Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет118/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

Арағы да, қарағы да құрысын!
Қиялтайым айтшы тағы, тағы ертегі!..
Мағжанның жанына жұбаныш, жалғыз алданыш осы – “ертегі”. 
Ол үшін “ертек” шындықтан да қымбат. Шындық шырмалған, сана 
уланған заманда одан басқа не жұбаныш болмақ. Ақын тағы “ертек” 
тудырады, ол – “Оқжетпес қиясында”. Ондағы “жынды қиял” – тіпті 
шарықтап кетеді. 
Мағжанның шағын поэмасының бірі – “Қойлыбайдың қобызы”. 
Мұнда ақын “Қорқыттағыдай” өнер құдіретін, рух құдіретін жыр-
лайды. Бұл поэмада Қойлыбай бақсының ат бəйгесіне қобыз 
қосқаны жайлы аңыз арқау болған. Мұнда əлеуметтік астар ба-
сым. Өнерпаздың ел алдындағы мерейі, халық құрметі бар мұнда. 
Өнерпаздың өнері келелі, аузы дуалы, сөзі жұғымды, ойы ұғымды 
болған, елі ардақтап, қадір тұтқан заманды аңсау меңзеледі.
Найманның арыстаны – батыр Барақ,
Өмірінде жан ба Барақ жаудан тайған.
Жарасқан бай мен биі, батыр, бақсы,
Алыста елестейсің заман қайран!
…Құдай-ау, албастының ойнағындай,
Мынау сұм заманға кез қылдың қайдан?
Шіркін-ай кер заманды күл қылар ем,
Бата алсам Бағаналы Қойлыбайдан.


358
М. Жұмабаевтың “Батыр Баян” поэмасы – қазақ поэзиясының 
биік шыңы. “Қазақтың өткендегі өмірі мінсіз, кірсіз, идеальный 
өмір көрінеді, оған бұрынғы өткен қарттар да, батырлар да, ақындар 
да, жақсылар да бұ заманда болмайтын жат адам болып көрінеді. 
Нағыз өмір, нағыз дəурен соларда болған “адам” деп “ер” деп ауыз 
толтырып айтуға солар жарайды. Бүгінгілер немене? Адамгершілік 
ар-ұяты жоқ, қыбырлаған қоңыздар, қорсылдаған доңыздар”… 
сықылды көрінеді.
Қазақ əдебиетінде романтизм дəуірі аяқталуға Мағжан көмек 
көрсетті деуге болады. Бұрын Мағжан өлеңдерінде орыстың түрлі 
ақындарына еліктегені көрініп тұрса, қазақтың ақындарымен 
танысқаннан кейін Ақан сері, Шəңгерейлерді жинағаннан былай, 
Мағжан өлеңінің бетін ескілікке қарай бұрады. Енді қазақтың ескі 
ақындарын дəріптейді. Қазақтың ескі заманын жырлайды. 
Ертегі, Қорқыт, Баян – Мағжанның романтизмі күшейгендігіне 
дəлел”, – дейді Ж. Аймауытов. Ақынды бүкіл болмысымен түсінген 
қаламгердің бұл ойлары “Қорқыт” пен “Батыр Баян” поэмалары тек 
қана романтизммен шектеліп қалмай, бойында реализмге тəн белгі, 
əдіс-тəсілдер түгелдей бой көтеріп, бір-бірімен тоғысып, толығудан, 
түйісуден туған дүние деп қарауға жол ашады.
Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,
Сұм өмір абақты ғой саналыға.
Қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі,
Сондықтан жаным күйіп жанады да, –
деп, “қолы емес, тілінің кісендеулі” болуынан бұл тіршіліктен 
безінген ақын “Қу өмір қызығы жоқ қажытқан соң, Толғанып 
қарауым сол баяғыға” деп өз сырын тағы ашып береді. Одан əрі 
ақынның романтикалық биік өресінің қиясына бірге самғап, іштей 
онымен сырласып кетесіз. Өткен замандағы өз ұлтыңның ұланғайыр 
даланы қорғаудағы ұмытылмас ерлік күресінің куəсі боласыз. 
Ұлтының айбары болған Абылайды, махаббат сезімінің құрбандары 
Ноян мен қалмақ қызын, елін жаудан қорғаған батыр Баянды та-
нисыз. Оның өкініш өзегін өртеген сəттегі жан-дүниесіндегі ала 
құйын сезімдер мен көзсіз ерліктерінің сырына қанығасыз. Ақын 
бірде мөлдір сезімді, бірде қайғының қасіретін алма-кезек жырлай 
отырып, оқушының сезімін үйіріп, ақындық құдіретіне табынды-
рып, өлең сөздің тылсым тереңіне тартады.


359 
Ақынның “Батыр Баяны” – тілі, сюжеттік құрылымы, ком-
позициялық құрылысы жағынан ең озық үлгідегі, Мағжандай 
ақынның шеберлігін, талантының сан қырын ашып, кемел дарынын 
тап басып танытатын туындының бірі.
Поэманың ең басты жетістігі Баян батырдың шындықтан 
сомдал ған соны тұлғасының жасалуы. Ол – шынайы көркем образ. 
Сыздықтай, Кенесарыдай, Қорқыттай, Қойлыбайдай аңызбен аста-
сып, ертегімен етене байланысып кеткен бейне емес, өмірдің реальды 
шындығынан жаралған толыққанды тұлға. Ол оқырманға бірте-бірте 
ашылғанмен, ə, дегенде-ақ өзіне ерекше тартып, өзгеше қызықтырады. 
Баянды алғаш ел тұтқасы хан Абылай сипаттауынан танимыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет