Қазіргі түркі тілдеріндегі сөзжасамдық Үдерістер шойбекова ғазиза бейсенбекқызы



Pdf көрінісі
бет31/54
Дата22.05.2022
өлшемі1,7 Mb.
#35309
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54
Байланысты:
ҚАЗІРГІ-ТҮРКІ-ТІЛДЕРІНДЕГІ-СӨЗЖАСАМДЫҚ-ҮДЕРІСТЕР

жолжелкен, сужапырақ деп аталса, оны ненің 
жейтіндігіне 
байланысты 
бақажапырақ, 
тартаржапырақ аталынатынын сөз ете келіп: 
“…өсімдікке әр түрлі ат қойылып, тілімізде өсімдік 
атауларына байланысты синоним сөздердің немесе 
лексикалық варианттардың көп болу себебі оған ат 
қою кезіндегі таңдалынған мотивемдеріне байланысты” 
екендігін айтады. Бұдан халық заттарға ат қойып, айдар 
тағуда олардың түрлі белгілеріне, қасиеттеріне, сынына, 
сапасына, қимылына, санына, қызметіне және т.б. 
уәждеріне байланыстылығын байқаймыз. 
Семантика саласын арнайы зерттеу нысаны ретінде 
қарастырып жүрген профессор А.Б.Салқынбай уәждеме 
теориясының сөзжасамдағы қызметін анықтай келіп, кез 


138 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
келген 
жаңа 
мағыналы 
сөздің 
туындауына 
қажеттіліктің, себептіліктің, негізділіктің ролінің 
ерекше екенін сөз етеді. Түрлі тілдік деректер 
уәждеменің зерттеу нысанының ауқымды екенін 
дәлелдейді. Онда түбірлік уәждеме, негіздік негіздеме, 
жүйелі негіздеме, жүйесіз негіздеме деп уәжделу 
жолдарына қарай бөліп қарастыруды ұсынады [35, 70 
б.]. Ал жоғарғы оқу орнына арналған «Қазақ тілі 
сөзжасамы» атты еңбекте «Уәждеме – туынды атаудың 
семантикалық және құрылымдық жағынан өзін 
құраушы 
сыңарларының мағынасына 
негізделуі; 
номинациялық 
атаудың 
мағынасы 
құрамындағы 
себепші негіз бен сөз тудырушы тұлғалардың мағынасы 
арқылы ерекше мәнге ие» сөздерді қарастыратын 
сөзжасамдық теория екендігін атап өтіп, кей жеке тіл 
білімінде сөзжасамдық уәждеме саласы жеке сала 
ретінде танылып жүргендігін айтып өтеді.
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздердің 
уәжділігін қарастырған Б.Қ.Қасым туынды сөздердің 
уәждемесін зерттеуді үш тұрғыдан қарастырады. 
Біріншіден, оны шындық болмыстың бейнесі ретінде 
қарастырса, екінші, лексикалық уәжделу тұрғысынан; 
үшінші, 
шындық 
болмысты 
ұғым, 
түсінікпен 
сәйкестендіріп үлгілеу арқылы сөзжасамдық уәжделу 
жолымен қарастыруды қажет деп санайды. Сонымен 
қатар уәждеме заңдылығын кешенді түрде: уәждеменің 
онтологиялық қызметін, семантикалық қызметін, 
қолданыс әрекетін, лексика жүйесіне қатыстылығын 
ашып көрсетеді. 
Уәждеме теориясы жөнінде кандидаттық диссертация 
негізінде 
жазылған 
Ұ.Әділбаеваның, 


139
М.Сәрсембаеваның, Ж.Әкімішеваның еңбектерін атап 
өтуімізге болады.
Тіліміздегі өсімдік атауларының уәжділігі жайында 
жазылған Ұ.Әділбаеваның зерттеу жұмысында уәж, 
уәжділік теориясы туралы, олардың термин ретіндегі 
ролін, орнын, өзге ғылым салаларындағы уәжділіктің 
ұғымдық сипаттарын, сөзжасаммен байланысын
номинация 
теориясымен 
арақатынасын 
өсімдік 
атауларын негізге ала отырып жазған. Өсімдік 
атауларына байланысты уәжділікті төрт түрге бөліп 
қарастырады:
– дыбыстық уәжділік,
– морфологиялық-синтетикалық уәжділік,
– синтаксистік-аналитикалық уәжділік,
– лексика-семантикалық уәжділік. Зерттеуші сөзжасам 
тәсілдерінің негізінде осындай төрт түрге бөліп алып, 
уәжділікке мынадай анықтама береді: «Уәжділік – 
лексикологияның сөз бен заттың арасындағы ат беру 
сәтіндегі байланысын зерттейтін бөлімі». Уәжділік 
сөздердің жасалуындағы, атау мәніне көшудегі 
заңдылық деп есептелсе, лексикологияда олар тек 
дайын болған қалпынан кейін зерттеу нысаны бола 
алады. Ал уәжділікте сөздің жасалу процесі 
қарастырылады да, сөзжасамның нысанына енеді. Осы 
секілді пікір Ж.Әкімішеваның «Ою-өрнек атауларының 
уәждемесі және таңбалық табиғаты (линвомәдени 
аспект)» атты зерттеуінде кездеседі: «Уәждеме – ат қою 
сәтіндегі сөз бен зат арасындағы байланысты 
қарастыруды мақсат ететін, сонымен қатар тілдің 
белгілі бір даму кезеңіндегі сөз уәжінің жағдайын, 
табиғатын қарастыратын лексикологияның бір саласы». 
Автордың өзі зат пен атау байланысы ғалымдар 


140 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
зерттеуінде шашырандылық сипатта екендігін айтып 
өтеді: мотивировка, мотивировкалау, мотивация, 
мотивациялау, негіздеме, дәлелдеме, уәждеме деген 
терминдермен араласып келіп жататындығын сөз етеді. 
Дұрысы, 
«мотивированность» 
– 
уәжділік, 
ал 
«мотивация» – уәждеме деп атаған жөн. Себебі бүгінгі 
лингвистикада, 
сонымен 
қатар 
тіл 
бірліктерін 
зерттеудегі терминдердің алатын орындары осыны 
талап етіп отыр деген тұжырым жасаймыз.
Туынды сөздердің ішінде матаса байланысқан сөз 
тіркесінің лексикалануы негізінде жасалған атаулардың 
семантикасын, уәжділігін зерттеген М.Сәрсембаева 
диссертациясын ғылымда танылған:
– толық уәжділік; 
– жартылай уәжділік;
– жүйелі уәжділік; 
– жүйесіз уәжділік секілді бөлу арқылы жүйелейді. 
Зерттеуші 
өзге 
ғылым 
салаларында 
уәжділік 
терминінінің қолданылатынын ескере келіп: «Тіл 
білімінде қарастырылатын уәжділік – атау сөз бен сөзді 
белгілеп тұратын шындық өмірдегі, табиғаттағы заттар 
мен құбылыстар арасындағы байланыс» деп таниды.
Жоғарыдағы орыс тіл білімінде, қазақ тіл білімінде 
уәждемеге 
берілген 
анықтамаларды 
саралап, 
тұжырымдағанда:  уәждеме – әлемнің тілдік бейнесін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет