356
қалайда сыртқа шығуға тиіс. Ол жырға айналуы, жыр болғанда өксік
емес, өзегінде шоқ жатқан, үп етсе
отқа оранар отты жыр болуы
тиіс. Көкіректің гөй-гөйін шертер күй, дастанның құлақ күйін қалай
келтірмек?! Кенет, міне, табылды. Ол – есте қалған, ертегінің елесі,
сананың аялаған аңызы. Ақынның ашынған жаны содан байыз та-
бады, қиыннан қиыстырған “қызығына” жұбанады. Шым-шытырық
дүниеге шым-шымдап шындық енгізеді.
Бүгін жаным өртке оранған жанға ұқсап,
Бүгін жаным тым аңсады от құшақ.
Жынды жүрек тығылады аузыма,
Тілім-тілім тілсе келіп у пышақ…
Аласұрад, жынданады жас жүрек,
Қарақ керек, Арақ керек! Не керек!
Бəрі де жоқ, жалғыз жолдас – қиялым,
Жұбатады айтып маған тəтті ертек.
Ертегінің бас қаһарманы – Кенесарының Көкжал ұрпағы Сыздық.
Бірақ бұл – Абылайдың арыстан заманы, Кененің қабылан заманы
өтіп, ел азып, ер арыған заман. Ел рухын көтере алмай,
көкжал
Сыздықтың түзде жортқан заманы.
Алты алаштан алты адам ермеген…
Алаш сорлы келешегін көрмеген.
Орыс алды, қимылдаған қазақ жоқ,
Қайран Сыздық құса болды шерменен.
Қайран Сыздық елден үміт үзеді,
Жап-жас Сыздық елден, үйден безеді.
Жатып өлмей, жортып жүріп өлем деп,
Түркістанның бетпақ шөлін кезеді.
Мағжан поэманы неге “Ертегі” деп атады десек, онда үлкен мəн
бар. Айналасын өрт шалып, санасы түтінге
тұмшаланған ақынды
құтқарушы – қиял сəулесі. Ол ертегіден ем іздейді. Жапанда жалғыз
жортқан Сыздық – еркіндік символы. “Ел бүгіншіл, меніңкі ертеңгі
үшін” деген Ахаң ойымен астасатын бір сыр бар мұнда. Сыздық –
өз еркі өзінде жоқ. Торға түсіп тыпырламаған, қараңғы түнді қақ
жарып, түн жамылған “жəдігөй жауын” жеңіп, өзіне деген сенімін
357
жоғалтпаған жолбарыс жүрек. Осы сенім оның кеудесіне үміт отын
жағып, жүрегінде запыран уды жаяды.
Осы ойлармен Сыздық атын ерттеген,
Тап сол кезде ер жүрегі өрт екен…
Заман озды, адам тозды, ерлер жоқ…
Заман озды, ер заманы ерте кен.
Сыздықтың жалғыздығы – еркіндігі, еркіндігі ел үшін жасалар
ерлікке жетелейді.
Ертегі ермек емес, айтар ой сыртқа шықпай тұн-
шыққан заманда “ой түбінде жатқан сөзді” шығарар көркемдік тəсіл.
Бітті ертегі. Аласұрад жас жүрек,
Қарақ па əлде? Арақ па əлде? Не керек?
Достарыңызбен бөлісу: