Конструкциялық материалдар және термоөңдеу Конструкционные материалы и термообработка Constructional materials and heat treatment Учебное пособие для специальности: 5В071200– «Машиностроение»


Дәріс №2.  Металлдардың құрлымы



Pdf көрінісі
бет4/77
Дата06.07.2022
өлшемі1,99 Mb.
#37521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
Байланысты:
montaev s h

Дәріс №2. 
Металлдардың құрлымы 
1.Қорытпа, компонент, фаза, жүйе жӛніндегі түсініктер. . 
2.Қорытпалардағы құрылымдық құраушылар. 
3.Бинарлық қорытпалардың күй диаграммаларының негізгі типтері. 
4.Металдардың кристалдық құрылымы
 
 
1.
Қорытпа деп- бірнеше металдардан немесе металдар мен 
бейметалдардан тұратын күрделі қосылысты айтады. Таза металдарға 
қарағанда қорытпалардың келесі артықшылықтары бар: 
1. Механикалық және технологиялық қасиеттерінің жоғарылығы. 
2. Таза металдарда кездеспейтін ерекше қасиеттердің болуы. 
3. Қорытпалардың қасиеттерін қалауымызша ӛзгертуге болады. 
Қорытпаны түзетін қарапайым заттарды компонент дейді. Компоненттер 
санына байланысты қорытпалар 2 компонентті(бинарлық) 3 немесе кӛп 
компонент болады. Кӛптеген металдар сұйық күйде ӛзара еріп, біртекті, 
яғни бір фазадан тұратын сұйық қорытпаны түзеді.
Жүйе деп – белгілі температурада және белгілі қысымда қорытпаларды 
түзетін компоненттер жиынтығын айтады. Фаза деп әр текті жүйенің 
белгілі шекарамен шектелген біртекті бӛлігін айтады. Қатты күйдегі 
қорытпалар құрамындағы компоненттердің әрекеттесуіне, қатты күйде 
ӛзара ерігіштігіне байланысты әр текті де бір текті де бола алады, яғни бір 
немесе бірнеше фазадан тұра алады. Себебі, қорытпа компоненттері әр 
түрлі құрылымдық құраушыларды түзе алады. Олар келесілер: 
1. Қатты ерітінділер. 
2. Химиялық қосылыстар. 
3. Механикалық қоспалар. 
Қатты ерітінділер, қорытпа компоненттері тек сұйық күйде ғана емес, 
қатты күйде де ӛзара ерігіш болған да түзіледі. Қатты ерітіндіні түзетін 
компоненттер бір-бірінде еріп, бір кристалдық торды құрайды, яғни қатты 
ерітінді бір фазадан тұрады. Қатты ерітіндінің негізгі компоненті –еріткіш, 
2-ші – ерігіш. Еріткіш ӛзінің кристалдық торын сақтап қалады, ерігіштің 
торы бұзылып, оның атомдары еріткіштің торына орналасады: еріткіш 
атомдарының орнына немесе түйіндер арасына , соған байланысты қатты 
ерітінділер 2 түрге бӛлінеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет