А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Оқушылардың сөйлеу тілін дамытудағы жетекші ұстанымдар



Pdf көрінісі
бет93/102
Дата20.06.2022
өлшемі2,39 Mb.
#37098
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   102
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva (3)

Оқушылардың сөйлеу тілін дамытудағы жетекші ұстанымдар. 
Әдебиет пәнінде оқушылардың сӛйлеу тілін дамыту белгілі бір ұстанымдарға 
негізделеді. Олар: 
-оқушылардың сӛйлеу тілін дамыту жұмыстарын әдебиеттің кӛркемдік-
эстетикалық, интеллектуалды-танымдық, тәрбиелік қырларын тұтас қамти 
отырып жүргізу ұстанымы; 
-тіл дамыту жұмыстарын әдебиетті оқыту кезеңдерінің барлық мақсат-
міндеттерін ӛзара бірлікте, әдеби материалды терең танып қабылдауға 
бағытталған жұмыстармен кіріктіре жүргізу ұстанымы;
-оқушылардың сӛйлеу қызметін әдебиетті оқыту үдерісінде әртүрлі 
әдіс-тәсілдермен түрлендіре жүргізу ұстанымы; 
- оқушылардың сӛйлеу тілін дамыту жұмыстарын бастауыш, орта және 
жоғары сыныптарда жеңілден күрделіге қарай дамыта, түрлендіре жүргізу 
ұстанымы;
- тіл дамыту жұмыстарын нақты, ӛмірлік жағдаятқа жақын жаттығулар 
мен ӛнер түрлеріне ұштастыратын практикалық жаттығуларға негіздей 
жүргізу ұстанымы;
- оқушының сӛйлеу тілін дамыту жұмыстарын үздіксіз, жүйелі түрде 
жүргізілу ұстанымы; 
- тіл дамыту жұмыстарын қазақ тілі сабақтарымен және ӛзге пәндермен 
ӛзара байланыста жүргізу ұсанымы. 
Әдебиет пәні оқушылардың бір қатар шығармашылық еңбекті 
үйренуіне жағдай туғызады. Кӛркем шығарма ӛзегіндегі күрделі танымдық, 
адамгершілік мәселелерге оқушылардың ӛзіндік ой қорытып, сын-пікірін 
білдіруіне қатысты танымдық-зерттеушілік жұмыстарына, жоба жұмыста-
рына, ауызша, жазбаша әртүрлі жұмыс даярлауына ықпал етеді. Сондықтан 
оқушылардың шығармашылық еңбегінің кӛбі әдебиет пәнін оқу барысында 
қалыптасуы заңдылық.
Әдебиет пәні аясында оқушылардың тілін дамыту жұмыстарының 
негізгі бағыттарын былайша саралауға болады: 
1.Кӛркем шығарма мәтінімен жүргізілетін фразеологиялық-сӛздік 
жұмыстары. 
2.Оқушыларды шығарманың жанрлық ерекшелігін танып, шығарма-
дағы монологты баяндауды ӛзіндік-шығармашылық деңгейде қайта баяндау 
дағдысын қалыптастыру жұмыстары. 
3.Оқушылардың диолгтік қарым-қатынас үдерісінде тілдік қызметін 
ұйымдастыру жұмыстары.
4.Тіл дамыту жұмыстарына ықпал ететін тілдік жағдаят туғызу. 
5.Тіл дамыту жұмыстарына ықпал ететін пән аралық байланысты 
орнату.


222 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет