Оқу-әдістемелік құрал
36
ОсЫ Жас ҮШіН деНеНіҢ артЫқ салмаҒЫ (семіЗдік)
+3са-даН ЖОҒарЫ кӨрсеткіШтерГе сәЙкес келеді.
себептері:
◊
алиментарлық фактор: ананың жүктіліктің соңғы триместрінде құнарлы,
углеводқа бай артық
тамақ ішуі; баланы жасанды тамақтандыру;
энергия жұмсап, май тиісті түрде шығындалмай,
организмге азықтың (углеводтар, майлар) шамадан тыс артық түсуі;
◊
конституционалдық-тұқым қуалау факторлары.
◊
эндокриндік және неврологиялық ауру.
мәселені шешудің жолдары:
◊
ананың жүктілік кезінде және бала емізген
кезде құнарлы тамақтануы;
◊
емшек емізу (алғашқы 6 айда тек емшек ему);
◊
белоктардың, углеводтардың, микроэлементтердің саны
бойынша теңгерімді тамақтану;
◊
барабар қозғалу белсенділігі;
◊
тиісті ауруларды емдеу.
3-мысал.
Әлия есімді сәби, 18 айлық. Қыз бала ІІ жүктілікте және ІІ рет босану кезінде
туылған. Туған кездегі салмағы - 3900 грамм, бойы - 52 см, бас шеңбері - 36 см. Анасы жүктілік
кезінде гестоз ауруымен ауырды. Ананың айтуымен алынған мәліметтер жиынтығынан ананың
жүктіліктің соңғы триместрінде ұн мен кондитерлік өнімдерді өте көп пайдаланғаны анықталды.
Қыз тыныс алу жолдарының орташа бұзылысымен туылып, Кесарев тілігімен алынды. Туғаннан
кейін екінші күні анасының кеудесіне жатқызылды. Анасы – студент. Ол оқуын жалғастыратын
болғандықтан, бала 3 айлығында қоспалармен жасанды тамақтандыруға көшірілді. Алғашқы
тамағы ұнтақ ботқа болды, бұл оның күнделікті рационындағы жалғыз ғана сүтке пісірілген
ботқа еді. Бір жастың өзінде-ақ салыстырмалы түрде алғанда тәтті тағамдарды көп пайдалан-
ды. Баланың салмақ қосу динамикасы қарқынды болды: 1 айлығында - 4800 гр; 3 айда - 7100
Достарыңызбен бөлісу: