Қазіргі түркі тілдеріндегі сөзжасамдық Үдерістер шойбекова ғазиза бейсенбекқызы



Pdf көрінісі
бет45/54
Дата22.05.2022
өлшемі1,7 Mb.
#35309
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   54
Байланысты:
ҚАЗІРГІ-ТҮРКІ-ТІЛДЕРІНДЕГІ-СӨЗЖАСАМДЫҚ-ҮДЕРІСТЕР

жұмыстың аяғы, жиналыстың аяғы, ауыспалы мәнде 
жұмсалатын аптаның аяғы, жыл аяғы, биік заттың аяқ 
жағы т.б. мағыналары бар. 
«Аяқ» 
сөзінің
мағыналық 
дамуына сыртқы 
факторлармен қатар ішкі факторлар да әсер еткен. 
Жоғарыда «аяқ» сөзін айырылу, ажырау мағыналарынан 
тараттық «Ай+ақ» – ай-ырылу, й~д сәйкестігі арқылы 
ад+ырылу, д ~ ж сәйкестігі арқылы аж+ырау, ж ~ т 
сәйкестігі арқылы аяқтың қозғалысы ат+тау пайда 
болса, екіге жарылудан т ~ с сәйкестігі арқылы ас+у, 
ату, асу, ашу сөздерінің де мағыналық дамуын осы 
қалыпқа салып талдауымызға болады.


192 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
Көпмағыналылық 
негізінде 
туындаған 
атаулық 
мағынаның өзіне тән осындай ерекшеліктері бар. Олар 
тек семантикалық тәсіл арқылы ғана емес, ғасырлар 
қойнауында дыбыстық өзгерістерге ұшырап барып 
мағыналық дамуға түседі. В.В.Виноградов өзінің 
зерттеу 
мақаласында 
көпмағыналы 
сөздерді 
туыстықтан, 
жақындықтан 
ажырағаннан 
кейін, 
сөзжасам процесі тоқтаған соң пайда болады деп 
пайымдаған еді. Ағылшын ғалымы Дж. Лайонз 
көпмағыналы 
сөздерді 
сөзжасамның 
нысанында 
қарастыруды 
ұсынады. 
Көпмағыналы 
сөздерде 
мағынаның жақындығы байқалғанмен, ол мағыналар 
бір-біріне тең емес. Бұл макросеманың микросемаларға 
жіктелуі деп есептеледі. Ал макросема мен микросема 
бір-біріне тең емес екендігі осыдан байқалады. Сөздер 
мағыналық дамуға түскен уақытта түрлі мағыналық 
ерекшеліктерді басынан кешіріп, кіші семаларға 
ажырайды. Демек, алғашқы архисема негізінде 
қалыптасқан, ортақ семасы сақталған, осының негізінде 
айырушы сема, өзек сема, арнайы сема, ерекше сема 
бөлініп шығады. Олардың бәрі бір сөз арқылы 
тарағанымен аттары әрқилы, сол себепті де мағыналары 
да біркелкі бола алмайды. 
Сөзжасам мен көпмағыналылық арасындағы аналогия а) 
жүйелілік пен жүйесіздік; ә) өнімділік пен өнімсіздік 
сияқты 
категориялардан 
байқалады. 
Тура 
көпмағыналылық арқылы жасалған туынды сөздер 
жүйелілік категориясымен жасалса, метафоралық, 
метонимиялық жолмен жасалған туынды атаулар 
ауыспалы мағынада келіп «жүйесіздік» категориясы 
арқылы пайда болған деп тіл білімінде түсіндіріледі. 
Жүйелі көпмағыналылықтың көптеген типтері сөз 


193
жасауда өнімділік танытады. Қазіргі синхронды жүйелі 
модельмен 
жасалған 
туынды 
сөздер 
кейінірек 
диахронды аспектіден қаралады.
Көпмағыналы сөздердің мағыналық құрылымын былай 
бөліп қарауымызға болады: а) негізгі мағынасы (кең 
таралған, қолданыстағы мағынасы), ә) өзге мағынасы 
(кең 
таралмаған, 
негізгі 
мағынадан 
кейінгі), 
эмоционалды-экспрессивті 
мағынасы. 
Сөздің 
мағыналық құрылымы тарихи тұрғыдан өзгермелі және 
даму үстінде. Лексеманың тарихи даму процесінде 
сөздің 
мағыналық 
құрылымының 
күрделілігін 
мағыналардың қайсысының алғашқы, қайсысының 
туынды мағына екенін, әсіресе, бір түбірлі сөздерден 
айқындау қиынға соғады. Сөздіктегі бірінші тұрған 
мағынаны негізгі, қалғандарын туынды деп тануымызға 
бола ма деген сұрақ туындайды. Бұған біздің берер 
бірден бір жауабымыз: сөздікте берілген бірінші 
мағынасы барлық уақытта бірінші орынға шыға 
бермейді. Олардың мағынасы тек лингво-семантикалық 
терең талдаудың негізінде ғана ашыла алады.
Сөздер өз мағыналарын неге, қалай өзгертеді деген 
сұраққа біз барлық уақытта жаңа сөздер олармен бірге 
жаңа мағыналар туындайды деп жауап береміз Жаңа 
ұғым пайда болғанда ол өзіне жаңа сөз іздейді. Бұған 
қоса адамның ойлау деңгейін қосыңыз. Мағынаны 
зерттеудің жолдары түрлі-түрлі. Этимологиялық және 
семасиологиялық 
зерттеулер 
жолы 
екі 
түрлі 
болғанымен олар бір-бірін толықтырып отыратын 
категориялар. Мысалы, сөздің этимологиясын табу үшін 
оның 
мағыналарын 
зерттеуге 
тура 
келеді. 
Семасиологияны зерттеуге моносемия мен полисемия, 
полисемия мен омонимияның байланысы көмекке 


194 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
келеді. Семасиологиялық категорияларды зерттеуімізге 
тілде барлық лексикалармен жұмыс істеу қажеттігі 
туады 
Сөз мағыналарын зерттеуде синхрония мен диахрония 
қажет-ақ. Сөздің синхронды мағыналары диахронды 
мағынаның негізінде жасалады. Сонымен қатар 
синхронды мағыналар диахронды мағыналарды жоққа 
шығарады. Осының негізінде тіл дамуындағы қарама-
қайшылықтар көрінеді. Бірақ тілдегі мұндай қарама-
қайшылықтар да белгілі бір заңдылыққа сүйеніп 
жасалады. Бәрібір онда диахронды мағынаның бір ізі 
қалады. Мысалы, сарай - үлкен, кең сарай – диахронды 
мағынасы; сарай – ет-мет, қоқым-соқым тұратын сарай. 
Екеуіне диахронды ортақ мағына белгілі бір үй, орын, 
мекен-жай мағынасы қалған.
Жалпы тілдегі көпмағыналылық пен омонимия 
құбылысының 
арақатынасын, 
сыр-сипатын 
қарастырғандар 
М.Задорожный, 
П.А.Соболев, 
У.Вейнрейх екі құбылысты салыстыра тұрып, олардың 
арасындағы принциптерін, амал-тәсілдерін санамалап 
көрсетеді. М.И.Задорожный көпмағыналы сөздер мен 
омонимдердің нақты тілдік үш критерийін тізіп береді: 
– 
сөздердің генетикалық 
байланысын іздейтін 
этимологиялық амал; 
– таңбалаушының лексика-семантикалық байланысы 
мен 
тұлғалық 
және 
сөзжасамдық 
модельдерге 
негізделген тұлғалық амал; 
– таңбаланушының өзара қатынасын білдіретін 
семантикалық амал. Орыс ғалымы көрсетіп кеткен осы 
үш амал екі құбылыстың ара-жігін ашып беруге 


195
септігін тигізеді. Автор көптен бері этимологиялық 
амалдың тілшілердің қолдамай жүргендігін айтады.
Тұлғалық 
амалды 
тілді 
құрылымдық 
жағынан 
қарастырғанда көмекке келетін құбылыс ретінде 
танимыз. Бұл амалмен 3, 4, 5 буынды туынды сөздердің 
мағыналық дамуын байқауымызға болады. Тұлғалық 
амалдың қазақ тіліндегі сипаты мынадай: 
Көрсеткіш 1. Өнімнің мөлшері. 2. Жұмыстың нәтижесі. 
3. Тех. Мөлшер дәрежесін білдіретін құрал. 
Жылпылдақ 1. Жылп-жылп еткен, жылпылдап тұрған. 2. 
Біреудің асты-үстіне түсетін епті, қошеметшіл, жылпың 
адам. Тұлғалық амалда екі сөздің де түбірі көптеген 
сөздерге негіз болып және ол сөздер жеке дара тұрғанда 
көпмағыналылықты негіздейді. Көп буынды сөздер 
конверсияға 
аз 
ұшырайды. 
Сонымен 
бірге, 
семантикалық амал таңбаның өзара мағыналық 
байланысын айқындайды. Көпмағыналы сөздер өзара 
мағыналық байланыста болып, сол байланыс арқылы 
жаңа туынды мағыналарға әсер етеді.
Қазақ ғалымдары көпмағыналы сөздер мен омоним 
сөздердің арасындағы айырмашылықты көрсету үшін 
ана тілі табиғатына сүйенеді. Көпмағыналы сөздер мен 
омонимдер мағыналарының көп болуы жағынан ұқсас 
келеді. Бірақ бұлар бір-бірінен ажыратылады. Олардың 
арасындағы айырмашылық көпмағыналы сөздерде 
мағыналық байланыс бар да, омоним сөздерде 
мағыналық байланыстың болмауында. Қазіргі қазақ 
тілінде жиі қолданылатын бір буынды түбірлер туынды 
түбірлерге қарағанда сан мөлшері жағынан әлдеқайда аз 
болса да, сөздің лексика-семантикалық қолданылуы 
жағынан алуан түрлі қызметке ие болады. Мұндай 


196 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
сөздерді М.Белбаева омоним сөздер деп көрсетеді. 
Мысалы: 
Без зат. Адамдар және жануарлар организмінде арнаулы 
заттар – секреттер бөліп шығаратын орган. 
Без. Ет. Қашу, зыту. 
Бос. Сын. Ішінде ештеңе жоқ, құр түрған. 
Бос. Сын . Ақысыз, пұлсыз, тегін. 
Бір. Сан. Есептік санның алғашқысы. 
Бір. Сын. Пара-пар, тең, бірдей. 
Бір. Үст. Аралас-құралас, бірге. 
Бүр. Зат. Өсімдіктер мен ағаш бұтақтарының жапырақ 
түйіні. 
Бүр. Ет. Шеңгелдеп бас салып, тырп еткізбеу. 
Дәм. Зат. Түрлі тағамдардың әсерінен ауыз қуысында 
пайда болатын сезім. 
ІІ. Дәм. Зат. Ас, тағам, тамақ. 
І. Ден. Зат. Адамның он екі мүшесі, тән. 
ІІ. Ден. Сын. Басым көпшілігі, жартысынан көбі. 
ІІІ. Ден. Ден қойды, көңіл қойды, ықылас салды 
[М.Белбаева. Қазақ тілінің омомнимдер сөздігі. А., 
1988]. 
Ғалым М. Белбаева бұл сөздерді омонимдік қатарларға 
енгізеді. Бірақ олардың арасындағы мағыналық 
байланыстың бар екендігіне назар аудармайды. 
Сөздіктің алдында жалпы омонимдерге сипаттама беріп 
өтеді. 
Көпмағыналылық 
пен 
омонимияның 
арақатынасына да тоқталады: мәселен «ауаны ішке 
тартып, сыртқа шығарып тұратын дене мүшесі деген 
мағынадағы өкпе сөзі мен реніш, наз мағынасындағы 
өкпе сөзінің омонимдес екендігі ешбір күмән 
тудырмайды. Басы ашық-айқын омонимдес сөздер 


197
болғандықтан, бұлар полисемиялы сөздерден оңай 
ажыратылады» – дейді. Біздіңше, өкпе~өкпе сөздерінің 
«ешқандай күмән тудырмауы» мүмкін емес. Мұнда 
ғалым М.Белбаева өкпе сөзінің бір ғана мағыналық 
қыры 
жағынан қарастырып тұр. 
Ал 
өкпенің 
былқылдақтығы 
не 
болмаса, 
оның 
көкіректе 
орналасуына байланысты көкірегіне түйіп – өкпелеп 
қалу мүмкіндігі ескерілмеген. Лексиколог Ә.Болғанбаев 
көпмағыналы сөздер мен омонимдердің арақатынасын 
былай анықтайды: «Сөз семантикалық жақтан дами 
келе мағыналық шеңберін сонша кеңейтіп, әрі мағына 
бір-бірінен өзара алшақтай бастайды. Бара-бара ондай 
мағыналардың бір негізден шыққандығы ұмытылып, 
тұлғасы бірдей бірақ мағынасы үйлеспейтін омоним 
сөздер сияқты дербес өмір сүре береді». Омоним 
сөздердің арасындағы үйлесімділіктің бар екенін 
ескерткен.
Қазіргі тілімізде омоним сөздер деп танылып жүрген 
сөздердің дербестігі ежелгі құбылыс емес, сөздер мен 
морфологиялық формалардың тарихи дамуының жемісі.
Байырғы түбірлердің бір буынды болып келгені белгілі. 
Бір буынды түбір сөз мағыналық жақтан дамыған. Көне 
бір буынды сөздер түркі тілдерінің қайсысын алып 
қарасақ та бәрінде сақталған. Бүкіл тілдердің сөздік 
қорын бір буынды түбірлер қалайды. Біздің пікірімізше, 
бір буынды сөздер түркі тілдес халықтарға ортақ 
Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен бұрын болған.
Біздің мұндай пікіріміздің негізі И.А.Батманов, 
Ғ.Айдаров еңбектерінде жатыр. М.Томанов «екі буынды 
түбірлердің қалыптасуы, түбірдің, буын санының 


198 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
ұлғаюы өте ертеде Орхон-Енисей жазбалары дәуіріне 
дейін әбден орныққанын» айтады. 
Сөзің көпмағыналылығы – семасиологияның үлкен бір 
проблемасы. Полисемиялы сөзді ойлау жүйеміздің 
ерекшелігімен түсіндіруге болады. Сөз жалпының және 
жекенің бірлігінен тұрады. Оның мағынасы түрлі 
белгілердің жиынтығынана құралады. Түрлі белгілер 
біздің санамызда жинақталып, оларға ортақ сема – 
негізгі мағына болып қалуы мүмкін немесе қызметіне, 
түр-түсіне, сапасына, байланысты түрліше сипатталуы 
мүмкін. Осылай десек те, бұл екеуінің өзіне тән 
айырмашылықтары 
жетерлік. 
Біріншіден, 
бір 
құбылыстың немесе заттың өзіндік белгілері бір нүктеге 
бірден жинақталып, ассосацияланып мағына құрайды. 
Екіншіден, бірден жинақталмай, бірінен соң бірі 
сатылап келуі мүмкін. Жинақтау, жалпылау принципі 
біздің тіліміздің, ойлау жүйеміздің ерекшеліктерімен 
айрықшаланады. Полисемия – адам танымының жемісі. 
Полисемияны зерттеу үлкен ғылыми және практикалық 
қызығушылықты тудырады. Сөздің бір мағынасының 
негізінде тілдің түрлі даму процесі жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет