БүлдірШін жастаҒы балалардЫҢ физикалЫқ ЖәНе ПсихикалЫқ- әлеуметтік дамуЫ (0-5 Жас) (Оқу-әдістемелік құрал) астана, 2014



Pdf көрінісі
бет35/51
Дата16.06.2022
өлшемі13,03 Mb.
#36959
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51
Байланысты:
Публикация на каз

Оқу-әдістемелік құрал
40
4
 
БҮлдірШіН ЖастаҒЫ 
БалалардЫҢ таҒамЫ
ЖәНе ОлардЫ тамақ-
таНдЫру қаҒИдаттарЫ 
Балаларды ерте жастан дұрыс тамақтандырмау инфекцияға қарсы тұру қабілетінің төмендеуінен 
болатын ауырулармен жиі ауыруына, сондай-ақ физикалық және психоәлеуметтік дамуының 
кенжелеуіне әкеліп соғады. Бұл салдарлардың көпшілігі адамның кейінгі өміріне өзінің әсерін 
тигізеді. Балалардың бойы мен дамуындағы ауытқушылыққа жасалған талдау емшектегі балалар 
мен ерте жастағы балаларды дұрыс және тиімді тамақтандыру баланың денсаулығын, физикалық 
және психикалық дамуын анықтайтын ең маңызды фактор екенін көрсетеді. Балалардың 
өмірінің алғашқы жылында неғұрлым тезірек өсетінін атап өту қажет. Сөйтіп, емшектегі балалар 
алғашқы 6 айда аптасына шамамен 200 г салмақ қосады және денесінің ұзындығына 1 см дерлік 
қосып отырады. Алғашқы бір жыл бойында жетіліп туылған балалардың салмақтары үш еселеп 
өседі және денесі 50%-ға ұзарады. Емшек ему жасынан асқан кезеңде баланың физикалық да-
муы баяулағанымен, балалық кезеңнің басқа сатыларымен салыстырғанда жоғары деңгейде 
қалады. Бойдың жылдам қарқынмен өсуінің салдарынан баланың дене салмағының килограмы-
на шаққанда тамаққа өте жоғары қажеттілік пайда болады. 
Сәби шақта тамақтандырудың ең жақсы қайнар көзі емшек емізу болып табылады және алғашқы 
6 айда ол баланы тамақтандырудың жалғыз тәсілі болуға тиіс. Емшек сүтінде тез өсіп келе 
жатқан бала ағзасының қажеттіліктерін жабатын барлық қоректік заттардың барлығы бар. Ол 
тек баланың қалыпты өсуін ғана емес, танымдық қабілеттерін дамытуды, сондай-ақ ұзақ уақыт 
бойы дені сау болуына ықпал етеді және себепкер болады. 
Баланы тамаққа үйрету мен отбасы дастарханынан тамақтандыруға көшіру маңызды кезең бо-
лып табылады. Тамақты пайдалану кезеңі, яғни емшек емуді басқа тағамдармен толықтыру бұл 
– бала сапасы төмен тағамдарға ерекше сезімтал кез. Бұл балалардың тез дамитынымен, бірақ 
әлі тамақты көп мөлшерде пайдалана алмауымен байланысты. Сондықтан нәрлі заттардың ба-
рабар құрамымен қамтамасыз ету үшін олардың ішіп жүрген тамақтарының құнары жоғары бо-
луы керек. Соңғы жылдары тағамның рөліне көп көңіл аударыла бастады. 6 айдан 24 айға дейінгі 
емшек жасындағы баланың өсуі үшін басты нәрлі заттар темір, А дәрумені, мырыш, В6 дәрумені, 
ал кейбір популяцияларда рибофлавин, тиамин, кальций, фолат және С дәрумені болып табы-
лады. Күн сәулесі аз түсетін немесе таулы жерлердегі популяцияларда сондай-ақ Д дәрумені 
маңызды.
Балалар денсаулығының нашарлау және баяу өсу проблемаларын анықтау мен олардың алдын 
алу тактикасын әзірлеу үшін емшек емізу тәжірибесіне, емшектегі балалар мен ерте жастағы 
балаларды тамақтандыру және тағам мәртебесі сызбаларына жүйелі бақылауды жүзеге асыру 
қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет