Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары:
1.Оқушылардың сӛйлеу тілін дамытудың маңыздылығын түсіндіріңіз.
2. Оқушылардың сӛйлеу тілін дамытудағы жетекші ұстанымдарды атаңыз.
3.Сӛйлеу тілін дамыту бағытында оқушылардың қандай құзіреттіліктерін қа-
лыптастыру кӛзделеді?
4.Оқушылардың сӛйлеу тілін дамытуға ықпал ететін сұрақ-тапсырмалар
даярлаңыз.
Әдебиеттер тізмі:
1.Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы,-А.,Мектеп, 1966,-217б.
2.Кӛшімбаев А., Қазақ әдебиетін оқыту методикасы,-А., Мектеп, 1969,-217бет.
3.Құтхожина Р. Қазақ әдебиетін оқыту/методикалық нұсқау/ 6 класс. А., Мектеп,
1984. 6-б.
4.Жұмажанова Т.Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., Білім. 2009. 131-133бб.
Қосымша әдебиеттер:
1. Голубков В. Методика преподавания литературы. М., 1962.
2. Никольский В. Методика преподавания литературы в средней школе. М.,
Просвещение, 1971.
3. Методика преподавания литературы (под ред. З.Я.Рез) М., 1985.
ІV. 2. ӘДЕБИЕТТІ ОҚУ ҤДЕРІСІНДЕ ОҚУШЫНЫҢ ЖАЗБА
ТІЛІН ДАМЫТУ
1. Оқушылардың жазба тілін дамыту – шығармашылыққа бастар жол.
2. Оқушының жазба тілін дамыту мәселесінің зерттелу жайы.
3. Оқушылардың жазба тілін дамыту амалдары.
Оқушылардың жазба тілін дамыту – шығармашылыққа бастар
жол. Оқушының жазба тілін дамыту - әдебиет пәнін оқытудың, білім мен
тәрбие берудің ең маңызды да салмақты мәселесі. Ол арқылы жас ӛркенді тіл
ӛнеріне баулу, кӛркем шығарманы терең меңгеру, ойын жатық та кӛркем етіп
жеткізе білу, мәдениетті де сауатты жаза білу іс-әрекеттері жүзеге асады.
Оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде оқушының жазба тілін дамыту,
шығармашылыққа баулу қоғам талабынан туындайды. Қоғам қашан да
шығармашылық қабілеті дамыған, дарынды тұлғаларға зәру. Бүгінгі ӛзгерген
заманға сай ӛзгеше қабілет-қасиетке ие жаңа адам, тұлға қалыптастыру
қоғам алдындағы үлкен міндет. Қазіргі уақытта мамандықтың барлығы
бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығарма-
шылық мүмкіндікті, ӛзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана
қоймай, оларды керек бағытына қарай шығармашылықпен бұра білу
230
қабілеттілігін қажет етеді. Ол шығармашылық үдеріс үстінде қалыптасатын
тұтас кешенді қабілеттер болып есептеледі.
Әдебиет пәні ӛнер пәні ретінде шығармашылыққа баулудың мол
мүмкіндігін тудыра алатын қасиетімен ерекшеленеді. Әр оқушы табиғатында
болмыстан қалыптасқан шығармашылық кӛзі болады. Әдебиет пәні арқылы
оқушының шығармашылық мүмкіндігіне жол ашудың толып жатқан
жолдары мен тәсілдері бар. Әдебиетті оқыту әдістемесінде оқушының жазба
тілін дамыту мәселесін жазылған әдістемелік еңбектерде оқушылардың жазба
тілін қалыптастыру жолдары арнайы зерттеу нысанына алынбай келеді.
Ілгері, кейінді жазылған мақалаларда бұл арнайы зерттеуге нысан болатын
үлкен мәселе ретінде сындарлы ойлар айтылғанымен, аталған тақырыпта
әдістемелік зерттеулер жоқтың қасында.
Шығармашылық – дамудың кӛзі. Ол бүкіл болмыстың, қозғалыстың,
дамудың, жалпы айтқанда, барлық ой-қиялдың нәтижесі. Табиғат, қоғам
құбылыстарында, жеке адамның ақыл-санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан
дүниесінде шығармашылықтың табиғи үдерістері үздіксіз жүріп жатады. Ол
үдеріс жүйесіз жүрмейді, белгілі бір табиғи заңдылықтармен, табиғи жүйемен
дамиды.
Қазіргі білім беру жүйесінде оқушының жазба тілін дамыту, шығар-
машылық мүмкіндіктерін ұштау мәселесі жиі айтылып жүр. Оқушының
жазба тілін дамыту мен шығармашылыққа баулу мәселесі бірін-бірі толық-
тыратын бір жүйе.
Әйтсе де шығармашылық дегенді кӛбіне дарынды оқушымен жұмыс
ретінде ғана қарастыратын қате ұғым бар.
Шығармашылық әдебиетті оқыту үдерісінің ажырамас бір бӛлігі.
Ә.Қоңыратбаев мектептегі әдебиет пәнінің мақсат, міндеттеріне оқушы-
лардың тіл мәтениетін жасауды жатқыза отырып, тіл мәдениеті сӛйлеу тілі
мен жазба тілдің дамуы нәтижесінде қалыптасатынын айтады: «Сӛйлеу тілі
мен жазба тілі бірін-бірі толықтырады, бір-бірімен тығыз байланысты. Бірақ
бұлардың қызметі, табиғаты бірдей емес. Сӛйлеу тілі тыңдаушыға арналса,
жазу тілі оқушыға (анығырақ айтқанда оқырманға Б.Ж.) арналады. Бұлардың
ӛзіндік мәнін, мақсатын білу қажет. Мысалы, тыңдаушыға арналған сӛйлеу
тілінде ой-сезім толқыны, интонация, пауза, дене қимылы, дауыс қарқыны,
жанды сӛйлеу формасында, құлаққа әсерлі түрде, ойды бірден сӛз, сӛйлемге
құрып, тӛгіп айту элементі басым болады. Ол – кӛп ойланып жатпайтын
ойдың дәлдігі, жүйелілігі, сӛйлемнің дұрыс құрылуы, зор лексикалық
байлығы керек. Жазу тілінің табиғаты одан біраз басқалау. Жазу тілі баланың
текст бойынша үңіле жұмыс істеуіне жол ашады. Ойды жүйелеп, дәлелдеп
жеткізе айтуға баулиды»
1
, – дейді.
Оқушының сӛйлеу тілі мен жазба тілі дамыған ӛзіндік ой-пікірі
қалыптасқан, рухани шыңдалған тұлға болып қалыптасуына жағдай туғызу
әдебиет пәнінің басты міндетіне жатады.
1
Қоңыратбаев Ә.Әдебиетті оқыту әдістемесінің очерктері. А., Мектеп. 1962.
231
Шығармашылықтың түрлері кӛп. Алайда сӛз ӛнері – солардың
барлығының ішіндегі ерекше саласы. Сӛз ӛнері жеке адамның шексіз
мүмкіндігін ашу қасиетімен де ӛзгеше. Сӛз ӛнерінің осы қасиеті әрбір кӛркем
шығарманы меңгерту, олардың стилін, поэтикалық тілін таныстыру, сӛз
орнын, оның кӛтеретін идеялық-эстетикалық жүгін таныту арқылы емес,
нақты, жанды шығармашылық үдерісте ғана балаға сәулесін түсіреді.
Оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде оқушының жазба тілін дамыту қоғам
талабынан туындайды. Ертеңгі қоғам азаматы ӛз-ой пікірін ауызша да,
жазбаша да еркін жеткізе алатын ӛзіндік ой-пікірі бар тұлға болуы керек.
Шығармашылық қабілеті дамыған оқушыдан кез-келген қоғамдық істе
шығармашылық қабілет пен үлкен қажыр-қайрат кӛрсете алатын тұлға
қалыптасады.
Ал психологтар шығармашылықпен айналысудың қажеттілігін
шығармашылық үдеріс үстінде қалыптасатын тұтас кешенді қасиеттермен
байланыстырады. В.С.Шубинский «Педагогика творчество учащихся» атты
еңбегінде
1
шығармашылық үдерістің ӛту сатыларын жіктеп, әр сатыда
оқушыда қалыптасатын шығармашылық қасиеттерді талдап кӛрсетеді.
Шығармашылық қасиеттерді кешенді жүйе тұрғысында түсіндіреді.
Шығармашылық үдерістің бірінші сатысында (шығармашылық кӛңіл
күйдің тууы) кӛрінетін қабілет-қасиеттер:
Бірінші саты – жаңаны, ӛзгеше тың дүниені сезе білу, қарама-
қайшылықтарды түсіне білуде сезімталдық, сындарлылық, шығармашылық
ой талдауға бейімділік, жан дүниесінде ішкі тартысты оята білу қабілеті,
танымдық қызығушылық.
Екінші саты (оқиға, образ жасаудың бағыт-бағдар ұстанар кезеңі –
эвристикалық саты) – интуиция, шығармашылық қиял, әдемілікті сезіне білу,
сӛз ұшқырлығы, қайшылықтарды түсіну, ой қызметінің ерекшелігі,
батылдық, шығармашылыққа деген ішкі құштарлық; үшінші саты (сын,
дәлелдеме сатысы) – ӛзіндік сын, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу,
дәлелдеме, дәйектемелер ұсына білу, оның формаларын табу.
Ендеше, қазіргі таңдағы әдебиет пәні мұғалімінің міндеті де – осы тың
қасиеттерді оқушысының бойынан аша білу. Ертеңгі күні қазақ мектебін
бітірген жас ұлан қоғам алдында дәрменсіздік кӛрсетпеуі үшін шаруашы-
лықтың кез келген саласына қажетті ортақ білік-дағдыны мектептен алып
шығуы тиіс.
Неліктен шығармашылыққа үйретудің бірден-бір мазмұн-формасы –
кӛркем сӛз деген ой туындайды.
«Оқушылардың кӛркем шығармашылық қабілетін дамыту» мәселесін
зерттеген Қ.Әбдібекқызы бірнеше кӛркем мысал келтіреді: «Сӛз ӛнерін
меңгеру барлық адамға суреткер болу үшін емес, ешкімге, ешнәрсеге тәуелді
болмау үшін керек» деген Д.Родаридің пікірін айта келіп, «Бұдан 2,5 мың
жыл бұрын ӛмір сүрген қытай философы Конфуций, грек философы Платон
(б.з.д. 427-347) дарынды балаларды патша сарайында арнайы тәрбиелегенде,
1
Шубинский В.С. Педагогика творчество учащихся.М., Знамя. 1988. 36 б.
232
ең алдымен, оларды кӛркем ӛнер түрлеріне үйреткен. Олар, әрине, осылардан
сарай ақындары, суретшілері шықсын дегенді мақсат тұтпаған. Ӛз ұлтын,
мемлекетін ӛркендететін білімді, алғыр, болашақ данышпан шәкірттер
тәрбиелеу үшін, бірінші кезекте балалардың сезімталдығын, ойын, тілін
дамытуды қолға алған»
1
деген мәліметті айтады.
Шындығында бүгінгі қоғамның кӛркем әдебиетке салғырттығы, түптеп
келгенде шығармашылықты шектеуге әкелетін болжауға болады. Бүгінде
кӛптеген мектептерде жоғары сынып оқушыларын ұлттық бірыңғай тестіге
дайындау салдарынан әдебиеттің тарихи курсы ӛз мәнінде оқытылмайтын
тенденция етек жайып отырғанын мойындауымыз керек. Ал қазақ
әдебиетінің кӛрнекті тұлғалары, классик қаламгерлердің шығармаларының
кӛбі әдебиеттің қысқаша тарихи курсын оқитын жоғары сыныптарда екенін
еске салайық. Жалпы білім беретін мектептердің білімін қорытындылау
тестісіне математика пәні жаппай міндетті саналады. Оның ӛзіндік бір
себептері де бар болар. Ал неліктен оқушының шығармашылық қабілетін
қалыптастырушы әдебиет пәнін оқытуға, білім стандарты нұсқаған
оқытудың қалыпты міндетіне кӛңіл бӛлінбейді?! Сонда ертеңгі қоғам тетігін
қолына алатын жас буынға сезімталдық, шығармашылық, адамгершілік,
ұлттық рух, ӛз ұстанымына беріктік, табандылық басқа да адамгершілік
қасиеттер мен қабілеттер қалыптастыру маңызды болмағаны ма?!
Ендеше, оқушыға сӛз ӛнерін меңгерту – білім беру саласының да алға
қойған мақсаттарының қазығы болуға тиіс. Ол үшін оқытудың мазмұны мен
әдістемесін оқушылардың жас ерекшелігін, қызығушылығын, бейімділігін
ескере отырып түбірлі ӛзгерту, оқытудың шығармашылық сипатын күшейту,
сӛйтіп, баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол
ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндеті туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |