А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Болжалды түрде үлгіге ұқсату тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет96/102
Дата20.06.2022
өлшемі2,39 Mb.
#37098
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   102
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva (3)

Болжалды түрде үлгіге ұқсату тапсырмалары:
1-тапсырма: Сӛз айшығын құраңыз, аяқтаңыз. «Біз келешекке сенеміз,
себебі…», «Біз білімді жастарға сенеміз, себебі…» «Мұғалім ұрпақ тәрбие-
сіндегі басты тұлға, ӛйткені… Сӛз соңындағы ырғақ пен түйінді эмоциялық 
жағдайға қалыптастырыңыз. 
2-тапсырма: Әдеби шығармадағы кейіпкерге берілген портретті үлгі 
ете отырып, ӛзіңіз қалаған кейіпкердің портретін ауызша жасап кӛріңіз.
3-тапсырма: Оқылған кӛркем шығармадағы кейіпкерге берілген 
мінездеу үлгісін ала отырып, ӛз сыныптасыңызды не құрбыңызды мінездеңіз.
Жағдаят құруға бағытталған риторикалық ойындар:
1-тапсырма: Ата-аналар жиналысында тәртібі қиын балаға мәселесі 
талқылануда (Ситуациялық жағдайды ӛзіңіз ойластырыңыз). Ата-аналар 
арасындағы таласты шебер сӛзбен шешуге тырысып кӛріңіз.
2-тапсырма: Ӛз сыныптастарыңызды немесе құрбыларыңызды «бақыт» 
ұғымы туралы пікіріңізге иландырыңыз, сендіріңіз.
3-тапсырма: Сіз достар клубын ашқыңыз келді. Құрамына кіретін 
жандар «нағыз дос» ұғымына анықтама беру арқылы ғана ӛкілеттілік 


228 
қағазын ала алады. Әр адам ӛз анықтамасын ӛткізуге тарысады. Осы 
анықтамаларды топтап, саралаңыз да ерекше ұғым құрағандарын 
талқылаңыз, немесе жоққа шығарыңыз. Анализ, синтез арқылы «нағыз дос» 
деген ұғымның ортақ анықтамасы жасалуы керек.
4-тапсырма: Ерекше айшықты дәйексӛз даярлаңыз. Тақырыптары: 
«Адамзаттың сан ғасырғы асыл қазынасы кітаптарды электронды 
оқулықтар алмастыра ала ма?», «Ғасыр қойнауынан жеткен кітап 
қазынасы және электронды оқулықтар», «Кітап, оқырман, заман» (берілген 
тақырыптың біреуін таңдай отырып ойыңызды дәлелдеңіз).  
Шығармашылық тапсырмалар: 
1- тапсырма: Досыңыздың туған күніне, кез-келген мейрамға, мектеп 
басшылығы ретінде құттықтау мәтінін даярлаңыз. Мәтіннің мазмұны
құттықтау сӛздің жанрына сәйкес келуі керек әрі құттықтаушы жақтың жеке
қарым-қатынасы кӛрінетін болуы шарт.
2-тапсырма: 
Мектептегі әдеби бірлестіктің ұйымдастыруымен
халықаралық конференция ӛтпекші. Сіздің міндетіңіз конференцияға шақыру 
хатының мәтінін документтік жанрдағы шарттармен жазу. Риторикалық
мәтіннің тәсілдерін қолданыңыз. 
3-тапсырма: Ғылыми жобаны сәтті қорғадыңыз. Жетекшіңізге алғыс 
хат жазыңыз. Мәтінді шешендік бағытта құрыңыз. Сіздің сӛзіңізден 
жетекшіңізге деген құрмет сезімі, алғысыңыз бен риясыз кӛңіліңіз, қарым-
қатынасыңыз айқын сезілетіндей болуы әрі жетекшіңізге де сондай ізгі кӛңіл-
күй қалыптастыратындай болуы шарт. 
4-тапсырма: «Ең ардақты жан», «Арулар – асыл жандар», т.б. тақы-
рыптардың біріне эссе жазыңыз. Эмоциялық әсер туғызарлық сӛз оралымын 
кірістіріңіз.
5-тапсырма: «Мен кӛксеген ұзтаз тұлғасы», «Заман адамы» эссе 
жазыңыз. Дәлелдеулер мен жоққа шығару, иландыру тәсілдерін қолданыңыз.
6-тапсырма: «Ұстазым ұлағатым», «Анасыз бұлбұл құс та сайрамаған» 
осы тақырыптарға сӛз даярлаңыз. «Мейірім» «шуақ», «аялы», «аяулы», 
«ардақты», «қамқоршы», «ұстам», «ӛнеге», «тәлім», «ұлағат» «жан шуағы» 
т.б. сӛздерге эпитет құра, синонимдік қарар жасаңыз, антонимдер жазыңыз. 
7-тапсырма: «Жаз», «қыс», «күз», «кӛктем» т.б. сӛздерге метафоралық 
тіркес құраңыз. Метафоралық ой құраңыз. 
8-тапсырма: Ерекше айшықты дәйексӛз даярлаңыз. Тақырыптары: 
«Кітап болмаса біз жабайыланар едік», «Ақыл мен сенімсіздік барлық 
зұлымдықтың бастауы», «Отан — иен дала емес, Отан — халық». 
9-тапсырма: Міндетіңіз — коммуникация, коммуникативті, коммуни-
кант терминдерін тіл айналымына ендіру; а)толық мағынасын ашу; ә)нақты 
тарихи сӛздік; б) синонимдер табу. 
Ұсынылып отырған тапсырмаларды әдістеме ғылымында белгілі 
дәстүрлі әдіс-тәсілдерді толықтыру мақсатында сыныптық сағаттар мен 
қосымша тіл дамыту жұмыстарында жүргізуге болады.
Түйіндей айтқанда, жеке тұлғаның интелектуалдық ойлау белсен-
ділігін арттыру, сӛйлеу тілін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау 


229 
әдебиет сабағының негізгі ұстанымы ретінде жүйелі де бағдарлы жұмыс пен 
кешенді тапсырмалар негізінде жүргізілген жағдайда оқушының тұлғалық 
қасиеттерін дамытуға болады, дарынды тұлға қалыптастыру мүмкіндіктері 
молаяды. Оқушының сӛз ӛнеріне деген танымы мен талғамы ӛседі, қызығу-
шылығы артады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет