162
Қыз жанының нəзіктігі, сезімталдығы, оның ішкі рухы осы
сөздердің өн бойынан төгіліп тұрған жоқ па? Яғни Шəкəрім
кейіпкерлердің сөз қатысын олардың бітім болмысын ашуға оңтайлы
пайдаланып, сол арқылы кейіпкерлерінің жан-дүниесіне
терең
бойлаған. Сүйгеніне деген адалдыққа, махаббат атты ұлы сезімге
деген пəктікке Мамыр өмірінің соңына дейін берік болады. Ағасы
Көкенайдың қолынан қаза табар сəтте қайсарлығын, өжеттігін
сақтап қалуы оның бейнесін биіктете түседі. Ол өзінің ажал алдын-
да тұрғанына өкінбейді, тілегі тек Қалқаманның амандығы.
– Көкенай, қорғамаймын, сөзіме бақ,
Ісім жөн, бір құдайға көңілім хаһ.
Мойныңа менің қаным халал болсын,
Болма енді Қалқаманның қанына ортақ.
Кешікпей мен өлемін, сен тірісің,
Іс емес құдай кешер қылған ісің.
Өлтіртпе, тілегім сол, Қалқаманды,
Барасың тəңір алдына, білемісің?
Мамырдың осы соңғы сөзінде өз ісіне өкіну жоқ. Тек тағдырға
мойынсыну бар. Ол
өзінің адалдығына сенімді, махаббат атты
ұлы күштің құдіретіне шырмалып, құрбанға шалынғанын жақсы
түйсінеді. Осы қасіретті оқиғаның құрбаны жалғыз өзі ғана болуын
қалайды. Сондықтан да оның аузынан шыққан соңғы сөз “Қалқаман,
аман бол!”.
Поэмадағы Қалқаман – шыншыл бейне. Оның өзгелерден ар-
тылып, көзге ұрып тұрған ерекшелігі жоқ. Ол – шыншылдығымен,
қарапайым жан ретіндегі іс-əрекетімен сүйсіндіретін кейіпкер.
Қалқаман – Мамырға шын ғашық жан.
Өз тілегіне орай, қыз
келісімін алған жігіт, алдағы қиын-қыстау күндердің, тартыс-
таластардың боларын біле тұра, күрт
шешім қабылдап, берік
байламға келеді. Сөйтіп, Мамырды алып қашады. Бұл – Қалқаман
бейнесінің ірі қимылға барар азаматтық тұлға екенін байқататын
бір көрініс.
Қалқаманның Мамырдай аруға тең, Мамыр махаббатына сай
тұлға екендігін танытатын екінші бір көріністі Шəкəрім
поэма
соңында береді. Мəмілеге келмеген Көкенай ақырында садақпен
атып, қара санынан жаралағанда, “Мамырдан қалған жанның керегі
163
не” деп, басын оққа байлаған Қалқаманның аман қалғанын көріп,
“А, құдайлап” шауып келген құрбы-құрдасына ол былай дейді:
Достарыңызбен бөлісу: