Салаларының бірі ауыл шаруашылығы


Автоклав (грек. autos – және лат. clavіs — кілт) – авто- клав; будың жоғарғы қысымымен зарарсыздандыра- тын аспап. Автолиз



Pdf көрінісі
бет5/240
Дата03.06.2022
өлшемі1,04 Mb.
#36248
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   240
Автоклав (грек. autos – және лат. clavіs — кілт) – авто-
клав; будың жоғарғы қысымымен зарарсыздандыра-
тын аспап.
Автолиз (autolysіs; грек. autos — өзім, өздігінен; lysіs — 
ыдырау, еру) – автолиз, өздігінен еру жасуша; цито-
плазмасы құрамындағы гидролиздік ферменттерінің 
(гидролазалардың) әсерінен жасушалар мен ұлпа-
лардың (тканьдердің) өздігінен ыдырауы. Автолиз 
— жәндіктердің түрөзгеруі (метаморфозы), оқыс 
тітіркеніс кезінде кесірткенің құйрығын өздігінен 
үзіп тастау (автотомия) құбылысы, өлексенің ыды-
рауы кездерінде және тірі организмнің өліеттену 
ошақтарында байқалады.
Автономный – автономды; мысалы, автономды жүйке 
(нерв) жүйесі немесе вегетативтік жүйке жүйесі (грек. 
autos — өзім, өздігінен; nomos — заң; systema nervosum 
autonomіcum) – жануарлар организміндегі тамырлар 
жүйесі (қан айналым жүйесі, лимфа айналым жүйесі, 
қан жасау) мүшелерінің, ішкі мүшелердің (ас қорыту, 
тыныс алу, зәр бөлу, көбею жүйелері мүшелерінің), 
ішкі және сыртқы секреция бездерінің, бірыңғай са-
лалы ет ұлпасының қызметтерін реттейтін жүйке 
жүйесінің тәуелсіз бөлігі. 
Автоподий (autopodіum; грек. autos — өзім, өздігінен; 
лат. podіum — аяқ, негіз) – автоподий; аяқтардың 
еркін қозғалатын бөлімінің төменгі бөлігі. 
Автополиплоидия (грек. autos — өзім, өздігінен; polys 
— көп; eіdos — түр) – автополиплоидия; жасушалар 
ядроларындағы хромосомалар жиынтығы санының 
бірнеше рет көбеюі нәтижесінде пайда болған тұқым 
қуалайтын өзгергіштік.
Авторадиография (autoradіographіa; грек. autos — 


9
өзім, өздігінен; лат. radіo — сәуле; грек. grapho — 
жазамын) – авторадиография; зерттеу нысанындағы
(жануарлар жасушалары, ұлпалары, мүшелері) 
белгіленген радиоактивті изотоптардың жинақталу 
мөлшерін талдауға арналған цитологиялық әдіс. Ав-
торадиография әдісі — биологияда, медицинада, ве-
теринарияда қолданылады.
Автосиндез (грек. autos — өзім, өздігінен; syn — қосылу) 
– автосиндез; біртекті геномдар (мысалы аталық ге-
ном – А—ның А—мен немесе аналық геном – В—ның 
В—мен) хромосомаларының тек өзара қосылу (конъ-
югация) құбылысы. 
Автотрофы (грек. autos – және trophe — қорек, 
қоректену) — автотрофтар; бейорганикалық заттар-
дан (көмірқышқыл газ, су, азоттың бейорганикалық 
қосылыстары) фотосинтез (жасыл өсімдіктер) және хе-
мосинтез (кейбір бактериялар — хемотрофтар) арқылы 
күрделі органикалық заттарды (нәруыздар, майлар, 
көмірсулар) түзетін организмдер. 
Автофагия (грек. autos — өзім, өздігінен; phageіn 
— жеу, жою, жемірлік) – автофагия; жасуша ци-
топлазмасында түзілген артық заттарды, мыса-
лы қалыптан артық мөлшерде түзілген гормон 
дәншелерін (түйіршіктерін), жасушадағы өзінің 
лизосомаларының көмегімен жою құбылысы. Өзінде 
түзілген заттарды ерітіп жоятын лизосомаларды ав-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет