Қазіргі түркі тілдеріндегі сөзжасамдық Үдерістер шойбекова ғазиза бейсенбекқызы



Pdf көрінісі
бет48/54
Дата22.05.2022
өлшемі1,7 Mb.
#35309
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54
Байланысты:
ҚАЗІРГІ-ТҮРКІ-ТІЛДЕРІНДЕГІ-СӨЗЖАСАМДЫҚ-ҮДЕРІСТЕР

Ая ~ ая ~ ая ~ ая ~ ая сөздерінің семантикалық тәсіл 
арқылы дамуы 
М. Белбаеваның «Қазақ тілінің омонимдер сөздігінде» 
«ая» (айа) сөзінің омонимдік қатарда тұрған үш 
мағынасы берілген: 
Ая І зат. Аумақ, көлем, мөлшер 
Ая ІІ ет. Біреуге жаны ашу, есіркеу. 
Ая ІІІ зат. Қойнау, баурай. 
ҚТТС-та да ая сөзінің дәл осындай мағыналары 
берілген. Сөз мағыналарының дамуын конверсия деп 
көрсету үшін олардың арасында мағыналық байланыс 
болу керек. Үш атауға ортақ сема бар, бірақ олар әлсіз 
байланыста тұр. Тарихи-семантикалық аспектіден 
зерттеп, қарастырмайынша, бұл сөздің мағыналық 
сипаты ашылмайды, ортақ семаны табу қиынға түседі. 
Қазіргі қазақ тілінде Айа тұлғасы үш мағынаны иеленсе, 
көне түркі тілінде алты мағынада қолданылғаны 
байқалады. 
Aja І ajaca as bermіs – алақанмен ас беру 
Aja ІІ жарқанат 
Aja ІІІ alp aja алып батыр 
Aja ІY aja acіv emgek – ауыр қайғы 


213
Бұдан өзге екі мағынасы жоғарыдағы сөздерге 
қосылмастан жеке сөздік ұяда берілген. 
Aja І аялау 
Aja ІІ ajіrla құрметтеу [ДТС].
Айа сөзінің мағыналары екі сөздік ұяда орналасқанмен, 
арасында 
генетикалық-семантикалық 
кодтың 
жалғастырып тұрғаны байқалады. Әлемнің тілдік 
бейнесі мен олардың лексикалық жүйеден орын алуына 
концепт арқылы пайда болған символдық атаулар 
(генетикалық-семантикалық код арқылы жалғасқан 
мағыналар шоғыры) әсер етеді. Олардың мағыналық 
жақтан сәйкесіп, байланысып тұрғанын таратып 
көрсетейік. 
Көне мағыналарын білмей, қазіргі тілдік тұлғаларының 
мағына жақындығына қарап негізгі мағынасы аумақтық, 
көлемдік, мөлшерлік мағыналары деген қорытындыға 
келген болатынбыз. Этимологиялық жақтан көне түркі 
мағынасына үңілгенде бұл туынды мағына екендігіне 
көз жеткіздік. Тарихи аспектіден қарағанда туынды 
номинация болуы заңды құбылыс. Көне түркі тіліндегі 
және қазіргі тілдегі мағыналық қырларын саралап,  айа 
тұлғасының негізгі мағынасы  Aja І  алақан  мағынасы 
болуы мүмкін. Бірінші сөздік ұядағы Aja І алақан 
мағынасынан екінші сөздік ұядағы Aja І аялау
әлпештеу мағыналары пайда болған, яғни  алақанмен 
сипау, жылылық беру, аялау. Екінші сөздік ұядағы aja ІІ 
тұлғасынан аялау мағыналық қырлары дамып отыр. 
Демек, адамдардың бірін-бірі сыйлауы, аялауы, 
құрметтеуі. 
Бірінші сөздік ұядағы Aja ІІІ тұлғасының бір семалық 
қыры  alp aja – аяушы алып, немесе жанашыр алып. 


214 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
Осыған қарап, жанашыр алып батырдың өз халқын 
алақанына салып, аялап қорғаштағаннан елі, жұрты оған 
alp aja деген атақ берген деген ой түйеміз. Бұл туынды 
номинация ел-жұрттың, адам ұғымындағы батырға, 
алыпқа деген сенімін байқатады. 
Бірінші сөздік ұядағы Aja 
ІІ 
– 
жарқанат 
мағынасындағы тұлғаның  aja аталуына не себеп деген 
сұрақ туындайды. Бұл сөз көне түркі тілінде 
кездескенімен қазіргі тілдер тармағында өзгеше 
дыбысталады. Мұны куршапалак (өзбек), жарғанат 
(қарақалпақ), биттир (қарашай-балқар), иараша (түрік), 
шәпирәң (ұйғыр) секілді тұлғалардан байқауымызға 
болады. 
Сонымен, көне түркі тіліндегі aja тұлғаларына ортақ 
мағына алақан, алақанмен аялау, әлпештеу, құрметтеу, 
жылылық сыйлау болды. Қазіргі қазақ тіліндегі Ая ІІ 
қимыл мағынасы біреуге жаны ашудан өзге Ая І заттық 
аумақ, көлем, мөлшер және Ая ІІІ заттық қойнау, 
баурай мағыналық қырларының жіктелуіне, сөйтіп жаңа 
номинацияға ие болуына мынау себеп болған: 
Қазіргі қазақ тіліндегі Ая І аумақ, көлем мағынасы көне 
түркі тіліндегі Aja – алақан мағынасынан тараса керек. 
Бұған дәлел алақандай жер деген тіркес. Мұны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет