253
Мотивация және центрация
Педагог іс-әрекетінің мотивациялық-қажеттіліктер саласы А.Б.
Орлов бойынша оның центрациясы терминдерінде тҥсінік беріле алады.
Гуманистік психологияда центрация
«ерекше түрде құрылған,
эмпатияға, басқа адамды бағалаусыз қабылдауға және уайымдаулар
мен мінез-құлықтың сайма-сайлығына негізделген, мұғалім мен
оқушының ӛзара әрекеттесуі ретінде түсініледі. Центрация бір
мезгілде мұғалім мен оқушының тұлғалық ӛсулерінің нәтижесі ретінде
де, олардың қарым-қатынасының, шығармашылықтарының дамуының,
олардың тұтастай субъективті (тұлғалық) ӛсулерінің нәтижесі
ретінде де түсіндіріледі» [153, 142 б.]. А.Б. Орлов бойынша, мҧғалімнің
тҧлғалық центрациясы педагог іс-әрекетінің «интегралды және
жҥйеқҧраушы» сипаттамасы болып табылады. Бҧл жерде мҧғалім
центрациясының сипаты осы іс-әрекеттің барлық кӛптҥрлілігін
анықтайды: стиль, қатынас, әлеуметтік перцепция және т.б.
А.Б. Орлов негізгі жеті центрацияны сипаттайды, олардың
әрқайсысы педагогикалық іс-әрекетте де, және жеке, нақты
педагогикалық жағдайларда да ҥстем бола алады [153, 142-143 б.]:
-
ӛзімшілдік (ӛз «Менінің» мҥддесіне центрация);
-
бюрократтық (әкімшілік, бастықтардың мҥдделеріне центра-
ция);
-
қақтығыстық (әріптестерінің мҥддесіне центрация);
-
беделдік (оқушылар ата-аналарының сҧраныстарына, мҥдделе-
ріне центрация);
-
танымдық (оқыту мен тәрбиелеу қҧралдарының талаптарына
центрация);
-
қамқорлық (оқушылардың қызығушылығына (қажеттеліктері-
не) центрация);
-
гуманистік (мҧғалімнің ӛз мәнінің мҥдделеріне (кӛрінулеріне)
және басқа адамдар мәнінің (басқарушының, әріптестерінің, ата-
аналардың, оқушылардың) мҥдделеріне центрация) [153, 143 б.].
Гуманистік психологияда гуманистік центрация неғҧрлым жетілді-
рілген. Ол дәстҥрлі оқытудың шынайылығын бейнелейтін алғашқы
алты центрацияға қарсы тҧрған іспеттес. Осы центрациялардың
бағыттануының ӛзгеруі немесе мҧғалімнің «децентрациясы» қазіргі
кҥні жалпы білім берудің және жеке тҧрғыдан қарастырғанда мектептегі
білім берудің психокоррекциялық міндеттерінің бірі болып табылады.
***
254
Педагогикалық іс-әрекет пәндік мазмҧнмен, сыртқы қҧрылыммен
сипатталады, мҧнда ерекше орын педагогтың тҥрлі центрацияларына
және ҥстемдік тҥрткілеріне теңестірілетін мотивацияға беріледі.
Ӛ з і н - ӛ з і т е к с е р у г е а р н а л ғ а н с ҧ р а қ т а р
1. Педагогикалық іс-әрекет пәні (заты) іс-әрекеттің кез-келген басқа
тҥрінің пәнінен айырмашылығы неде?
2. Педагогикалық іс-әрекеттің ішкі және сыртқы тҥрткілерінің
қҧрылымына не жатады?
3. Билік
тҥрткісінің педагогикалық іс-әрекет мотивациясының
қҧрылымына кіруін немен тҥсіндіруге болады?
4. А.Б. Орлов бӛлген мҧғалімнің жеті центрациясының қайсысы
оқушыларға (студенттерге) неғҧрлым келеңсіз әсер етуі мҥмкін?
Ә д е б и е т
Достарыңызбен бөлісу: