Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет116/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

Ес білдім, алас ұрдым сағым қуып,
Жете алмай бетті талай жаспен жуып.
Артымда-ор, алдымда көр, өтеді өмір…
Дариға бесігімнен көрім жуық.
Көп заман жетеледі жынды жүрек,
Ойладым: “Жүрек жетер, ой не керек?!”
Тəтті у еді, сол удан неге айныдым?
Дариға үміт өлмек, жүрек сөнбек.
“Қорқыт” поэмасындағы автор ұсынған идея – мəңгілік күрес 
идеясы. Бұл Мағжан поэзиясындағы азатшыл сарынның негізгі желі 
екендігінің тағы бір дəлелі.
Мағжанның бір-біріне жалғас туған, алған тақырыбы да, ай-
тар ойы да ортақ екі поэмасы бар. Алғашқысы – “Оқжетпестің 
қиясында”, соңғысы – “Ертегі”. Алдыңғысы Кенесары жайлы 
болса, кейінгісі оның батыр ұлы Сыздық туралы. Екеуі де азаттық 
атты ұлы идеяны арқау еткен, соған бағытталған Мағжан мейлі 
аңыз араластырсын, не қиял қоссын соның бəрі бір ғана нəрсені 
жырлаудың ұтымды тəсілі болып шығады. Ол – бостандыққа 
ұмтылған халықтың күресшіл рухын ештеңе баса алмайтындығы, 
оның ғасырдан-ғасырға жалғасын тауып, ұрпақтан-ұрпаққа ауы-
сып кете беретіндігін меңзеген азатшыл идея. Соның бір куəсі 
– Əлихан, Ахаң, Жақаңдармен тізе қосқан ақынның өзі. Олар 


354
– кешегі Кенесары, Сыздық рухының ұшқыны. Олардың бұл 
ісінде Кенесары ұрпақтарының қатар жүруі – алтын арқаудың 
үзілмесінің белгісі. “Оқжетпестің қиясында” поэмасы арынды 
шабытпен басталады:
Арқада Бурабайға жер жетпейді,
Басқа жер ойды ондай тербетпейді.
Бурабай көліменен Көкшетауды,
Көрмесең көкіректен шер кетпейді.
Қиясы мен бұлт құшқан Оқжетпестей,
Басқа тау ойды аспанға өрлетпейді.
Арқада Бурабайға жер жетпесе,
Алашта Кенекеме ер жетпейді.
Көкшеде күңіренген Кене қайда?!
Дариға жүрегімді дерт өртейді.
Мағжан поэмаларының бір ерекшелігі ақын қай шығармасында 
болмасын алғашқы түйдекті шумағынан жазар тақырыбының мəнін, 
айтар ойын айқындап тастайды. Əрі бастау əрі түйін. Алғашқы 
жолдардан-ақ оқырман жүрегіне жол тауып, көкейіне ұялап, көңіл 
қылын шерте жөнеледі.
Мағжан жаны Кенені неге іздейді?! Міне, бар түйін осында. 
Поэманың жазылу мерзімі 1920-22 жылдар. Сана серпіліп, рух 
көтеріліп, ел деп атқа мінген күндер артқа қалған, жүрекке қайғы 
салған жылдар бұл. Сондықтан да өткенге қайырылады, содан жа-
нына тыншу табады. Ақын жаңа Кенесарыны көре алмай, жалған 
арман, сөнген үміт зарын жырлағандай əсерде болады. Қиялы көк 
пен жердің арасын кезіп, өткен мен бүгін, бүгін мен ертеңнің арасын 
айырып, жалғасын тауып, ой түбіне жетпек болған Мағжан мен “Оқ 
жетпестің қиясындағы” Кенесары ойы үндес. Сондықтан да ол:
Құдай-ау, мəңгілікке қарғамасақ,
Кенедей енді неге ер тумайды?!
Кене жоқ, ізін басар іні де жоқ,
Дариға, жүрегімді дерт улайды, –
деп күңіренеді. Поэмадағы лирикалық сезіммен ұштастырылған 
асқақ романтика осы күңіреністен нəр алады. Өйткені дəл Мағжандай 
ойы онға бөлініп, қалың күдіктен босар жол таба алмай, санасы 
сансырап “ой теңізін құлаштаған” Кенесарыны ұлы күреске жете-


355 
леген ата-баба “аруағы” емес пе?! “Ата – пір, қасиетті қарт баба” 
– елдің сағы сынбас, мəңгілік ұлтпен жасар ұлы рухы. Кенесарыны 
туғызған сол ұлы рухтағы сондай ұл берері ақиқат. 
Мерт болсаң мақсұтыңа жетпей егер,
Сол сағат мен осы жерде тасқа айналам.
Алашта тағы сендей ер тууын,
Төбеде тас боп шөгіп күтіп қалам.
Қара тасқа айналған, мəңгілік қалғымас рух ескерткіш – 
күресшіл ел қайсарлығының киелі белгісі. Атар таңға, шығар күнге 
деген сенім күші. Кенесарыны ел тəуелсіздігі жорығына бастаған 
“аруақтың”, бүгін болмаса да бір заманда қайта ораларына сенеді 
ақын. Аңыздан шындыққа тұғыр болар арқауды осылай табады. 
Мағжан үміті үзілмейді, оған поэманың мына жолдары куə:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет