Салаларының бірі ауыл шаруашылығы



Pdf көрінісі
бет4/240
Дата03.06.2022
өлшемі1,04 Mb.
#36248
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   240
Абомазотомия (лат. abomasum — ұлтабар, tomeo — кесу, 
тілу) – абомазотомия, ұлтабарды тілу.
Аборальный (лат. ab — дан, ден, нан, нен; or, orіs — 
ауыз) – аборальдық; жануарлардың бас аумағында 
пайдаланылатын халықаралық морфологиялық тер-
мин. Бас аумағындағы немесе бассүйектегі ауызға 
қарама—қарсы жатқан дене бөліктеріне қатысты 
қолданылатын атау. 
Абориген (лат. aborіgіne – басталу, бастама) – абориген, 
жергілікті; Аборигенное животное – жергілікті мал.
Аборт (лат. abortus – іштастау) – аборт, іштастау.
Абразия – абразия; қырмалау; мал дәрігерлік көмек 
кезінде мүшелерді қырмалап тазарту әдісі.
Абсолютный (лат. absolutus – шартты, шексіз) – 
абсолюттік, мысалы, абсолюттік спирт, шексіз 
тыныштық.
Абсорбент – абсорбент, сіңіргіш зат.
Абсорбция (лат. absorbtіo – сіңіру, сору) – абсорбция, 
сіңіру, сору.
Абсцесс (лат. abscessus – іріңдік) – абсцесс, іріңдік; 
іріңді қабыну нәтижесінде ұлпалар мен мүшелерде 
жиналған шектеулі іріңдік. 
Авидитет – авидитет; антидене мен антиген қосылы-
сының беріктігі.
Авитаминоз (грек. a – жоқ, лат. vіta – тіршілік және 
amіnum — амин) – авитаминоз, витаминсіздік, 
дәруменсіздік; жануарлар организмдеріндегі 
витаминдердің (дәрумендердің) жетіспеушілігі.
Авителлиноз – авителлиноз; қой мен ешкінің цесто-
доздар тобындағы авителлиндер таспа құрттары 
қоздыратын ішқұрт ауруы (гельминтоз).
Авто (грек. autos — өзі, өздігінен) – ветеринарлық тер-
минологияда қолданылатын қоссөзді терминдер 
құрамына кіріп, “өздігінен” деген мағына беретін атау. 


8
Автогамия (грек. autos – және gamos — неке) – авто-
гамия; өздігінен ұрықтану (кейбір біржасушалы 
қарапайым жәндіктер жасушасындағы екі ядроның 
қосылуынан организмнің өздігінен ұрықтануы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет