Қазіргі түркі тілдеріндегі сөзжасамдық Үдерістер шойбекова ғазиза бейсенбекқызы


Түркі тілдеріндегі туынды сөздердің уәжделуіндегі



Pdf көрінісі
бет47/54
Дата22.05.2022
өлшемі1,7 Mb.
#35309
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   54
Байланысты:
ҚАЗІРГІ-ТҮРКІ-ТІЛДЕРІНДЕГІ-СӨЗЖАСАМДЫҚ-ҮДЕРІСТЕР

Түркі тілдеріндегі туынды сөздердің уәжделуіндегі 
танымдық сипат 
Ұлттық менталитет туралы Европада ғасырдан астам 
айтылып 
келеді. 
Әлеуметтанушылар, 
мәдениеттанушылар, 
философтар 
ментальдық 
ерекшеліктер жайлы соңғы кезде көп жазып жүр. 
Еңбектерді қарап отырсақ, 1960 жылдардан бері қарай 
лингвистер де осы тақырыптағы біршама зерттеулерін 
ұсыныпты. Вильгельм фон Гумбольдт теориялық 
тұғыры мықты монографияны жарыққа шығарса, 
А.А.Потебня тілдің символикалық формаларын, ал 
Бодуэн де Куртене тілдің бейнелілік сипатын тілші, 
оқырман қауымға ұсынды. Бұл еңбектерден ұғымның, 
индивидтің рухани-символикалық байланыстарының 
тілде көрініс табуын байқауға болады. Вильгельм фон 
Гумбольдт ұлттың өзіне тән, іштей дамитын рухы бар 
деп есептейді. Осы рухтың қасиетін, сипатын, 
ерекшелігін 
шығарып, 
сақтаушы, 
ұрпаққа 
жалғастырушы күш тілден ғана табылады. Бұл 
ғалымның тілді адамның ойы мен санасы, мәдениеті 
және рухани өмірімен тығыз байланыста қарайтын тіл 
философиясына сай философиялық-лингвистикалық 
бағдарламасының негізін құрайды. Орыс ғалымы 
В.В.Колесов: 
«Историки 
восточной 
культуры, 
филологи, философы говорят, что менталитет – наивная 
картина мира, которая стремится к целостности, а не к 
полноте (как научная картина) она прагматична
эстетически оформлена и действует в модальности 
желания (мечта). Менталитет, в конечном счете, это 
“система смысловых или семантических полей», - деп 
жазды. 
Орыс 
ғалымының 
шығыс 
мәдениетіне 
жүгінуінің себебі, шығыс адамдары – көшпелі 


204 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
мәдениетті құрған, сол мәдениеттің, болмыстың, 
танымның нәтижесінде мағынаға негізделген тілдің 
иесі. Бұл орыс тілінде таным категориясының 
солғындығын көрсетпейді, бірақ шығыс (түркі, қазақ) 
халқының 
таным-түсінігі 
тереңде 
жатқанын 
пайымдағаны болса керек.
Қазақ ғалымдарының ішінен ұлттық танымның сөз 
тудырудағы 
қызметі, 
төл 
мәдениеттің 
сөзбен 
байланысы, ондағы концептінің рөлі туралы жазылған 
еңбектер бар. Тек қана тіл білімінде ғана емес, өзге 
ғылым саласындағылар да сөз бен таным арасындағы 
арақатынасты 
пайымдауға 
барған. 
Т.Жанұзақов, 
Ә.Болғанбаев, 
М.Оразов, 
Б.Қалиев, 
К.Хұсайын, 
Ә.Ахметов, Р.Шойбеков, А.Айғабылов, Ж.Манкеева, 
А.Салқынбай, 
Ғ.Есім, 
Е.Абақан 
сынды 
тілші 
ғалымдармен қоса философтардың еңбектерінде жүйелі 
түрде қарастырылды. К.Хұсайын ұлттық танымның сөз 
тудырудағы 
қызметін 
еліктеуіш 
сөздермен 
байланыстырады. 
Соның 
нәтижесінде 
тілдік 
фактілердің дыбыстық тек-тамырын анықтап, қазіргі 
тіліміздегі 
сөздердің 
дыбыстық, 
семантикалық 
ерекшеліктеріне 
фоносемантикалық 
құбылыстың 
тигізер әсерін айқындайды. Осы мақсатта қазақ тілі 
материалы негізінде, сонымен бірге керек жағдайда 
түркі тілдері материалдары бойынша бір және екі 
буынды түбір негіздер деңгейінде фоносемантика 
мәселесі зерттелді. Ә.Ахметов «Түркі тілдеріндегі табу 
мен эвфемизмдер» атты еңбегінде танымның сөз тудыра 
алу мүмкіндігін, ең бірінші, таңбалық сипатын, сосын 
тілдік: фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, 
фразеологиялық, эвфемизм, дисфемизм тұрғысынан 
қарастырып, ұлтымыздың таным-түсінігін сөз арқылы 


205
жеткізеді. Бұл еңбекте біздің ұлттық ерекшелігіміз, төл 
қасиетіміз табу мен эвфемизм тұрғысынан анық 
көрсетіледі. Күрделі атаулардың жасалу жолындағы 
ұлттық келбет сөз арқылы Б.Қалиев, Б.Қасым, 
Ж.Манкеевалардың еңбектерінен байқалады. Б.Қалиев 
өсімдік атауларының пайда болуы, жасалуы, мағыналық 
дамуы жайлы сөз етсе, Б.Қасым күрделі атаулардың 
жасалуындағы таңба мен ұғым, сөз арасындағы 
байланыстарды семасиологиялық, ономасиологиялық 
сипатта қарастырады. Ж.Манкеева қазақ тілінің заттық 
мәдениет лексикасының тарихи қабаттарын анықтап, 
олардың тарихи-лексикологиялық, этнолингвистикалық 
құрылымын көрсетеді. Ақын-жыраулар поэзиясындағы 
сөздердің 
таныммен 
тығыз 
байланыста 
екенін 
зерделейді. Бұл тұрғыдан алғанда ғалым кез келген 
нәрсеге емес, тұрмыста жиі қолданылатын етене жақын 
нәрселер, құбылыстар ұқсастырылады да, адам 
санасында ассоциациялық бейне туады. Сол мақсат
үшін құс, өсімдік, мал т.б. атауларымен параллель 
жасалатындығын айтады. Халықтың қоғамдық өмірінің 
ең алғашқы белгілерінің бірі ретінде пайда болып, 
дамып келе жатқан, ұлтымыздың ғасырлар бойы 
жинақтаған эмпирикалық бай тәжірибесінен нәр алып 
қалыптасқан, сан-түрлі атаулар халықтың жадында 
сақталып, сұрыпталып дамып, көбі соңғы кезге дейін 
жетіп, бүгінгі күннің кәдесіне жарап жүр. Ол сөздер 
біздің сан ғасырлық тарихымыздан ақпарат беріп қана 
қоймайды, олар - тілдік шығармашылықтың тірі 
қазынасы.
Ұлттың бүкіл тіршілігі, ғұмыры, жүріп өткен жолы 
тілде көрініс табады. Ұлттық болмысты танудың басты 
бірлігі – концепт. Қазақ ғылымында концепт ұғымы 


206 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
бүгінгі күнге дейін көп зерттелді деп айта алмаймыз. 
Е.Абақанның 
«Тілдің 
мәдени 
философиясы» 
монографиясында 
ұсынылған 
«абстрактылық-
символдық 
концепт» 
түсінігі 
сипаттамалы 
грамматикадағы 
концепт 
ұғымынан 
немесе 
лексикологиядағы таза ұғымды зерттеуге арналған 
«концептологиядан» өзінің зерттеу мақсатымен, жалпы 
алынған нәтижелерді пайымдауымен ерекшеленеді. 
Мұндағы негізгі ерекшелік дәстүрлі лингвистикадағы 
грамматика аясында қолданылатын семантикалық 
тәсілге 
байланысты. 
«Абстрактылық-символдық 
концепт» термині көптеген тілдік зерттеулерде 
бұрыннан бері қолданылып жүрсе де, сөздің мағынасын, 
таңбаның мағыналық мазмұнын белгілеуде ерекше 
қолайлы болып отыр»,- деп автордың өзі айтып өтеді. 
Монографиядағы автордың негізгі ойы – жазу мен 
ондағы таңбалар арасындағы сабақтастық. Осы 
сабақтастықты өзі ұсынып отырған термин аясында 
қарастырып, анықтауға болатындығын тілге тиек етеді. 
Абстрактылық концептердің өте көне замандарда пайда 
болып, қазіргі евразиялық тілдердің ажырамай тұрған 
кезінде белсенді рөл атқарғандығын автор «шеңбердің 
евразиялық түбірден көрінуі» арқылы көрсетеді. 
Мұндағы автордың негізгі идеясы дөңгелектік, бүтіндік, 
толықтық, аяқталғандық, яғни бір сөзбен айтқанда 
айналасы «рухпен қоршалғандық» мағынасымен сәйкес 
келеді. Автордың еңбектегі басты идеясы бүкіл 
тілдердің түп-төркіні бір деген ойға негізделеді. Бұл 
ойды зерттеуші түркі, санскрит, латын, славян 
тілдерінің деректерімен дәйектейді.


207
Танымдық жүйедегі тілдік таңбаның мәні сөздің 
мазмұндық 
жағын 
тереңдетеді. 
Қарым-қатынас 
актісінде әлемдік бейнені таңбалайтын ұғым-түсініктер 
сөз болып танылады. Мұндағы біз айтып отырған 
қарым-қатынас актісі табиғи болмыс пен адам 
арасындағы байланыс деп түсінген жөн. Сонымен қатар 
ұғым-түсініктермен алмасушы екі субъект, яғни 
адамдар қоршаған әлемді ұғынып, оған атау береді. 
Қоршаған әлемдегі заттар тілдік таңба арқылы 
таңбаланып, оны қарым-қатынас актісін іске асырушы 
екі субъект пайдаланады. Сондықтан, сөз – шындық 
болмысты бейнелейтін, ойды сыртқа шығарудың 
құралы. Сөз заттар мен құбылыстардың, идеялардың, 
таңбалардың динамикалық қозғалыстағы семиотикалық 
байланысы.
Қазіргі тілдік таңбалар тарихи тұрғыдан алғанда 
шындық 
болмыстан 
анағұрлым 
алыс. 
Себебі 
адамдардың алғашқы қабылдауы шынайы қабылдау да, 
осы арқылы жасалған сөз – шындықтың көрінісі. Ал 
қазіргі тіліміз түрлі дыбыстық өзгерістерге ұшырап
шындық болмыстан алыстаған, бірақ ажырамаған. 
Сөйтіп адамдардың мына өмірді қабылдауы – жарқын 
образдылыққа, жарқын образдылық нысанның идеясына 
алып келіп, белгілі бір таңбаға ауысты. Осыдан соң, біз 
сөзді гносеологиялық аспектіден – таным құралы 
ретінде қарастырамыз. Гносеологиялық аспектіден 
қарағанда, сөз – таңба мен оның мағынасы, сонымен 
қатар мазмұндық жиынтығы, ал нысан – зат пен оның 
мазмұны мен мәні.
Сондай-ақ 
сөзді 
бүтіннің 
бөлшегі 
ретінде 
қарастырамыз. Мысалы, адам санасында, миында 
қаншама процестер жүріп жатыр. Сол процестер тілді 


208 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
құраса, сөз – бүтіннің бір бөлшегі. Өте қарапайым, бірақ 
концептілік мәнге ие көк сөзін алып қарастырайық. 
Біздің тілімізде көк сөзінің түр-түс сипатына 
байланысты мағынасы да, мифтік мағынасы да, 
сонымен бірге атаулық (аспан атауы мәнінде) 
мағыналарының барлығы ғалымдар зерттеуінде талай 
айтылып жүр. Сондықтан біз мұның сөздік талдауына 
тоқталмастан, тек бүтіннің бөлшегі ретіндегі мына бір 
мағынасына тоқталамыз. Мысалы, аспан денесінің түрлі 
қым-қиғаш 
ерекшеліктеріне, 
ондағы 
түрлі 
планеталардың орналасқанына қарамастан, сондай-ақ 
аспанның 
географиялық, 
химиялық 
құрамына 
қарамастан, тек түр-түсі қасиетін ғана алып, жай көк деп 
атауымыздың өзі бүтіннің бір бөлшегін ғана қолданып 
жүргенімізге дәлел бола алады. 
Адам мен зат арасындағы байланыс метафизикада 
қарастырылады. Метафизика мифтік кезеңдегі шындық 
болмысқа негізделген. Адам мен зат арасындағы 
байланыс – төрткүл дүниедегі мәңгілік жол. Міне, осы 
өлшем, осы жол – концепт деп аталады. Концептке 
қарапайым анықтама бергенде зат пен ол туралы ойдың, 
сонымен бірге қарама-қайшылықтың бірлігі деп 
қараймыз [103, 29 б.]. Концепт – ұғымның негізі, өзегі, 
көзделген пішіннің мәні, потенциалды мәндердің бір 
ғана негізгі нүктесі. Терминнің өзін қарастырып 
отырсақ, екі түрлі мағына береді екен: conceptus ұғым, 
conceptum – дән, ұрық: алғашқы дәннен ұғымның пайда 
болуы. Алғашқы мән кейін алғашқы бейнеге айналып, 
одан тілдік таңба пайда болады. Қалай дегенмен, 
латынның екі сөзінің жаны, бастауы бір. Сөздің 
осындай 
ерекшеліктерінің 
бастауын 
концепт 
қарастырады. Ал концепт – когнитивті лингвистиканың 


209
қарастыратын бірлігі, ол тілдік формаларды ұлттық 
аспектіде зерттеуді ұсынады. Сонымен бірге концепт – 
ментальді генотип. Ол – ұлтқа ортақ архетип, алғашқы 
бейне, алғашқы ұғым, түсінік және т.б. өзінің өн бойына 
жинақтайды. Сананың концептуальды өрісі адаммен 
бірге пайда болған және адам жаратқан дүниелермен 
тікелей байланысты.
Тіл 
деңгейлері 
құрылымдық, 
семантикалық, 
стилистикалық жақтан әбден (қазіргі тіл тұрғысынан 
алғанда «әбден» деген ұғымды шартты түрде қолданып 
отырмыз) толықты. Бір буынды сөздер мағыналық 
жақтан дамып, түрлі мән үстеді.
Концепт – бәрінің бастауы, логостың ядросы, негіз, 
ойдың мәңгілік құндылық ретінде берілген архетипі. 
Концепт ұғымына анықтама бере отырып, логиктер 
оның үш түрін атайды: 
– жекелеген ұғымды белгілейді: белгілі жағдайға
құбылысқа дара, нақты мән үстейді, бейнелік пішіндегі 
нақты, актуальды мағынаны береді; 
– жоғарғы саналы типтік ұғым - өзінің көлемі жағынан 
себепті байланысқа негізделген уәж. Бұл тек 
байымдаудан шығып, объективті байланыстар мен 
қарым-қатынасты бейнелейді; 
– негізгі шешуші ұғым – объективті және нақты 
белгілердің негізіне сүйенбей-ақ, заттың, құбылыстың 
жаратылысы туралы адамның өзіндік қабылдауы. 
Мұндай ұғым мен түсінік контекстен де, теориядан да 
тыс символға жақын болуы мүмкін.
Сонымен, концепт (тіл білімінде концепт ұғымы кең 
және тар мағынада қолданылады. Біріншісі, тар 
мағынада ұғымның бастауы, екіншісі, кең мағынада 


210 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
бірнеше ұқсас ұғымдар жиынтығы) – белгілі бір ізге 
түспеген ең алғашқы, бастапқы мән; сөздің мазмұндық 
пішінінің, құрылымының, бейнесі мен символының өн 
бойына сіңген мәні, маңызы. Ал символ – таңбалардың 
бойындағы шексіз мағыналардың жиынтығы. Бұған 
қарап әлемдегі заттар мен құбылыстар жаратылғалы 
символдық мәнге ие деп пайымдауымызға болады. 
Символдық мәнге ие заттардағы белгілер мен 
ұқсастықтар сөздің макросемалылығына әсер етіп, 
мазмұнын байытып, ұғымдық сипатын молайтады. 
Сөйтіп, қабылдау, елестету, сезіну, түйсіну секілді 
этаптардан өтіп барып пайда болған сөздердің 
мағыналары бір-бірімен байланыста болады. Адам 
санасында пайда болған ұғымдар өте тығыз, бірінің 
соңын бірі ала қалыптасып, байланыста болады. ұғым 
арқылы пайда болған мағыналардың мазмұндық 
байланысы концептуалды байланыс деп аталып, оның 
өзара іштей мынадай типтері бөлініп шығады:
– импликациялық байланыс;
– классификациялық байланыс;
– таңбалық байланыс. 
Импликациялық байланыс – шынайы әлемнің адам 
ойымен байланысы. Бұл заттар мен заттар арасындағы 
байланыс, белгілі бөлшегі мен олардың бүтіндігі 
арасындағы байланыс, зат пен оған тән белгілердің, 
белгілер мен белгілердің арасындағы байланыс. Ойды 
ой түртетіні секілді белгілі бір затты көргенде пайда 
болған ой адам миындағы бұрыннан бар ойды оятып, 
оған қосымша мән үстеп, түрлі ұғымдардың 
жинақталған орнына айналады, сөйтіп атау тудыруға 
негіз болады. Импликациялық байланыстың бірден бір 
көрінісі – уақыт, кеңістік арасындағы байланыстар. 


211
Мағынаның 
импликациялық 
байланыстары 
макросемалы сөздердің мағыналары арасында көбірек 
байқалады.
Концептуалды 
байланыстардың 
екінші 
түрі 
– 
классификациялық байланыстар. Классификациялық 
байланыстар – заттардың белгілерін бір-бірінен 
айырушы құрал. Шындық болмыстағы заттардың 
белгілерін адам миында классификациялаушы құрал. 
Классификациялық 
байланыстардың 
екі 
түрі 
ажыратылып көрсетіліп отыр:
– заттың табиғи болмысына байланысты ерекшелігі;
– табиғи болмыс арқылы берілген ауыс мағынасы.
Біріншісі – затты ең алғаш көргенде пайда болатын 
ұғымдар. Екіншісі – сол затты көргеннен кейін пайда 
болатын ұғымдар. Әдетте метонимияны ассоциацияның 
нәтижесі деп қарайтынбыз. Енді оны «семантическое 
преобразование, при котором исходное значение 
импликационно индуцирует гиперсему производного 
значение, а само составляет его гипосему», - деп жазады 
ғалым М.В. Никитин. Осыған қарап, ұғым пайда болған 
кезде алғашқы мағынамен қоса мида қосымша 
мағыналар да пайда болады да, ол мағыналар кейіннен 
номинация тудыра алатын туынды атаулар, сонымен 
бірге метафоралы, метонимиялы ауыс мағыналарға да 
айнала алады.
Жалпы тіл білімінде тілтанушы ғалымдардың тілді 
бірде 
қоғамдық 
құбылысқа 
жатқызса, 
бірде 
биологиялық 
құбылыс 
аясында 
қарастырылуын 
қолдайды. Оны қоғамдық құбылыстағы биологиялық 
ағза деп тану дұрыс болар еді. Тіл ағза секілді үнемі 
қозғалыста, дамуда. Тілдің сөздік қоры, сөздік құрамы, 


212 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
сөз мағыналарының кеңеюі мен тарылуы, антонимдік, 
омонимдік, 
синонимдік 
мағыналар 
биологиялық 
заңдылық пен тілдің даму заңдылығына сәйкес келеді. 
Конверсиялық жолмен дамыған сөздердің мағыналық 
қырлары жіктеліп, сөздік қорға бірнеше мағыналы сөз 
ретінде еніп, жеке-жеке атау тудырады.
Қазіргі қазақ тілінде омоним деп танылып жүрген «ая–
ая» тұлғаларын номинативтік тұрғыда қарастырайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет