4
Дәріс №1.
Материалдың қасиеттері
1.Физикалық
қасиеттері
2.Механикалық қасиеттері
3.Химиялық қасиеттері
4.Технологиялық қасиеттері
5.Қорытпа құрлымы.
1. Құрлымы мен құрамына байланысты металдардың қасиеттері әртүрлі
болады. Металдар мен қорытпалардың физикалық қасиеттеріне түсі, балқу
температурасы, тығыздығы, сызықтық және кӛлемдік ұлғаю коэффициенті,
электр ӛткізгіштігі мен жылу ӛткізгіштігі, магниттік қасиеті жатады.
2. Механикалық
қасиеттеріне беріктік, қаттылық, пластикалық, және
серпімділік жатады.
Беріктік – дененің статикалық немесе динамикалық күштер әсеріне
қирамай, қарсыласу қабілеті. Беріктікті созу, сығу, ию және бұрау сияқты
деформациялар арқылы анықтайды.
Қаттылық – металдың ішкі қабатына басқа
қаттырақ дененің кіруіне
қарсыласу қабілеті.
Пластикалық қасиеті – материалдың қирамай, пішіні мен ӛлшемдерін
ӛзгерту қабілеті. Ол материалдың созылудағы салыстырмалы ұзаруын
пайызбен кӛрсетеді.
Серпімділік қасиеті – металдардың күш әсерінен ӛз пішіні мен
ӛлшемдерін ӛзгертіп, күш қайтқанда бұрынғы қалпына келу қабілеті.
3. Металдардың химиялық қассиеттеріне олардың
қоршаған орта әсеріне
(қышқыл, сілті, су, ылғал, ауа, газ, жоғары температура т.б.), қарсыласу
қабілеті жатады. Металдар әртүрлі орта әсеріне бірдей бірдей тӛзімділік
кӛрсетпейді. Мысалы, ауадағы оттегі мен ылғалдың әсерінен коррозияға
ұшырайды: болат пен шойын тоттанады, қоланың бетін жасыл түсті
мыстың тотығы басады.
Болатты ашық отта қыздырса, оның бетінде қақ
пайда болады, ал күкірт қышқылына салса, ол ериді. Алтын, күміс, платина
суда жоғары тӛзімділік кӛрсетеді.
4. Металдардың технологиялық қасиеттеріне оның түрлі әдістермен
ӛңделу қасиеті жатады. Бұл қасиеттерге кесумен ӛңделу, пісірумен ӛңделу,
қысыммен ӛңделу (еркін соғумен, прокаттаумен, штамптаумен т.б.), шынығу
тереңдігі, сұйық күйінде аққыштығы және шӛгуі (сұйық метал қатқанда
кӛлемнің кішірейуі) жатады.
Металдың эксплуатациялық қасиеттері
олардың нақты бір
жағдайларда жұмыс істей алу қабілетін сипаттайды. Бұл қасиеттерге тозуға
тӛзімділік, антифрикциялық қасиет (материалдың тӛменгі үйкеліс
коэффициентін қамтамасыз ету), коррозияға тӛзімділік, ыстыққа
5
тӛзімділік, суыққа тӛзімділік (нӛлден -269 дейінгі температураларда
тұтқырлығын сақтау) жатады.
5. Суыну жылдамдығына байланысты қатқан
құйманың құрылымы ұсақ
теңӛстік және созылмалы келген ұзынша түйіршіктерден тұрады. Әдетте
болат құйманың құрлымында үш аймақты ажыратуға болады (1- сурет).
Жұқа сыртқы аймақ (1) ұсақ теңӛсті түйіршіктерден тұрады. Олар метал
құйылған қалыптың суық қабырғасымен жанасып жылдам суынудың
нәтижесінде түзіледі. Қатқан металдың кӛлемі сұйық металдың кӛлемінен
аз болғандықтан метал мен қалып қабырғасы
арасында ауа қабаты пайда
болады, сонымен бірге қалыпта қызады. Нәтижесінде металдың суыну
жылдамдығы тӛмендейді. Бұл жағдайда түйіршіктердің ӛсуі бағытталған
түрде жүреді, қалып қабырғасынан құйма ортасына қарай. Осылай, ұзынша
түйіршіктерден тұратын аймақ (2) түщіледі. Бұл аймақ сыртқы жылу
шығаруды одан әрі тӛмендетеді. Сондықтан
құйма ортасында ірі және әр
түрлі бағытталған түйіршіктерден тұратын аймақ (3) түзіледі.
Сұйық металда әрқашан еріген газдар болады құйма қатқанда олар
оның үстіңгі жағында жиналып шӛгу қуысы (4) пайда болады.
1 –сурет. Болат құйманың құрылымы