Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет45/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

“Байладым белді бекем буайын деп,
Жүректі адалдықпен жуайын деп.
Талпынған мақсат іздеп махрұм қалмас,
Адамдық ғылым жолын қуайын” –
деп айқын білдірген. 
Ағасы Абайға берген уəдесінің үдесінен шығу ниетімен 1905-06 
жылдары қажыға барып қайтады. Сапардағы уақытының көбін 
Стамбул, Бағдат, Мысыр кітапханаларындағы ғылыми мұраларды 
оқуға, тарих тереңіне үңілуге пайдаланған. Үлкен баласы Ахаттың 
естелігі бойынша ол Стамбул кітапханасында он үш күн отырады. 
Шəкəрім ел ортасының дау-дамайынан, айтыс-тартыстарынан, 
қаскөйлік пиғылдарынан түңіліп, ең алғаш рет 1909-1910 жылдары 
оңаша елсізге кетіп, кітап оқу, жазумен шұғылданған. Шыңғыстағы 
Шақпақ тауының етегінде, өзі “Саят қора” деп атаған жерде еркін 
өмір сүріп, серуен құрып, шығармашылықпен айналысып, өзімен-
өзі болады. Ол туралы өзі былай дейді:
Кейбіреулер безді дейді елден мені,
Есалаң айтады екен сезіп нені…
Елу бес жыл жинаған қазынамды
Оңашада қорытам ойға салып.
Шəкəрім 1917 жылғы ақпан төңкерісін қуанышпен қарсы ала-
ды. “Бостандық таңы атты”, “Бостандықтың туы жарқырап” деген 
өлеңдер жазады. Осы кезде “Алаш” партиясы құрылып, қазақ зия-
лылары Шəкəрім сияқты халық алдында беделді ақсақалды өз орта-
сына шақырады. Шəкəрім алашшылдар съезінің құрметті ақсақалы 
болады. Қазақ зиялыларының ақылшысына, кеңесшісіне айналады.
1917-25 жылдар аралығында Шəкəрім өмірге қайта оралғандай 
болады, ел ішіндегі игі өзгерістерді құптайды, газет-журналдар 
бетінде замана ағымына үн қосқан өлеңдер бастырады. Алайда 
оның тыныштық жағдайда өмір сүріп, шығармашылықпен алаңсыз 
шұғылдануына ойы таяз əсіре белсенділер мүмкіндік бермейді. 
Жетпіс екі жасқа қараған шағында Шəкəрім тағы да Шыңғыс тауына 


144
кетіп қалып, жалғыз тұрады. Соған қарамастан жергілікті ГПУ-дың 
бастығы Шəкəрімге сенбейді, оның елсізде жалғыз жүруі сезікті 
ойға от береді. Өздері бандалар деп есептеген адамдарды ұстауға 
келе жатқан ГПУ бастығына аң аулап жүрген Шəкəрім кездеседі. 
Олар ақ-қарасын айырып жатпай, Шəкəрімді атып тастайды. Міне 
осылай 1931 жылы 20 қазанда ұлы ақын қайғылы қазаға ұшырайды.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ əдебиеті 
тарихында Абайдан кейінгі ұлы ақынымыз – Шəкəрім. М. Əуезов 
өзінің 1934 жылы жариялаған “Абай ақындығының айналасы” де-
ген мақаласында: “Біз Абайдың дəл өз тұсында, өз дəуірінде еңбек 
еткен бірнеше ақын туралы ғана қысқаша айтып өтеміз. Мұндай 
ақын – төртеу. Оның екеуі Ақылбай, Мағауия. Абайдың өз балала-
ры. Қалған екеуі – Көкбай, Шəкəрім. Осы төрт ақын Абайдың нағыз 
толық мағынадағы шəкірттері”, – деп жазды.
Шəкəрім өзінің жарты ғасырдан астам шығармашылық жолында 
мол əдеби мұра қалдырды. Оның өлеңдері мен поэмалары, прозалық 
шығармалары мен публицистикалық мақалалары, жұмбақтары мен 
мысалдары, философиялық ой пайымдаулары, түрлі тілдерден 
тəржімалаған туындылары қазақ əдебиетінің тарихына қосылған 
баға жетпес асыл қазына болып табылады. Жеті жасынан бастап 
өлең жазған Шəкəрімнің жеті-сегіз кітабы ғана баспа бетін көрген. 
Баласы Ахат Шəкəрімұлының естелігі бойынша алғашқы өлеңі бы-
лай болып келеді:
Өмір сүріп жүруші ем жазда сайда,
Өлтірдің одан таптың қандай пайда.
Жетімдік қандайлығын көзің көрді,
Кешегі тірі жүрген əкең қайда?
Менің де жетім қалды балаларым,
Оларда жылайды аңсап аналарын.
Өзің жетім, жетімді аясаңшы,
Жоқ екен басыңда ми-саналарың…
Бұл өлеңнің шығу тарихы əке өліміне байланысты. Əкесі 
Құдайберді қайтыс болғанан кейін еш нəрсенің байыбына бара 
қоймаған жас бала Шəкəрім төбе үстінде ойнап отырып тасқа 
өрмелеп бара жатқан жұлдыз құртты өлтіріп алады. Сол арада əкесін 
сағынған жас бала əке өлімі мен осы өлімнің арасынан санасы бір 
байланыс іздегендей боп əлгі өлеңді шығарады. “Кешке шешелеріне 


145 
оқып берген де, олар жылап енді өлең жазба жүрегіңе түсіп кетеді” 
дейді. Бала Шəкəрім біраз уақыт өлеңді қойып кетсе керек. 
Баласы Ахатқа айтқан өзінің бір естелігінде Шəкəрім: “30 жас 
шамасында (1888 жыл. – Ө.Ə.) бір айдай тілім байланып, сөйлей 
алмай қалдым. Осы кезде жеті жастан бастап жазған өлеңдерімді 
өртеп жібердім. Артынан Абай ұрысты, өзім де өкіндім”, – депті.
Шəкəрім шығармаларының басым көпшілігі Қазан төңкерісіне 
дейін жазылып, біразы баспада жарияланып, кезінде өз бағасын 
алған. Қазан төңкерісіне дейін оның бірнеше кітаптары жарық 
көреді. 1878-1909 жылдар аралығында жазған өлеңдері “Қазақ ай-
насы” (І-бөлім) деген атпен 1912 жылы Семейде “Жəрдем” баспасы-
нан, “Түрік, қырғыз, қазақ һəм ханлар шежіресі” мен “Мұсылмандық 
шарты” Орынборда 1911 жылы Каримов-Хұсайынов баспасынан, 
“Қалқаман-Мамыр” поэмасы мен “Еңлік-Кебек” немесе “Жолсыз 
жаза, яки кез болған іс” деп атаған поэмасы 1912 жылы Семейдегі 
“Жəрдем” баспасынан жарық көрген.
Кеңес дəуірінде Шəкəрімнің бірді-екілі шығармасы жарық көрді. 
Физулидің “Лəйлі-Мəжнүн” поэмасының еркін аудармасы алғашқыда 
“Шолпан” журналының 1922-23 жылдардағы 2-3, 4-5, 6, 7, 8 санда-
рында жарық көрді. Кейін 1935 жылы Алматыда С. Сейфуллиннің 
алғы сөзімен жеке кітап болып басылып шықты. А. С. Пушкиннен 
тəржімалаған “Дубровский əңгімесі”, “Бораны” т.б. жарыққа шықты. 
Ақынның мол мұрасының 30-жылдардан кейін зерттелмей, ба-
сылмай келуінің себебі бір кездегі жалған жаланың құрбаны болып, 
халыққа жетпей жатуынан болатын. Соған қарамастан, қазақ зия-
лылары əр тұста Шəкəрім шығармашылығына назар аударып келді. 
1959 жылы “Қазақ əдебиеті” газетінде ақынның бір топ өлеңдері Ə. 
Тəжібаевтың алғы сөзімен жарияланса, белгілі ғалым Ы. Дүйсенбаев 
Ш. Құдайбердиев туралы əдеби энциклопедияға арнайы мақала 
жазды. М. Базарбаев докторлық диссертациясында (1968-69 жж.) 
Шəкəрім мұрасын талдап, 1978 жылы М. Мағауин Ленинградта 
шыққан қазақ ақындарының жинағына Шəкəрім өлеңдерінің топта-
масын орыс тілінде өмірбаянымен қоса жариялады.
Бір атап өтетін жайт, Ахаттың айтуы бойынша, Шəкəрім 
өзінің мол мұрасының ішінен үшеуін нашар деп бағалапты. Бірі – 
“Мұсылмандық шарты” деген кітабы. “Мұны надан білімнен ха-
барым жоқ кезімде, басқа жұртта “Ғибадат исламия” деген кітап 
бар, олар араб не түрік тілінде жазылады, қазақ тілінде жоқ деп, 
соларға еліктеп жаздым. Оны мансұқ еттім”, – деген. Екіншісі – 
10–853


146
“Түрік, қырғыз, қазақ һəм ханлар шежіресі”. “Түрік, қырғыз, қазақ 
һəм ханлар шежіресі” деп өлеңмен түрік қағанында болған хандар-
ды жаздым. Бұл жасымда шежіре жазбақ болып, бірнеше елдердің 
шежірелерін оқығанда, “Отечественная история” деп патша, хан-
дарды жазғандарын көріп, еліктегенім, осы да біліми көзқараспен 
айтылмаған»”, – дейді. Үшіншсі – “Нартайлақ пен Айсұлу” по-
эмасы. “Нартайлақ пен Айсұлу” поэмасының поэзиялық жағының 
төмен болуының негізгі себебі асығыс жазылуынан болса керек, 
егер пьесаға аударылса, қызық болар еді”, – депті .
1990 жылдарға дейін Шəкəрімнің шығармашылығы күрделі 
ғылыми-зерттеу еңбекке арқау болған емес. Тек кейінгі жылда-
ры ғана қолға алынған жұмыстың нəтижесінде бірқатар ғылыми 
еңбектер жарық көрді. Бұл іске Қ. Мұхамедханов, Ш. Сəтбаева, 
М. Мағауин, Р. Нұрғалиев, М. Базарбаев, Х.Сүйіншəлиев, Б. Əб-
діғазиев жəне т.б. ғалымдар атсалысып, біраз іс тындырды.
Ақын – заманның төл перзенті, ұлтының рухынан нəр алған жан. 
Сондықтан да қай ақын болмасын оның поэзиясында өзі ғұмыр 
кешкен кезеңнің сыр-сипаты, дəуір алға тартқан өзекті мəселелер 
көрініс табады. Бұл қағиданың нақты айғақтарын қазақ ұлтының 
ұлы ақыны Шəкəрім Құдайбердиевтің шығармашылығынан да 
көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет