БүлдірШін жастаҒы балалардЫҢ физикалЫқ ЖәНе ПсихикалЫқ- әлеуметтік дамуЫ (0-5 Жас) (Оқу-әдістемелік құрал) астана, 2014



Pdf көрінісі
бет33/51
Дата16.06.2022
өлшемі13,03 Mb.
#36959
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51
Байланысты:
Публикация на каз

ОсЫ Жас ҮШіН БОЙЫ
Ерте жастағы баланың тамақтану ахуалының басты көрсеткіштерінің бірі бойдың баяу өсуінің 
таралуы (осы жастағы бойдың аласа болуы).
Бойдың тежелуі сүйек жүйесінің баяу жетілуінің салдары болып табылады. Тұтастай алғанда, ол 
созылмалы үдерісті білдіреді және үнемі тойып тамақ ішпеудің көрсеткіші ретінде пайдаланыла-
ды. Бойдың өсуінің тежелуі көбінесе барынша қысқа уақытқа – туғаннан кейінгі бірнеше айдан 
шамамен 2 жасқа дейін созылады. Бұл уақыты жағынан баланы тамақ ішуге үйретумен тұспа-тұс 
келеді. 
себептері: 

уақытынан бұрын босану және жатыр ішілік дамудағы тежеліс;

дұрыс тамақтанбау (тамақты кеш беру, тәуліктік рационында белоктардың, майлардың, 
дәрумендердің, атап айтқанда А дәруменінің, темірдің аздығы);

зат алмасудағы тұқым қуалаушылық ауытқулары;

ішектің сіңіру қызметіндегі жетіспеушіліктің бастапқы және екінші синдромдары;

инфекциялар (көбінесе қанағаттанарлықсыз санитарлық жағдайлардан болады);
-2
2
3
0
-3


Оқу-әдістемелік құрал
38

жүйелі аурулар;

ана мен емшектегі бала арасындағы өзара қарым-қатынастың жеткіліксіздігі және балаға жа-
салатын күтім қағидаттары мен әдістерінің дұрыс болмауы;

эндокриндік (бойы немесе қалқанша безі гормонының жеткіліксіздігі);

генетикалық: отбасына тән (генетикалық) бойдың аласа болуы, конституциясы бойынша 
булығып өсу, хромосомдық ауытқулар; 
Бойдың генетикалық тұрғыдан аласа болуы мен конституциясы бойынша булығып өсу норма – 
қалыпты жағдай болып табылады. 
мәселені шешудің жолдары: 

болашақ ананың денсаулығын сақтау;

уақытынан бұрын босанудың алдын алу;

жүкті және бала емізетін әйелдің дұрыс тамақтануы мен демалысын ұйымдастыру;

алғашқы 6 айда балалардың тек емшек емуін қамтамасыз ету;

балаларды 2 жасқа дейін емізу;

6 айдан асқан балаларға баланың жас ерекшелігіне байланысты қажеттіліктерін қамтамасыз 
ететін адекватты тамақ берулі уақытылы бастау;

балалардың жұқпалы аурулармен ауыруының алдын алу (А дәруменінің, темір мен басқа да 
микронутриенттердің тапшылығының алдын алу және жою);

балалардың соматикалық және инфекциялық ауруларын адекватты емдеу;

ана мен бала арасындағы өзара қарым-қатынасты жақсарту;

балалар күтімін жақсарту;

балаларға күтім жасау сапасын жақсарту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет