Оқу-әдістемелік құрал
48
табылады. Мектеп жасына дейінгі бала күніне 4 рет тамақтануға тиіс. Кейбір тамақтарды (нан,
сүт, ет, көкөніс, жеміс секілді) күн сайын, кейбір тамақтарды (балық, сүзбе және т.б.) сирек жеу
керек. Бала сұйықты жеткілікті деңгейде ішуі қажет. Шөлін басу үшін газдалған сусындарды,
сондай-ақ қант көп қосылған сусындарды ішуге болмайды. Дұрысы, балаға кәдімгі таза суды
берген жөн.
Баланы жақсы тамақтандыру не үшін ұсынылады? Біз мыналарға қол жеткізгіміз келеді:
Ана баласын ыждаһаттылықпен және жауап қайтара отырып тамақтандыру арқылы мыналарды
үйренеді:
1. Баланың сигналдарын тануды және оларға барабар жауап беруді , мысалы баланың қарны
ашқанының белгілерін;
2. Ана баланы тамақты көбірек жеп үйренуге ынталандыруы керек. Бірақ баланы мәжбүрлеп
тамақтандыруға болмайтынын есте сақтағаны дұрыс;
3. Тамақтандыратын уақыт–баланың дамын ынталандыру үшін ананың баламен қарым-қатынас
жасауына берілетін қосымша мүмкіндік;
4. Бала тамақ жеуді енді үйреніп жүрген кезінде анасы немесе әкесінің тікелей көмегінсіз
өздігінен жеткілікті мөлшерде тамақ жей алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: