49
БҮлдірШіН ЖастаҒЫ БалалардЫҢ ФИЗИкалЫқ ЖәНе ПсИХИкалЫқ-әлеуметтік дамуЫ
5
БұлдірШіН ЖастаҒЫ
БалаНЫ дамЫту
мақсатЫНдаҒЫ кҮтім
Бүлдіршін жастағы балаларға қамқорлық жасауды жақсартудың маңыздылығына қатысты
сенімді ғылыми дәлелдемелер бар:
◊
Бала өмірінің алғашқы жылдарында ми өте тез дамиды. Ынталандырудың,
қамқорлық пен
қолдаудың жеткіліксіз болуы баланың дамуына айтарлықтай әсер етеді.
◊
Балаларға қолайсыз жағдайлардың әсерін бүлдіршін жастан азайтуға болады. Қолайсыз от-
басынан шыққан балаларға қатысты жүзеге асырылған ерте араласу шаралары балалардың
тірі қалуын арттыруға, олардың
денсаулығының жақсаруына, когнитивті және әлеуметтік да-
муына алып келеді.
◊
Бүлдіршін жастан көмек алған балалар мектепте үлкен жетістіктерге жетеді. Олар ере-
сек тартқан кездерінде көбінесе өздеріне жұмыс тауып,
біршама жоғары табыс табады,
денсаулықтары да неғұрлым жақсы болады, олар әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіне
де онша тәуелді болмайды және олардың арасында өмірінің бастапқы кезеңінде мұндай
мүмкіндіктерден айырылған балаларға қарағанда қылмыстылық деңгейі де төмен болады.
◊
Баланы бүлдіршін жастан дамытуға бағытталған күш-жігер қаражатты шығындау емес,
өзіндік инвестиция болып табылады. Бүлдіршін жастан араласу кезіндегі «шығын-пайда»
арасалмағы туралы қолда бар деректер баланы ерте жастан дамытуды жақсартуға жұмсалған
әрбір долларға қайтарым орташа есеппен алғанда инвестиция сомасынан 4-5 есе, ал кейбір
жағдайларда әлдеқайда жоғары болуы мүмкін.
5.1. БалалардЫ дамЫту БОЙЫНШа ОтБасЫНа
БерілетіН ұсЫНЫмдар
Бұл ұсынымдардың ерекшелігі балалардың когнитивті қабілеттерін дамыту үшін балаларға
қамқорлық көрсетудің (сезімталдық және қайырымдылық) аса
маңызды дағдыларын сіңіруге
үйрету болып табылады. Баланы дамытуға қамқорлық көрсету бала мен оның ата-анасының
(тәрбиешісінің) арасында жағымды қарым-қатынастың орнығуына ынталандырады. Егер бұрын
кеңестердің бәрі тек аналарға арналатын болса, енді балалармен
ерте жастан жұмыс жасаудағы
еркектердің рөлінің маңыздылығын түсіну «ата-ана» және «тәрбиеші» деген терминдердің
қолданылуына алып келді. Ұсынымдар нәрестелік кезең мен бала өмірінің алғашқы аптасын
бөліп көрсетуге басымдық бере отырып, жаңа жас ерекшеліктерін де қамтиды.
Балалардың когнитивті дамуын «Құрылымдық қолдау» деп аталатын үдеріс
аясында балалардың
когнитивтік қабілеттеріне ересектердің қолдау көрсетуі арқылы жақсартуға болады, мұнда
ересектердің көмегімен бірлесіп орындау арқылы (ересек адам да, бала да бір тапсырманы
орындап, бірге ойнайды) баланы жаңа мүмкіндіктерді және өзінің
ойлау қабілетін тереңдетуді
қарастыру мақсатында оятады.
Біз кеңес беруге негізделген ұстанымды пайдаландық, мұнда медицина қызметкері ата-аналар-
дан балаларымен қалай ойнап, қарым-қатынас жасайтыны туралы сұрайды. Содан соң медици-
на қызметкері жауапты тыңдап, жақсы іс-әрекеттері үшін мақтап, қажет
болған жағдайда оларға
кеңес береді. Ата-аналардың ақпарат алғанына және оны естеріне сақтағанына көз жеткізеді.
Біз бес бөліктен тұратын Бала жастағы ауруларды біріктіріп жүргізу (БЖАБЖ) стратегиясы