2.4 Тəржіма – тəжірибе мектебі
ХХ ғасыр басында қазақ ақын-жазушылары томаға-тұйық күйде
қалмай, жазба əдебиеті биікке көтерілген алдыңғы қатарлы елдердің
тəжірибесіне көз салып, əдеби байланысқа түсе бастады. Əсіресе,
орыс əдебиетінен үйрену кең етек жайғанын жоққа шығара алмай-
мыз. Оның ең бір жанды көрінісі аударма шығармалардың көптеп
пайда бола бастауы болатын. Ендеше, белгілі бір кезең əдебиетін
қарастырғанда, көркем аударманың өрісіне көз жібермей өту мүмкін
емес. Өйткені, аударма – жазба əдебиеттің өскелеңдігінің белгісі. Ол
əдебиеттің биік деңгейде дамуына əсер етіп, оған өзінің игі ықпалын
тигізіп отырады. Аударма төл əдебиетпен қатар өседі, əрқашан да
бірінің жетістігі мен кемшілігіне екіншісі ортақ, екеуінің тағдыры
үнемі тығыз байланыста болып келеді.
ХХ ғасыр басында Ыбырай, Абай, Шəңгерей тəрізді алдыңғы
толқынның əдебиеттің осы бір тəржімашылық қырын дамытып, төл
əдебиетіміздің туын жоғары ұстаған аудармашылар дүние жүзілік
əдебиеттің мəңгі тот шалмас асыл қазыналарын, тамаша туындыла-
рын туған халқына жеткізуге ұмтылды. Олар əлемдік əдебиет пен
4–853
50
мəдениеттің озық үлгілерін қазақ сахарасына асқан шеберлікпен
таратты. А. Пушкин “Əдебиеттің ең бір ауыры, ең бір жақсы атақ
əпермейтін түрі” деп бағалаған аударма саласында ХХ ғасырдың
алғашқы кезеңінде Ахмет Байтұрсынов, Шəкəрім Құдайбердиев,
Мағжан Жұмабаев, Сəбит Дөнентаев, Спандияр Көбеев, Бекет
Өтетілеуов сынды шеберлер еселі еңбек етті. Бұл ретте осы сөз
зергерлері тəржімалап шығарған “Қырық мысал” (1909), “Үлгілі
тəржіме” (1910), “Үлгі бала” (1912), “Жиған-терген” (1914), “Ду-
бровский əңгімесі”, “Боран” сияқты кітаптар мен шығармалар
əдебиетіміздің асыл қорына қосылған рухани інжу-маржандар
екенін айтуға тиістіміз.
Əдебиетшілер аудармаға неге көп қалам тартты деген-
де, М.Əуезовтің Абайдың аудармашылығы жайлы айта келіп:
“Барлығын да өз жүрегіне түсінікті, өз халқына жанасатын, өзінің
əлеуметтік мұң-арманына тап келетін, қиялына үйлесетін ерекше
бір жақындығы болғандықтан аударды. Аудармалар ақынның өз
жүрегінен толқып шыққан қайғылы шердің айнасы, толас-тыны-
сы сияқты болады”, – деген сөздері жауап болды. Шəкəрім, Ахмет,
Бекет, Спандияр тəрізді озық ойлы əдебиетшілерді толғандырған
заманының залалды мəселелері əлемдік əдебиет қайраткерлерінің де
мұң-арманымен астасып жатты. Сондықтан олар əлемдік əдебиеттегі
озық үлгілі шығармаларға назар салып, өз көкейіндегі көп сұраққа
жауапты сол шығармалардан тапты. Сол биік көркемдікпен, терең
оймен, асқан шеберлікпен жазылған шығармалардағы азатшыл
ойды, күрескерлік қабілетті, рухани жан тазалығын өз оқырманына
жеткізу үшін қолына қалам алды. Сөйтіп əлемдік əдебиет пен қазақ
əдебиетінің арасына алтын көпір салды.
ХХ ғасырдың басында “Оян, қазақ!” деп жар сала келген жаз-
ба əдебиетімізге өз мақсатын жүзеге асыру үшін жаңа түрлер,
жанрлар қажет еді. Оларды бірден игеріп кету, əрине, қиын бола-
тын. Сондықтан бұрыннан дəстүрі қалыптасқан биік межедегі өзге
əдебиетке еліктеу қажеттілігі өзінен-өзі келіп туды. Бірақ бұл құрғақ
еліктеу емес, үйрене отырып, өзіндік жол табуға ұмтылған ізденісті
еліктеу еді. Өзге шығармаларды аудара отырып, əлемдік əдебиетте
қалыптасқан көркемдік əдіс-тəсілдерді игерді, төл əдебиетімізді
жаңа жанр, соны түрлермен молықтырды.
Абай, Ыбырай салып кеткен сара жолды жалғастыруда Абайдың
шəкірт інісі Шəкəрімнің еңбегі өте зор. Ақын 1908-1909 жылдары
орыстың ұлы ақыны А. С. Пушкиннің “Дубровский” мен “Бора-
51
нын” аударды. А. С. Пушкиннің қара сөзді шығармаларын аудару
тəжірибесі бізде бұрыннан бар болатын. Оның алғашқы талпынысы
1903 жылы жасалған-ды. Осы жылы фольклорист, этнограф, аудар-
машы Молданияз Бекімов А. С. Пушкиннің “Капитан қызы” повесін
1901 жылғы басылымнан аударып, Қазандағы Харитоновтар баспа-
сынан шығарды. Автор өз аудармасына негізінен Петр Гринев пен
Мария Миронова арасындағы махаббат хикаясын арқау етіп, оған
Пугачев қозғалысын қосып ықшамдап аударған. Сөйтіп 48 беттік
шағын шығарма етіп шығарған.
Кейбір зерттеушілер бұл қысқарту аудармашы еркінен тыс
болған нəрсе деп біледі. 1901 жылғы “Капитан қызы” өзі осылай
ықшамдалып шықса керек. Аудармашы бұл көрнекті туындыны
əрі нақты, əрі түпнұсқаға жақын етіп беруге тырысқан. Жəне онда
Пушкиннің негізгі мақсаты – бостандық сүйгіш рух айқын таныла-
ды. Повесть сол кездегі қазақ оқырманына түсінікті, қарапайым да
көркем тілмен аударылған.
Аударма тарихын зерттеуші З. Тұрарбеков: “Ол (Молдани-
яз Бекімов. – Ө.Ə) орыс əдебиетінің тарихы жəне көркемдік
мəні өшпейтін классикалық шығармасын қазақ даласында
сөйлету арқылы мұндай азаткерлік идеяны насихаттайтын төл
туындылардың тууына із салды”, – деп, азаттық ойды алға жете-
леген мəн-мағынасын ашады. Бір сөзбен айтқанда, М. Бекімовтің
бұл аудармасы – өз кезіндегі əлеуметтік-тарихи маңызы зор еңбек.
Ол өзінен кейінгі Пушкин шығармашылығына қызығушылықтың
бастау көзінде тұрды.
Шəкəрім шығармашылығы осы бір дəстүрді əрі қарай өрістетті
жəне өзінше дамытып, өзгеше жетілдірді. “Шəкəрім арқылы орыс
ақыны қыр қазағына қыр көрсетпей қадірлісіндей құшағын ашады”
– деп, шəкəрімтанушы Б. Əбдіғазиев айтқандай, Шəкəрім аударма-
лары арқылы А. С. Пушкин таза қазақ тілінде төгіліп түскен өлең
жолдармен сөйлеп қоя берді.
Шəкəрім аудармалары қазақ тəржімə тəжірибесіндегі өзгеше
бір құбылыс болып саналады. Ол Пушкиннің қара сөзбен жазған
шығармаларын өлеңмен аударып, төл туындыдағы сюжет пен оқиға
құрылымына еш зиян келтірместен, қазақ тілінде өлеңмен əсерлі
түрде өрнектеп берді.
Өлең сөзге жаны жақын, қисса-дастандарды ұйып тыңдайтын
қазақ оқырманы қара сөзді шығармадан дастан жазып шыққан
Шəкəрім шеберлігіне тəнті болмай тұра алмайды. Шығарма
52
кейіпкерлері қазақы тілмен сөйлеп, қазақ оқырманымен еркін
тілдеседі. Ақын аудармаларында қазақ ұғымына жақын, тұрмысына
сай теңеулерді, тіркестерді қолдана отырып, тың тынысты,
көркемдік бедері айқын шығармалар жасады. Сөйтіп əлемдік Пуш-
кин аудармалары қорын қазақ елінен келіп қосылған жаңа тұрпатты
аудармалармен байытты. Қара сөзді шығарма, өлең өрнегіне түсіп,
жаңаша құлпырды.
Шəкəрімнің орыс ақын-жазушыларының ішінен Л. Н. Толстой-
ды қадыр тұтып, ұстаз санағаны белгілі. “Танбаймын шəкіртімін
Толстойдың” деген сөздері – бұған куə. Ол əсіресе өмірінің соңғы
жылдарында Толстойдың туындыларымен көбірек сырласып, руха-
ни жақындық іздеген. Сондықтанда оның шығармашылығына қатты
көңіл бөліп, ертегілерін, əңгімелерін аударды. Орыс əдебиетінен
Шəкəрім жасаған тəржімалар ХХ ғасырдың басындағы ұлт
əдебиеттерінің қарым-қатынасына, өзара əсер байланысына келіп
қосылған жаңа арна болып табылады.
Атап айтар бір жағдай, қазақ аудармашылары көбіне мысал жан-
рын аударуға ден қойды. Мысалды өлеңмен аударушылар да (А.
Байтұрсынов, Б. Өтетілеуов т.б.), қара сөзбен баяндаушылар да (Ə.
Бөкейханов, С. Көбеев, С. Дөнентаев) болған. Өлеңмен аударудың
хас шебері – Ахмет Байтұрсынов. Ол И. А. Крыловтың мысалдарын
аударып, 1909 жылы Петербургте “Қырық мысал” деген атпен ба-
стырып шығарды.
И.А. Крыловтан Абайдың да аударғаны белгілі. Абай орыс
ақынының мысалдарын көркемдігі мен поэтикалық қуатына қарай
талғай да таңдай отырып аударса, жəне дəлме-дəл аударуға тыры-
сып, ақындық жарысқа түссе, Ахмет өзгеше бағыт ұстанған. Ол
көбіне мысалдың ішкі мағына-мəніне назар аударып, өз ұлтының
тұрмыс-тіршілігіне жақын, ұлтының санасын оятудың өзекті
мəселелерін көтеруге жарайтын мысалдарды іріктей отырып
таңдады. Сондықтан ол тəржіма жасаған мысалдар төл туындыдай
қабылданып, ел азаматтарының алдына салауатты сауалдар қойып,
көкейдегі көп сұраққа жауап та берді. Ахмет үшін мысал күрескерлік
жолындағы ең бір өтімді қару ретінде пайдаланылды. Өйткені
ондағы айтылар ой, тұжырымдалған түйін қабылдауға жеңіл, əрі
қызғылықты сюжет арқылы тез оқылып, есте ұзақ сақталады. Ахаң
аудармасында Крылов жасаған түйіннен алшақтап кетіп отыратын,
кейде Крыловта берілмеген тұжырымды өз жанынан қосып, өзгеше
бір қорытынды жасайтын тұстар жетерлік. Мұның себебі қалайда
53
ұлтын азатшылдыққа үндеген үнін жеткізуге деген ұмтылыс. М. О.
Əуезов “Қырық мысалды” “қалың қазақ жұртшылығының алғашқы
естіген төңкеріс рухындағы сөзі”, – деп бағалаған. Мұхаңдай
болашақ ұлы жазушы Ахмет Байтұрсыновтың И.А. Крылов мысал-
дарын аударғанда азаттықты, бостандықты насихаттауды көздегенін
жəне ол осы мақсат үдесінен шыға білгенін тап басып таныған.
Ахмет Байтұрсынов көбіне мазмұн қуып, көркемдік, эстетикалық
мақсұттарды сырт қалдырды деуге болмайды. Ахаң мысалдың тілдік
сапасына, өлең өрнегіне қатты көңіл бөліп, көркемдік бейнелегіш
құралдарын əсте естен шығармаған. И. А. Крыловтан Спандияр
Көбеев те, Бекет Өтетілеуов те аударма жасағаны белгілі. Əртүрлі
деңгейде аударылған аттас мысалдар қазақ аудармашыларында
кездесіп отырады. Мəселен: “Аққу, шортан һəм шаян”, “Ат пен
есек”, “Қасқыр мен тырна”, “Қасқыр мен қозы”, “Шал мен ажал”,
“Айна мен маймыл”, “Маймыл мен көзілдірік” мысалдарын Спан-
дияр Көбеев те, Ахмет Байтұрсынов та аударған. Абай тəржімалаған
“Ала қойлар”, “Есек пен бұлбұл”, “Қарға мен түлкі”, “Емен мен
қамыс (шілік)”, “Бақа мен өгіз” мысалдарын Ахаң да аударған.
Бекет Өтетілеуов, Спандияр Көбеевтің мысал аудармалары жай-
лы арнайы зерттеулерде қаралып келсе, Ахмет Байтұрсыновтың
аудармашылығы енді ғана əдебиеттану ғылымында сөз бола бастады.
Аханның сан қырлы талантының осы бір қырына жан-жақты тоқтала
келіп, Ш. Сəтбаева: “И. А. Крыловтың қазақ тілінде, тіпті, Орта Азия-
да десе де артық емес, тұңғыш жеке кітап болып бастырылуы еді…”
деп, Ахметтің “Қырық мысал” жинағын жоғары бағалайды.
“Қырық мысалды” аударғанда Ахмет күрескерлік, ағартушылық
идеяларды алға тартуына байланысты көбіне еркіндеу кетіп отыр-
са, Лермонтов, Надсон, Жадовскаядан жасаған аудармаларында
ол көркемдік заңдылықтарға қайшы келмей, түпнұсқаға мейлінше
жақын болуын қалайды. Бəлкім, Ахаң бұл тұста өзге халықтың
көркемдік мұрасын насихаттап, өзінің туған əдебиетінің кəдесіне
жарарлық үлгі-өнеге таратуды да көздеген болар.
Қазақ əдебиетіндегі қайталанбас көркем аудармалар Мағжан
қаламынан да туған. Өлең аудару – жарысқа, өнерпаздық бəсекеге
түскенмен бірдей екенін кезінде В. Жуковский ескерткен. Өйткені
өлең-жырда əр сөзге балама тауып қою ғана жеткіліксіз, көркемдік
тұрғыдан да тəржіма жасап отырған ақыныңнан мысқылдай кем
түспеуің керек. Міне, осы жағынан келгенде сүйікті Мағжан
сүйсіндірмей, тамсандырмай тұра алмайды.
54
М. Жұмабаев тəржімаларының ауқымы өте кең. Ол орыс
ақындарын ғана емес, өзге жұрт ақындарын да аударған. “Орман пат-
шасы” өлеңнің астына “Гете – Жуковскийден” деген қосымша атау
келтірген. Аудармалар – ақынның шығармашылық ізденістерінің
айғағы. Гетеден аударған “Айрылдым, сенен жан сəулем” атты өлеңде
Мағжан ұлы неміс ақынының ғашығына арналған монологындағы
трагедиялық лиризмнің шетін сетінетпей жеткізген. Махабаттың
мұңды əуезін Гейненің “Күннің батуы” өлеңінің аудармасынан да
сезінеміз.
Лермонтовтың “Сарғайып келген егін толқынданса” деген
өлеңін аударған Мағжан табиғат пен адам жарастығынан керемет
үйлесімдік тауып, жеріне жеткізе жырлайды. Орыс ақынының
өлеңіндегі жанды сурет қазақ ақынының тəржімасында түп-
нұсқадан кем түспестей бейнеленген.
М. Ю. Лермонтовтың “Тұтқын” өлеңінің аудармасы – Мағжанның
орыс тілінің небір қыр-сырын, сан құбылған иірімдерін жетік білетін
жəне сол тілдің қазақ тіліндегі баламаларын дəл тауып қолданатын
шынайы шебер екендігінің нақты айғағы. Жуковский айтқан өлең
аудармасындағы хас таланттардың дүлдүл жарысын осы аударма-
дан тануға болады. Түпнұсқа авторының кескінді бейнелері, жанды
суреттері Мағжан аудармаларында қазақ оқырманының көз алдына
сол қалпы келе қалады.
Лермонтов:
Достарыңызбен бөлісу: |