат, ад (тамұқ), ада
болу;
– объектілік сема – ат;
– субъектілік сема – ата, аталық, адам, деп бөліп алып
айырушы семалардың жинақталып, бір семантикалық
өріс аясына сыйып тұрғанын келтіруге болады.
Қазақ
тілінде бір буынды қимыл-қозғалыс етістіктерінің өн
бойынан
заттық,
сындық
мағыналарды
да
кездестіруімізге болады. Бір буынды қимыл-қозғалыс
етістіктері тілдің негізгі сөздік қорын құрайтын
сөздер
екендігі белгілі. Осы
бір буынды қимыл-қозғалыс
етістіктерінің сөзжасамдық тізбек құрай алу қабілетін
қарастырған Б.Р.Есімсейітов мағыналық топтағы әр
етістік жеке сөзжасамдық ұяның ұйытқысы болып,
олардың әрқайсысынан талай туынды түбір сөздер
жасалып, тіліміздің сөздік қорын байытатындығын айта
келіп, тек қана синтетикалық тәсіл тұрғысынан 30 бір
буынды салт етістіктер алынып, олардан 805 туынды
түбір жасалғандығын келтіреді. Ғалымның бұндай
107
статистикалық талдауы
семантикалық тәсіл арқылы
жасалған туынды сөздердің де туынды сөз жасай алу
қабілетін айқындауда көмектесетінін түсінуге болады.
Екі буынды сөздердің семантикалық тәсіл негізінде
дамуы.
Айыр ~ айыр сөздерінің семантикалық тәсіл арқылы
дамуы:
Айыр 1. Шөп, сабан, егін жинауға керекті құрал.
2. Қос өркешті түйе.
Мұндағы
айыр ~ айыр сөздеріне ортақ мағына – белгілі
бір
заттың ара жігінің ажырауы, екіге жарылуы. Айыр
сөзі
ажырау, адыр сөздерімен мағыналық тұтастықта.
Тарихи сипатта мұның көрінісі де адам танымының
терең қатпарларынан орын алады. Синхрондық
сипаттан алғанда да бұл сөздердің мағыналық
жақындығы айқын көрініп тұр. Диахрондық аспектіден
қарағанда ажырау сөзінде
бір нысанның екіге жарылу
семасы бар, сондай-ақ адыр,
адырылу сөзінде де белгілі
бір нысанның бөліну семасы байқалады. Біздің қазіргі
тілімізде
адырылу сөзінің мағынасы
адыра қалғыр
сынды қарғыс мәнді сөзде сақталған. Бұл тіркестің мәні
– айырылып қалу, яғни адамдар ортасынан ажырау, өлу
мағынасы.
Достарыңызбен бөлісу: