БүлдірШін жастаҒы балалардЫҢ физикалЫқ ЖәНе ПсихикалЫқ- әлеуметтік дамуЫ (0-5 Жас) (Оқу-әдістемелік құрал) астана, 2014


таҒамдарда мИкрОЭлемеНттердіҢ ЖетісПеуШіліГі



Pdf көрінісі
бет29/51
Дата16.06.2022
өлшемі13,03 Mb.
#36959
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51
Байланысты:
Публикация на каз

таҒамдарда мИкрОЭлемеНттердіҢ ЖетісПеуШіліГі
Әдетте микроэлементтер немесе микронутриенттер деп атайтын дәрумендер мен мине-
ралдарды аз пайдалану өсу мен дамуға, тұтастай алғанда, баланың денсаулығына бірқатар 
жағымсыз салдарларын тигізеді. Мысалы, бойдың өсуі мен иммундық жүйе қызметінің тежелуі 
организмдегі А дәруменінің тапшылығымен байланысты. Темір мен йодтың тапшылығы ақыл-ой 
дамуының, нашар үлгерімнің, жұмысқа қабілеттіліктің тежелуіне алып келеді. Адам өміріне қауіп 
төндіретіндіктен және оның тым жағымсыз әсерінің салдарынан әлемде осы үш микронутриенттің 
(темір, йод және А дәрумені) тапшылығына қазір көп көңіл бөлінеді. 
4-кесте. темір, йод және а дәрумені тапшылығының себептері мен салдарлары
Микроэлемент
Себептері
Салдарлары
Темір
Организмге жеткіліксіз түсуі, 
физиологиялық қажеттіліктің ар-
туы (жүктілік кезінде және баланың 
өсу барысында); паразитарлық 
инфекциялар; қан жоғалту
Уақытынан бұрын босану; баланың туған 
кезде салмағының төмен болуы, бала-
ларда ауру мен өлім-жітім қаупінің жоғары 
болуы; жұмыс істеу қабілетінің төмендігі; 
когнитивті функцияның төмендеуі
Йод
Йод тапшылығынан йодтың орга-
низмге жеткіліксіз түсуі
Ақыл-ой дамуының тежелуі (кретинизм), 
ақыл-ой қабілетінің коэффициентінің 
орта есеппен алғанда 11%-ға қысқаруы; 
уақытынан бұрын босану, өлі туу, 
өздігінен болатын түсіктер
А дәрумені
Құрамында А дәрумені бар 
тағамды аз пайдалану
Балалар арасындағы аурушаңдық 
пен өлім-жітімнің көптігі. Балалардың 
бойының өсуінің тежелуі.


Оқу-әдістемелік құрал
34
3.1 ерте ЖастаҒЫ БалалардЫҢ 
тамақтаНуЫНЫҢ БұЗЫлу мЫсалдарЫ
1-мысал.
Ер бала, аты - Дәулет, 9 айлық. Бала ІІ жүктілікте және ІІ рет босану кезінде 
уақытынан бұрын туылған. Анасы жүкті кезінде қан аздығымен ауырған, емделмеген. Туған 
кездегі салмағы - 3200 грамм, бойы - 51 см, бас шеңбері - 35 см. Бала 4 айға дейін тек ем-
шек емген. 4-айдың соңына қарай анасы көршісінің кеңесі бойынша балаға бөтелкемен үйде 
дайындалған нәрлі тамақ (1:1 мөлшерде сумен араластырылған сиыр сүті) бере бастаған. Осы-
дан соң бала емшек емуді азайтқан. 5 айлығында баланың салмағының өсу қарқыны азайғаны 
байқалады. Оның үстіне анасы үнемі үй жұмыстарымен айналысып, аз демалады әрі жеткіліксіз 
мөлшерде тамақтанады. Бұл мәселені шешу үшін медициналық қызметкерлер әйелдің 
жұбайымен сөйлесіп, бала емізетін әйелге қажетті жағдай туғызу, атап айтқанда, толық де-
малып, құнарлы тамақ жеуіне жағдай жасау қажеттігін айтып, әңгіме өткізді. Баланың анасына 
емізуді жалғастыру (күніне 3 рет), тамақ барынша қою әрі алуан түрлі (кемінде 3 компоненттен 
тұруы), тамақ беружиілігімен саны бойынша жеткілікті және қауіпсіз болуға тиіс, балаға жиірек 
көңіл бөлу – көбірек көтеру, аймалап, еркелету;қан аздығын қалпына келтіруқажеттігі туралы 
ұсынымдар берілді. Физикалық даму қисықтарының деректерінен көрінгеніндей, 6-айға қарай 
салмақ қосу динамикасы қалпына келді.
28
26
24
22
20
18
16
14
12
10
8
6
4
2
2
4
6
8 10
14 16 18 20 22
26 28 30 32 34
38 40 42 44 46
50 52 54 56 58 60
1 жаста
2 жаста
3 жаста
4 жаста
28
26
24
22
20
18
16
14
12
10
8
6
4
2
айлар
ЖАСЫНА ҚАРАЙ ДЕНЕ САЛМАҒЫ
масса (кг)
масса (кг)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет