Салаларының бірі ауыл шаруашылығы



Pdf көрінісі
бет6/240
Дата03.06.2022
өлшемі1,04 Mb.
#36248
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   240
тофагосомалар – деп атайды. 
Автофлуоресценция (грек. autos — өзім, өздігінен; 
fluorіs — жарық; лат. escent — әлсіз әсер) – автоф-
луоресценция; гистологиялық жонындыларды 
флуоресцентті микроскоп арқылы ультракүлгін, 
күлгін, немесе көкшіл сәулелермен зерттеген кез-
де, жануарлар ұлпалары құрамындағы заттардың 
сәулелі қуат (энергия) әсерінен қозуы нәтижесінде 
зерттеу нысанының өздігінен қысқамерзімдік 
жарықтану қабілеті. Нысанның жарықтануы — 


10
жарық спектрінің көрінетін көгілдір түсті аймағында 
байқалады.
Агалактия (грек. a — жоқ, galactos — сүт; лат. lac – 
сүт) агалактия, сүтсіздік; желіндегі сүттің түзілу 
процесінің тиылып тоқтауы. Желінсау, аусыл, 
іштастау, эндокринді бездер қызметінің бұзылуы 
т.б. себептерге байланысты желін паренхимасы 
бұзылып, оның орнын дәнекер ұлпасының басуы 
салдарынан өрбитін дерт.
Агаммаглобулинемия (a — жоқ және гаммаглобу-
лин) – агаммаглобулинемия, гаммаглобулинсіздік; 
қандағы гаммаглобулиннің жеткіліксіздігі.
Агломерация (лат. agglomero — қосу, жинақтау) – агло-
мерация; қоспа түзу.
Агглютинация 
(лат. agglutіnatіo – жабысу, 
желімдену) – агглютинация, жабысу, желімдену; 
өзіндік антигендік қасиеттері бар сұйықтағы қан 
жасушаларының, мысалы эритроциттердің, ар-
найы антиденелер – агглютининдердің әсерінен 
бір-бірмен жабысып тұнбаға түсуі. Агглюти-
нация реакциясы қан топтарын анықтау үшін 
қолданылады.
Агглютинины – агглютининдер; эритроциттерді неме-
се басқа заттарды жабыстырып желімдейтін заттар, 
антиденелер. 
Агглютиногены – агглютиногендер; антиденелермен 
әрекеттесетін антигендер.
Агевзия – агевзия; дәм сезімталдығының (татымның) 
жоғалуы.
Агенезия (грек. a — жоқ және genesіs – шығу тегі, 
жетілу) – агенезия, кемтарлық; түрлі себептерге (зи-
янды сәулелер, улану т.б.) байланысты жыныс жа-
сушалары хромосомаларындағы ақауларға сәйкес 
кейбір дене мүшелерінің туа жетілмей қалуы, төлдің 
кемтар тууы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет