149
сымен тіпті үндесіп, оның рухын терең ұғынғандығын дəлелдей
түседі.
Кім жалғыз, дүниеде есті жалғыз,
Болмаған соң мұңдасар бір сыңары.
Жалтақтап жалғыз Абай өткен жоқ па?!
Табылды ма қазақтан соның пары?
Мұнысы “бұл қазақтан мұңдасар жан таппаған” Абай рухымен
астасу емей, немене? Ұстаз жанын таныса, Шəкəрімдей танысын!
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап күрт алға басқан
ағартушылық ой-сананың өрістеуі
Абай арқылы қазақ поэзиясы-
на азаматтық ой-толғанысты əкелген болатын. Шəкəрім де ұлы
ұстаз ұстанған осы бағытты дамытты. Азаматтық поэзияға тəн биік
асқақтық, өмір құбылысына терең үңілген таным-толғам Шəкəрім
өлеңдерінің басты идеялық тұғырына айналды. Ақынның шы-
найы азаматтық болмысын, ақындық сенім көзін айқындайтын ба-
сты тақырыптар – қоршаған орта, табиғат əлемі,
тартысты қоғам,
қоғамдағы адам, оның болмысындағы қадір-қасиет, адамгершілік
қағидалары жəне
мінез-құлық, тəрбие негізі. Шəкəрім үшін нағыз
адам деген атқа лайық жандар – ең биік идеал. “Ескіден қалған сөз
теріп” өлеңінде осы нақты көрініс тапқан:
Жүрегі таза адамдар,
Зұлымдықтан амандар,
Қиянатсыз надандар
Əулиеден кем емес.
Сондықтан да жалпы адамзатқа тəн асыл қасиеттер адалдық пен
əділдік, білімділік пен еңбекқорлық,
парасаттылық пен зиялылық
мəселелерін жырлауға келгенде Шəкəрімге жетер ақын жоқ. Осынау
ізгі қасиеттердің маңызын ашып жəне оған терең мəн бере отырып,
ақын айналасындағы адамдар бойындағы қасиетсіздікке жирене
қарайды. Өмірден көргені мен одан түйгенін өлең арқылы оқырман
мен тыңдарманға ақтарып салады. “Насихат” өлеңінде ақын:
Адалдық жолы болар заман бар ма,
Жем болдық шын жексұрын надандарға.
Адастың деп отырмын айғай салып,
Бар тапқаным сол болды, амал бар ма… –
150
деп күйінеді. Ол надандық торлаған қазақ даласына адалдық келіп,
əділет жолбасшы болар күнді армандайды. Бұл арадағы ақын
арманы
ащы өксікке толы, үнінде зарлылық басым. Ол осынау
надандықтың түп тамыры адамдардың бойындағы сауатсыздық
пен қараңғылықта, жалқаулық пен бойкүйездікте жатқанын жақсы
біледі. Шəкəрімнің сыршыл поэзия
арқылы адамдық болмысты
тануға ұмтылған азаматтық ірі мақсатының бірі – ұлтының бой-
ына бəле болып жабысқан осы бір жағымсыз қасиеттерден арыл-
ту. “Үйретуден жалықпау” қағидасын ұстанған Абайды дана ұстаз
таныған Шəкəрім ұлы ақын ұсынған адамды адамдыққа тəрбиелеу
атты жанды идеяны одан əрі дамытты. Данышпан Абай:
Болмашы кекшіл,
Болсайшы көпшіл.
Жан аямай кəсіп қыл! –
деп нақыл айтса, Шəкəрім де ұлтқа қызмет етуді адам баласының ең
басты міндеті, қасиетті парызы санайды.
Адамдық борышың,
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта, оны біл.
Мұнда ол өзінің өмірлік тəжірибесін алға тартады. Шəкəрім
өлеңдеріндегі азаматтық тұлғаның болмысын айыратын көрсеткіште
осыған тығыз байланысты. Яғни ұлт алдындағы борыш ұғымы
алдыңғы
қатарға шығып, азаматтың халқына сіңірген еңбегіне
қарай бағалануы. Ал өмірде адам болып қалу үшін, адамгершілікті
жоғалтпау үшін не қажет?! Адамның адам болып қалуы – əлемдегі
сөз өнерін қадір тұтқан бұрынғы-соңғы бар суреткерді толғандырған
киелі мəселе. Замананың заңғар жазушысы Шыңғыс Айтматов бұл
сұрақты ХХ ғасыр биігінен адамзат алдына қоя білді. “Қашан адам
қалады адам болып?! Соғыста да сол сұрау, бейбіт күнде де
сол
сұрау!” деген ұлы толғаныс адам өнер атты ұлы үрдісті жанына арқау
еткелі бері “күн тəртібінен” бір түскен емес. Бұл сұрақ қазақтың
ұлы ақындары Абай мен Шəкəрімді де өмірді сөзбен өрнектеген
суреткер ретінде толғандырмай қоймасы хаһ. “Адам деген даңқым
бар, Адам қылмас халқым бар” деп күңіренген
Абай ұйықтаған
151
ойды түртпек ниетпен адамның адам болып қалуын көздеп, талай
даналықты алға жайып салды. Ұлы ақынның адам болып қалу үшін
ұсынған бес қағидасын:
Достарыңызбен бөлісу: