Сияқты модаль сөзі тарихи тұрғыдан алғанда араб
тілінде «форма, вид, формула» ұғымыны білдіретін сияқ
зат есіміне барып тіреледі. Бұл сөздің предмет,
материя, общепринятый образ действия деген
мағыналарын
шығыстанушы
Л.З.Будагов
атап
көрсетеді. Арабтық бұл кірме тұлға қазақ тілінде осы
атау қалпында да, сондай-ақ дыбыстық жағынан сәл
өзгерген сиық түрінде де кейде қолданылады. Сияқты
модаль сөзінің бұл этимондық нұсқасы кейбір түркі
тілдерінде қазір де қолданылады. Қазақ тілінде де осы
мағынаға саяды. Кейбір диалектілік дерекке қарағанда
сиық сөзінің сиқат тұлғасы да диалектілік сипатта
қолданылады. Сиқат тұлғасынан сиқатты деген сын
есім пайда болған. Келе-келе сиқатты сын есімі
сияқты, сықылды, секілді деген модаль сөздер қатарын
толықтырған.
Тәрізді – модаль сөзі тарз – заттың, іс-әрекеттің
сыртық белгісімен, сырт тұрпатымен байланысты
мағына бар.
Әлпеті – түр-түсі, беті, сыңайы деген мағынадан
модальденген араб сөзі.
Зайыры – сыртық түрі мағынасынан модальденген араб
сөзі.
Байқап
отырғанымыздай,
есім
сөздердің
модальденуінде кірме сөздердің рөлі өте күшті.
Жалпы
модальдік
құбылысты
лексикалық,
грамматикалық және модальдік мағыналардың өзара
97
ортақ тұсын, арақатынасын, айырмасын неғұрлым
нақты, терең тани түсудің бір маңызды шарты, мүмкін
болғанша, тіліміздегі модаль сөздердің шығу, даму
жолдарын анықтап алу. Ал олардың бұл төркін-тегін,
морфологиялық құрылымын анықтау мәселесі белгілі
дәрежеде этимологиялық зерттеуді қажет етеді. Себебі
қазақ тіліндегі модаль сөз деп жүргеніміздің біразы –
бөтен текті, кірме құбылыстар немесе тілдің даму
барысында басқа сөз таптарынан ауысқан сөздер.
Одағайлану
–
транспозицияның
бір
түрі.
Транспозицияның өзге түрлерін қазақ ғалымдары аз
болса да назар аударып, теориялық мәселелерін
қарастырып келген. Модаль сөздердің өзі ғылымда
зерттелгенмен (Е.Жанпейісов), таза транспозициялық
құбылыс
ретінде
қаралмаған.
Сонымен
қатар
модальдену процесі деп те аталмаған. Сол секілді
одағайлар, олардың лексика-грамматикалық сипаттары
қарастырылып жүргенмен, одағайлану деп зерттеп
қарастырған әлі ешкім жоқ.
Одағай сөз табына жататын сөздер адамның көңіл-
күйін, сезімін білдіру мақсатымен ғана емес, сонымен
қатар басқа біреуге бұйыру, ишара білдіру, малды, үй
хайуандарын шақыру, айдау, қорғау мақсатында да
қолданылады. Осыған байланысты тіліміздегі одағайлар
1) көңіл-күй одағайлары, 2) императивтік ишара
одағайлары, 3) тұрмыс-салт одағайлары. Бұл сөздердің
өздеріне тән лексикалық мағынасы жоқ сөздер.
Дегенмен, кейбір одағай сөздердің әу баста лексикалық
мағынасы болған. Уақыт өте келе олар мағынасына
айрылып, мағынасыздыққа тап болған.
98 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
Көңіл-күйді білдіретін алақай, ура одағай сөздерін
талдауда
шындыққа
жанасымдылығы
жағынан
халықтық этимология тұрғысынан талдаудың негізі бар
секілді. Ура одағайы, әдетте, соғыста, жаугершілік
заманда қолданылғанына орай, ұр,ә деген екі тілдік
бірліктен кірігу арқылы жасалған деген болжам бар.
Сол секілді, біздің болжауымызша, алақай одағайы да
арабтың оллаһи ант ету сөзімен түбірлес деп танимыз.
Қуанғанда, қайғырғанда, өкінгенде, ант беруде Алла
есімін ауызға алудан пайда болған. Яғни Алла (һи)
деген екі түрлі көрсеткіштің бірігіп, кірігуінен пайда
болған деген болжамымыз бар. Алғашқы сезім, көңіл-
күйдің жоғары деңгейде берілуі осы одағай сөздердің
пайда болуына әкелген.
Императивтік ишара одағайларының ішінде де өзгеше
сөздерден ауысып, мағынасыздыққа ұшыраған сөздер
кездеседі. Айда адамның адресіне бағытталған біраз
бұйыру, біраз жекіру мағынасы бар одағайды шығу
тегіне ққарай айда етістігінен пайда болған деген
болжам бар. Себебі айда етістігінің құрамындағы бір
мағына – жүру мағынасы. Осы мағына оған айда, шап,
жүгір, кет, бар деген мағыналарды бойына жинақтаған.
Келе-келе айда содан бүйттік, сүйттік деп келетін
ауызекі сөйлеу тілінде де кездестін мағынасы осыдан
кейін деген мағынаға саяды. Бұл мағына да алдыңғы
мағыналармен қабысып тұр. Сондықтан етістік
мағыналы сөз одағайланған деген ойымыз бар.
Тек одағайы да тек отыр, жай, әншейін қарап отыр,
деген мағынаны білдіретін ойды беруде қолданылады.
Одағайдың өзіне тән интонациясының болуына
байланысты тек отыр деп ұрсу, жекірудегі отыр сөзі
қысқарып қалады да, тек деген сөз одағай болып
99
қалыптасады. Яғни үстеуленген сын есімнің одағайлану
процесі осы жерден байқалады. Демек, алғашқыда сын
есім → үстеу → одағай болып дамуды басынан өткізген.
Итке бағышталып айтылатын айтақ-айтақ одағайы да
өзге сөздерден транспозициялану арқылы жасалған.
Итке бұл одағай сөз малға қасқыр тигенде немесе өзге
де оқыс жағдайлар болған кезде айтылады. Демек,
жүгіру, бару мағынасы осы одағайда бар. Айтақ сөзіне
морфемдік талдау жасасақ түбірі ай -та-қ деген үш
морфемадан тұратынын байқауға болады. Ай түбірінде
аяқ сөзі жатыр. Демек ая(қ)-түбірі, -та – етістік
тудырушы жұрнақ, -қ – заттық ұғым тудырушы
жұрнақ. Демек, итке арнайы айтылатын атау мағынасын
білдіретін сөз. Тұрақтала келе, одағай сөзге айналған.
Тұрмыс-салт одағайлары туралы да осындай талдау
жасауға болатын сөздер кездеседі. Мысалы құп одағайы
құптау етістігінен, кеш жарық тіркесті одағайы кеш
жарық болсын деген күрделі синтаксистік бірлік
сөйлемнен, пайда болған. Ассалаумағалейкум, рахмет
деген кірме сөздердің де әу баста беретін лексикалық
мағыналары болған. Бүгінгі күнде академиялық
грамматикада бұл сөздер одағай сөздер деп жазылып,
беріліп жүр.
Сонымен, қорытындылай келе, одағайлану процесіне
тіліміздегі лексикалық мағынаға ие сөздер ұшыраған.
Ол сөздер – тарнспозицияның жемісі.
Транспозиция процесі – тіл дамуында үнемі болатын,
әрі барлық сөз таптарына қатысты құбылыс. Себебі сөз
таптарының бәрі бір-бірімен мағыналық жағынан
байланысты. Барлық сөз
таптарындағы сөздер
табиғаттағы
немесе
қоғамдағы
заттар
мен
100 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
құбылыстардың сипатын танытуға арналған. Ал бір
заттың аты, қимылы, әрекеті, белгісі, сапасы т.б. бір-
бірімен жақын, сабақтас болып, шығу нүктесі ортақ
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |