Қазіргі түркі тілдеріндегі сөзжасамдық Үдерістер шойбекова ғазиза бейсенбекқызы



Pdf көрінісі
бет49/54
Дата22.05.2022
өлшемі1,7 Mb.
#35309
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
ҚАЗІРГІ-ТҮРКІ-ТІЛДЕРІНДЕГІ-СӨЗЖАСАМДЫҚ-ҮДЕРІСТЕР

алақандай сөзінің белгілі бір көлемді, аумақты 
білдіретіндігінен байқауымызға болады. Шындығында 
алақандай жер тұрақты тіркесінің мағынасы  кішігірім 
жер мағынасының ауқымына сиып тұр. Ендеше,  aja – 
алақан – алақанның көлемі, бұған қоса аядай жер деген 
тіркес тағы бар. Оның мағынасы да алақандай жер 
деген ұғыммен тең тұр; мұндағы  aja – аумақ, көлем 
мағынасына пропорционал. Бұл сөзжасамның уәждеме 


215
заңдылығымен жасалған. Аудан сөзінің кеңейіп-
тарылуы туралы лингвист ғалым Қ.Жұбанов: «Бұрын 
алақанның ауданындай деп аудан сөзін конкрет орында 
қолданбайтын едік. (үй ауданы…) Қазір аудан сөзі 
әкімшілік, территория дегенді білдіреді. Бұл 
мағынаның шақталғанына мысал», – деп мағынаның 
кеңеюі туралы дұрыс пікір айтқан.
Біз aja сөзін алақанмен, оның жылылығымен 
салыстырып айтып отырмыз. Ал тарихи сөзжасамды 
семантикалық 
тұрғыдан 
қарастырған 
ғалым 
А.Б.Салқынбай: «Шеңбер формасына байланысты тағы 
бір лексема  айа  көне түркі тілінде  айа – алақан деген 
мағынаны берген, айға мотивтендіріліп пайда болған 
номинация», – деп жазып, біз таныған айа-дан да 
тереңірек пікірді айтқан. Осы пікірді негізге ала 
отырып, айа сөзі айдың шеңбер формалы екендігіне 
байланысты атау болып қалыптасса, міндетті түрде 
біздің 
тіліміздегі 
нағыз 
концептілік 
ұғымда 
қарастырылатын сөз деп ұғынуымызға болады.
Қазіргі тіліміздегі Ая ІІ зат, қойнау, баурай мағынасы 
көне түркі тіліндегі аялау, мәпелеу, әлпештеу 
мағыналарына сәйкес келеді. Себебі адам аялап, 
әлпештегенде құшағына тартады, бауырына алады. 
Өзінің аясында тәрбиелейді. Мысалы, Жер-ана бізді 
өзіне тартып, бойындағы бүкіл нәрін береді. Жер аясы, 
жер құшағы, жер қойнауы, жер баурайы деген синоним 
сөздермен салыстыруға болатыны тілдік факт. 
Жоғарыда көрсетілгендей айа сөзінің 5 (бес) мағыналық 
жіктелісі белгілі болды. Олар: 
– ая: алақан мағынасы нысанның қасиетінен аялы 
алақан, қимыл-қозғалыс қызметінен аялау, аяу сөздері, 


216 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
ал нысанның көлемдік пішінен көлем, қойнау, баурай, 
аумақ мағыналары тараған; 
– ая: аялау алақанның қозғалыс қызметінен пайда 
болған; 
– ая: құрметтеу, сыйлау, әлпештеу, жылылық сыйлау
мағыналары  алақанмен аялау мағыналарынан туындап 
отыр; 
– ая: көлем алақанның сыртқы тұрпатынан өлшемдік 
мағына туындаған; 
– ая: қойнау, баурай көлемдік мағынадан пайда болып, 
семантикалық тәсіл арқылы мағыналық тарамдануға 
түскен. 
Ендеше айа тұлғасы – бүтіндей бір сема, ол белгілі бір 
уақыт 
мөлшерінде, 
ғасырлар 
қойнауында 
микросемаларға 
жіктеліп, 
конверсияланған 
сөз, 
номинация. 
Тіліміздегі сын есім табиғаты адамның бағалауыштық, 
ұқсастырушылық қасиетімен байланысты. Вильгельм 
фон Гумбольдттің айтқан «Тіл – халықтың рухы» деген 
сөзі осыны айғақтайды. Баға берушілік қабілеті бар, 
сын-сапаны білдіретін сөздерді адамдар көбірек 
пайдаланады. Себебі бір затты көргенде немесе бір 
құбылысты байқағанда адам миына сигнал барып, өзі 
көріп тұрған зат пен құбылыстың ерекше белгілерін 
жинақтайды. Ол белгілер сыртқа сөз арқылы шығып, 
таңбаланады. Адамзат баласына ортақ жоғары-төмен, 
ақ-қара, ұзын-қысқа, жұмсақ-қатты, аз-көп, бар-жоқ 
секілді ұғымдар бар. «Жоқ» концептісіне байланысты 
«бос», «қуыс», «құрғақ», «кебу», «ада» т.б. мәнді сөздер 
өздерінше танымдық ұя құрайды. Осы ұяға енетін «бос» 
сөзі түрлі мағыналарымен ұяның бір тармағын 
толықтыра түседі. 


217


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет