БүлдірШін жастаҒы балалардЫҢ физикалЫқ ЖәНе ПсихикалЫқ- әлеуметтік дамуЫ (0-5 Жас) (Оқу-әдістемелік құрал) астана, 2014


Бала шашалып қалуы мүмкін азық-түліктерді – жаңғақ, жүзім, сәбіз, жемістердің қабығы



Pdf көрінісі
бет37/51
Дата16.06.2022
өлшемі13,03 Mb.
#36959
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51
Байланысты:
Публикация на каз

Бала шашалып қалуы мүмкін азық-түліктерді – жаңғақ, жүзім, сәбіз, жемістердің қабығы 
және т.б. – беруге болмайды. 
1 ЖАСТАН 3 ЖАСҚА ДЕЙІН. Бұл жаста балалар тым тез өсетін болғандықтан, бала қозғалғыш бо-
лады, көп энергия жоғалтады, оларды дамыту үшін алуан түрлі тағамдар қажет. Бала отбасымен 
бірге таңертеңгі түску және кешкі асын ішеді, отбасының барлық мүшелері ішетін тамақты ішеді. 
Баланың рационына отбасы дастарханынан мынадай тамақтар кіруге тиіс: 

ет, бауыр, балық, бұршақ тұқымдас дақылдар, піскен жұмыртқа

түрлі көкөністер, көк, жемістер жаңғақтар;

сүт және сүт өнімдері (сүзбе, ірімшік, қатық және айран).
Бұл қауіПсіЗ әрі таЗа ма?
қолдары таза
Ыдыстар таза
су мен тағам таза
дұрыс сақталған


47
БҮлдірШіН ЖастаҒЫ БалалардЫҢ ФИЗИкалЫқ ЖәНе ПсИХИкалЫқ-әлеуметтік дамуЫ 
Сәбидің порциясы 300 мл аспауға тиіс (шамамен 1,5 стақан).
Қосымша 2 рет тамақ беру бұрынғыша қала береді: жемістер, бөлкемен қатық немесе айран ет 
немесе ішек-қарын қосылған самса, қаймақ жағылған құймақ. 
Балаға тәтті тағамдарды (кәмпит, шоколад, тітті нан, торт), оның ішінде тәтті газдалған сусын-
дарды, қуырылған картопты (фри), тым тұзды, қышқыл, ащы немесе дәмдеуіштер салынған 
тамақты беруге болмайды. Бала ойнап немесе жүгіріп жүрген кезде тамақ беруге болмайды.
Тамақ ішкен кезде бала тыныш отырып жеуі керек. Бұл кезде оны ересек адамдардың қарап 
отырғаны дұрыс. Бұл жаста баланың тәбеті жақсы болуы да, нашар болуы да, сонымен қатар 
тамақ жеумен байланысты басқа да проблемалар болуы мүмкін – бұл әбден қалыпты жағдай. 
Бала тамаққа өзіндік қарым-қатынасы арқылы өзінің дұрыстығын дәлелдегісі келеді. Сөйтіп, 
оның бойында тәуелсіз болу сезімі қалыптасалы, ол бәрін де өзі істегісі келеді. Осылай жүріп 
ол бәрін былғайды, көптеген артық қимылдар жасайды, бірақ мұның бәрінің де баланың дамуы 
үшін маңызы бар. 
Осы жаста балалардың барлығы қажетті тағам мөлшерін (1,5 стақан) өз беттерімен жей алатын 
халде екенін ұмытпау керек, сондықтан ата-аналар мен отбасының бала күтімімен айналысатын 
барлық мүшелері «белсенді тамақтандыру» қағидатын пайдалануға тиіс. Бұл балаға тәрелкеден 
тамақты теріп жеуге көмектесу, оны мақтау, ойын компоненттерін пайдалану – тамақтандыру 
үдерісіне отбасы мүшелерін тарту, ойыншықтар және т.б. көмектесу қажет екенін білдіреді. 
Тамақ ішу үдерісі балаға тек қарнын тойдыру үшін ғана емес, сондай-ақ қызықты болуға тиіс, 
тамақ ішу балаға танымдық әрі ойын сәті секілді болуы, тек жағымды эмоция қалдыруы керек. 
Осы жастан бастап ата-аналар тамақ ішумен байланысты баланың бойында гигиеналық (ауыз 
қуысының гигиенасы, қол жуу, алжапқыш тағу, майлық пайдалану және т.б.) дағдылардың 
қалыптасуына ықпал етуге тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет