Салаларының бірі ауыл шаруашылығы



Pdf көрінісі
бет3/240
Дата03.06.2022
өлшемі1,04 Mb.
#36248
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   240
А
А (грек. а – бей, жоқ) – халықаралық ветеринарлық 
және морфологиялық терминологияда сөз тіркестері 
ретінде қолданылатын терминдерде «бей», неме-
се «жоқ» — деген болымсыздық мағына беретін 
сөз алды қосымша. Мысалы, амитоз (грек. а – жоқ, 
mіtos — жіп) – жіпсіз, яғни жасушаның хромосома 
жіпшілерін түзбей—ақ бөлінуі. 
aa (лат. — аnа) – теңдей, бірдей мөлшерде. 
Абазия – абазия; жүруден қалу, жүре алмау.
Абдомен (лат. abdomen — құрсақ) – абдомен, құрсақ 
(дененің құрсақ бөлігі); құрсақ қуысы (лат. cavum 
abdomіnіs) – диафрагмадан (көкірек қуысы мен 
құрсақ қуысы шекарасындағы көкет) жамбас қуысы 
кіреберісіне дейінгі аралықтағы дене қуысы.
Абдуктор (лат. abductor; ab — сыртқа қарай; duko – сер-
пу, яғни алыстатқыш, алшақтатқыш) – абдуктор, 
алыстатқыш; жануарларда алдыңғы және артқы 
аяқтардың көпбілікті (көпосьті) буындарына әсер 
ете отырып, аталған мүшелерді денеден алыстатып 
алшақтататын бұлшықет. Абдукторларғы иық бу-
ынын денеден алшақтатын “қырарты бұлшықеті” 
және жамбас-ортан жілік буынын сыртқа қарай тар-
тып қозғалтатын “терең бөксе бұлшықеті” жатады. 
Абдукция (лат. abductіo — сыртқа серпу, алыстау) 
– абдукция, алыстау; омыртқалы жануарлардың 
денелерін омыртқа жотасының бойымен өтіп, тепе—
тең екі жарты бөлікке бөлетін сыртқа (дененің оң не-
месе сол жағына) қарай бағаттылған қозғалыс, яғни 
дене мүшелерінің тұлғадан алыстауы. Жануарлар 
организміндегі аталмыш қозғалысты іс жүзіне асы-
ратын бұлшықеттерді “абдукторлар” — деп атайды. 
Абиотические факторы (грек. a – жоқ, bіotіcos — тірі) – 
абиотикалық факторлар, тіршіліксіз факторлар; тірі ор-


7
ганизмдерге әсер ететін бейорганикалық орта факторла-
ры (температура, ылғал, ауа қысымы, топырақ т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет