352
Қорқыттай жанды жаспен жуа білсем.
Жас төгіп, сұм өмірде зарлап-сорлап,
Құшақтап қобызымды көрге кірсем!…
Мағжанның бұл сөздерін өмір мəнін, ондағы тартысты күрес
сырын толғаудан туған шешім деп қабылдау керек. Бұл – ақынның
сол тұстағы өз өмірінде тап болған қиындықтардың əсірінен
жазылған поэма. Өлімнен қашып, ажалмен күрескен Қорқыт
– Мағжан үшін мəңгілікке символ болар қаһармандық бейне,
өлмес рух. Оны жырлау – өмір үшін күресті жырлау. Тағдырдың
тақсіретін көп тартқанмен ақын о дүниені аңсайды деген ой тума-
уы керек, ол - өмірін күреспен өткізіп, “Қорқыттай қобызыммен
көрге кірсем” деген ұлы арман иесі. Ол өлмес рухтың күйін
шерткен Қорқыт қобызын ажалға қарсы күрес қаруы көреді. Ал
Мағжанның жан қобызы – оның поэзиясы, мəңгі жас,
өміршең
өлеңдері. Мағжанның сыршыл лирикаларынан бастау алған бұл
сарын – яғни өмірді бейнешілдік арқылы суреттеу, өмір мұң-зары
туралы ой толғау оның “Қорқыт” поэмасында жинақталып, ең
шырқау биігіне көтерілген.
Мағжанның поэманы “Қорқыт” деп атауында үлкен мəн-мағына,
терең сыр жатыр. Ақынның
өз поэмасына арқау етіп, аңыздағы
ажалмен алысқан
Қорқыт бейнесін алу себебі, біріншіден,
туған
əдебиеттегі озық бейнелердің болмысын жанымен түсініп, соны
өзінше жырлауды мақсат тұтқан ойдан туса, екіншіден, жалпы түрік
елінің өткенінен өзінің тынымсыз ойына тиянақ тауып, бабалар ру-
хына бас июді мақсат тұтқан ұрпақтың парыз көрінісі.
Мəңгілік өмір үшін күрескен Қорқыт Мағжан поэмасында
аңыздық бейне күйінде қалып қоймайды. Қазақ санасына ой мəйегі
тұнып қалған дана ойшылының, өнерлі рух ұстазына айналған күй
атасының романтикалық құлшыныстан туып, көркемдік шындықтан
жаралған көркем образы жасалады. Ақынның ол туралы:
Өткен күн ертегі ғой тамаша таң,
Ойласаң өткен күнді жұбанар жан.
Байқасаң адамзатта болған ба ақын,
Қорқыттай атасынан бата алған, –
деуі осыны танытса керек. Қорқыт – жанды бейне. Рухы күшті ұлық
ұстаз ажалмен күреске саналы түрде барады. Мағжан “Қорқытты”
белгісіздігі басым аңыздың ішінен шығып, өмірлік болмыстан туған
353
ақиқатты тұлғаға айналады. Ол ажалмен сенімсіз, тылсым күштер
арқылы емес, ұлы өнер күшінің
құдіреті, күңіренген күйдің сазы
арқылы кездеседі. Мұны ақын Қорқыттың ішкі əлемімен астасты-
ра бейнелеп, биік романтикалық рухтың табиғатын ашып, нанымды
суреттейді.
Мағжанды Қорқыт тақырыбы рух үндестігімен қызықтырған.
Өйткені Қорқыттың ажалмен күресі – ақынның бостандық сүйгіш,
азатшыл рухымен үндес. Мəңгілік өмір идеясы – мəңгілік еркіндік
идеясының əу бастағы шамшырағы іспетті. Қайда барса алдынан
“көр” шыққан Қорқыт тəрізді тəуелсіз өмірді аңсаған Мағжан əлемі
де үнемі қайшылыққа ұрынудан көз жазбайды. “Қолмен ұстап,
көзбен көріп” сендім дегені сағымға айналып шыға келсе амал бар
ма?! Аз уақыт ішінде тəуелсіздікке қол жетті деп, екі рет алданған
шерлі жүрек қалайша күңіренбесін. Ақын жаны қалай алас ұрмасын.
Достарыңызбен бөлісу: