Салаларының бірі ауыл шаруашылығы


Адаптация (лат. adaptatіo — бейімделу) –



Pdf көрінісі
бет8/240
Дата03.06.2022
өлшемі1,04 Mb.
#36248
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   240
Адаптация (лат. adaptatіo — бейімделу) адаптация; 
жануарлар организмі құрылысы мен қызметінің 
тіршілік ортасына бейімделуі.
Адаптометр – адаптометр; көздің ортаға бейімделу 
қабілетін анықтайтын аспап.
Адвентициальная жасуша (лат. adventіtіus – келім-
сек және жасуша) – адвентициялық жасу-
ша, адвентициялық жасуша; қан және лимфа 
тамырларының сыртқы борпылдақ дәнекер ұлпалы 
қабығында кездесетін жетілмеген және шала 
маманданған жас жасуша. 
Адвентициальная оболочка (tunіka adventіtіa; 
лат. tunіka – қабық, adventіtіus – келімсек) 
– адвентициялық қабық; дене қуыстарынан 
(көкірек, құрсақ, жамабас) тыс орналасқан түтікше 
мүшелердің (жұтқыншақ, көмекей, өңеш пен 
кеңірдектің мойын бөліктері және тік ішек пен 
қынаптың соңғы бөлімдері, қан және лимфа тамыр-
лары) сыртқы борпылдақ дәнекер ұлпалы қабығы. 
Адвентиция – адвентиция; адвентициялық қабықтың 
қысқа атауы (қаптама қабық). 
Адгезия (лат. adhaesіo — жабысу) – адгезия; фагоцитоз 
кезінде қармалатын заттардың (бактерия 
лардың, 
қызметін тоқтатқан жасушалар мен олардың 
бөлікшелерінің және т.б.) ұлпалар макрофагтары 
(моноциттер туындылары) мен микрофагтардың 
(лейкоциттер) плазмолеммаларына жабысу процесі. 
Аддисона болезнь – Аддисон дерті; бүйрекүсті безінің 
қыртысты заты қызметінің бұзылуына байланысты 
өрбитін ауру. 
Аддуктор (adductor; лат. ad — ішке қарай; duco — сер-
пу, яғни ішке тарту, жақындатқыш) – аддуктор, 
жақындатқыш; жануарларда алдыңғы және артқы 
аяқтардың көпбілікті буындарына әсер ете отырып, 
аталған мүшелерді дене тұлғасына жақындататын 
бұлшықет. Аддукторларға иық буынына әсер ететін 


13
“жауырынасты бұлшықеті”, жамбас-ортан жілік бу-
ынын қозғалтатын “сымбат бұлшықеті” және “санды 
жақындатқыш бұлшықет” жатады.
Аддукция (лат. adductіo – жақындау) – аддукция, 
жақындау; организмнің (оң, немесе сол) бүйір 
аумағынан омыртқалы жануарлар денелері омыртқа 
жотасының бойымен өтіп, оларды тепе—тең екі 
жарты бөлікке бөлетін орталық сагиттальды (лат. 
sagіtta — жебе) жазықтыққа, яғни, ішкі орталық 
жазықтыққа қарай бағытталған қозғалыс. Аддукци-
яны іс жүзіне асыратын бұлшықеттерді “аддуктор-
лар” деп атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет