А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



Pdf көрінісі
бет95/102
Дата20.06.2022
өлшемі2,39 Mb.
#37098
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   102
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva (3)

Тіл дамыту тапсырмалары. Осы орайда әдебиет сабағында тіл дамыту 
мақсатында жүргізілетін бірнеше тапсырма түрлерін ұсынамыз.
Аналитикалық тапсырмалар:
1-тапсырма: Берілген сӛздермен тіркесетін ортақ сӛз табыңыз.
1) Жарық, биік, кең, балконды; 2. Шебер, ӛнімді, талантты, профессио-
налды;
2) Биік, қалың, үнсіз, күңгірт, сиқырлы, салқын, қарағайлы; 4. Биік, ӛрнекті, 
ағаш, шым, қалың; 5. Қырын, қандыкӛз, қара, қомданған; 6. Ұзақ, ыстық, 
қапырық, жауынды, бақытты; 7. Әділ..., қатал..., ...сағат, ӛткір..., ...есім. 
2-тапсырма: «Абылай аспас асу», «ағаш атқа отырғызу», «ағынан 
жарылу», «ақсақты тыңдай, ӛтірікті шындай қылу», «арасынан қыл ӛтпеу», 
«ат қойып, айдар тағу», «аузымен құс тістеген», «ауыз жаласу», «ауыздыға 
сӛз, аяқтыға жол бермеу», «аяғынан тік тұрғызу», «аяқтан шалу», «әліптің 
артын бағу», «әркімнің қолы ӛз аузына жуық», «бармақ басты, кӛз қысты», 
«бармағынан бал тамған», «бүйректен сирақ шығару», «бір тарының 
қауызына сыйғызу», «жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты», 
«жоқтық жомарттың қолын байлайды», «иненің кӛзінен ӛткенде», «иненің 
жасуындай», «ит мініп, ирек қамшылау». Берілген фразалық тіркестердің 
1
Цицерон. Три трактата об ороторсуом искусстве. М.: Наука, 1972. 
2
Об ораторском искусстве. (Сборник изречений и афоризмов). М.: Знание, 
1980.
3
Санда


226 
мағынасын түсіндіріңіз. Берілген фразаны пайдалана отырып, сӛйлем 
құраңыз.
3-тапсырма: Бас, кӛз, жүрек, ниет, тілек, сӛз, жол, қол сӛздерін 
пайдалана отырып, фразалық тіркес құраңыз. Осы сӛздерді бірнеше (кӛп) 
мағынада қолданып кӛріңіз.
4-тапсырма: Бір күні Абылай хан ақылы асқан билермен кеңес құрып 
отырғанда: 
— Дүниеде тозбайтын нәрсе бола ма? Ӛлмейтін жан бола ма? Осыны 
тауып беріңдер де, менен қалағандарыңды алыңдар , — депті хан. 
Сонда отырғандардың біреуі: 
— Тас тозбайды, темір тозбайды, асқар тау ӛлмейді, аққан су ӛлмейді 
деп, біреуі оны, біреуі мұны айтыпты. Бұл сӛздер Абылай ханның кӛңіліне 
қона қоймапты. Сонда түптегі Қыпшақ, Таймас Жұдас деген бір кісі тәмам 
билер гуілдесіп отырғанда ләм-лим деп тіл қатпай, сӛз тыңдапты. Сонан бір 
орайы келгенде орнынан ұшып тұрып Абылай ханның алдына шарт жүгініп 
былай депті: 
— Алдияр тақсыр! Бұлардың айтып отырғандары тозатын нәрселер, 
ӛлетін нәрселер. «Тозбасты ұста соқпаған, ӛлместі құдай жаратпаған» 
демей ме? Міне, мен не тозбайтынын, не ӛлмейтінін айтып берейін. Құдай 
дескен құда болады, құшақтасқан дос болады. Дос болғанда бірінен бірі 
жүйрік ат алады, қыран құс алады, түзу мылтық алады. Жүйрік ат ӛледі, 
қыран құс ұшады. Түзу мылтық қисаяды. Достық сондаймен тозады. 
Тӛсекте бас қосылсын, тӛскейде мал қосылсын деп құда болады. Кит 
саларда бір дау, мал берерде екі дау, үйге енгізерде үш дау, ұзатарда тӛрт 
дау болар. Осы даулардың бәрі де тозады. Бірімен бірінің құдалығы да 
тозады. Құдай қосқан құда емес, құшақтасқан дос емес. Бірінен бірі жан 
аямайтын, кӛрмесе сағынып тұратын екі тату болады. Тозбайтын сол екі 
татудың достығы.
Қара жердің ӛлгені ... ... ...
Асқар таудың ӛлгені... ... ...
Ағын судың ӛлгені... ... ... ... 
Ай мен күннің ӛлгені... ... ... 
Ӛлмегенде не ӛлмейді? 
 Мәтіннен сӛйлеуші сӛзінің әсеріне қарай, сӛз лексикасына байланысты 
мәтіннің астарлы ойын қорытыңыз. Жұмбақтың шешуін тауып кӛріңіз.
5-тапсырма: 
Жақсымен жолдас болған, 
Ел ұстанған тілектей болады, 
Қыз ұстаған жібектей болады. 
Жадыраған жаздай болады, 
Айдын кӛлдегі қаздай болады. 
Отау ортасындағы оттай болады. 
От ортасындағы шоқтай болады
Тұрағы алтын шырақтай болады, 
Тұяғы асыл пырақтай болады(Бӛлтірік шешен). 


227 
Ӛлең мәтінен теңеулерді айшықты сӛз оралымдарын теріп жазыңыз. 
Оларды тақырыпқа қарай топтаңыз. 
6-тапсырма: Тӛмендегі ұсыныс-пікірге бағдар жасай отырып, ӛзіңіздің 
сӛйлеген кездегі дауыс ырғағыңыздың кемшілігін ажыратыңыз. Топ алдында 
сӛз сӛйлеуге жоспарлы түрде дайындалыңыз.
Егер тыңдаушылар сіз әлгінде ғана айтқан сӛзіңізді қайталап 
айтуыңызды жиі ӛтінсе: ӛз сӛзіңізді фонетикалық жағынан мүшелеп 
айтуға жаттығыңыз. Ӛз сӛзіңіздің ырғағы мен бунағына назар аударыңыз. 
Сӛйлем аяғындағы екпінге, фразалық тіркестің соңындағы екпінге мән 
беріңіз.
Егер жұрт алдында сӛз сӛйлеуге именсеңіз, сӛз сӛйлеу рӛлін ойнап 
кӛріңіз. Аудиторияда нақты әрі қатты дауыстап сұрақ қойыңыз. 
Пікірталастарға қатысыңыз.
Егер он минуттық сӛзден кейін-ақ тамағыңыз қарлығып, ауырсынса-
ңыз, маңдайыңызға, ұртыңызға, сӛйлеу мүшелеріне, кеудеге, ішке діріл 
туғызу арқылы массаж жасаңыз. Күнбе-күн сӛйлейтін сӛзіңіздің мӛлшерін 
ұлғайту арқылы жаттығу жасаңыз.
Егер сӛзіңізден тыңдаушыларыңыздың назары біраздан кейін ауытқи 
бастаса, сӛзіңіздің ырғағын жоғары-тӛмен алмастырып отыруға, сӛздің 
екпіндік құрылымын реттеуге күш салыңыз. Сӛзіңізде сұрақ-жауап тәсілін 
қолданыңыз. Бір фразаны бірнеше рет әртүрлі логикалық мәнде, мағынада 
айтуға жаттығыңыз. Үнтаспаға басып бірнеше рет қайталап тыңдаңыз. 
Егер сӛзіңізде бір сӛзді (не бір дыбысты) бірнеше рет қайталап 
қолдана беретін әдетке үйір болсаңыз, ӛз сӛзіңізді жіті бақылаңыз,
Сӛзіңіздің қандай бӛлігінде сол әдетіңіз қайталанатынына баса назар 
аударыңыз. Сӛздің ырғағы мен екпінін алмастырыңыз. Әдет қылған 
дыбыстардың орнына ырғақтық ишара жасауға немесе үзіліс жасауға 
тырысып кӛріңіз. Үнтаспамен жаттығыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет