§ 2. Педагогикалық іскерліктер
Педагогикалық іскерліктердің жалпы сипаттамасы
Педагогикалық іскерліктер мҧғалімнің тҥрлі әрекеттерінің
жиынтығы болып табылады, олар ең алдымен педагогикалық іс-әрекет
функцияларымен
теңестіріледі,
елеулі
мӛлшерде
мҧғалімнің
(оқытушының) даралық-психологиялық ерекшеліктерін айқындап, оның
пәндік-кәсіби қҧзырлығы жӛнінде куәландырады. Мҧғалімнің іскерлігі
туралы жалпы айта отырып, А.И. Щербаков пен А.В. Мудрик, олар
дидактикалық тҧрғыдан ҥш негізгі іскерліктерге теңеледі деп санайды:
«1) мұғалімге белгілі білімдерді, шешу нұсқаларын, оқыту мен
тәрбиелеу амалдарын жаңа педагогикалық жағдай шарттарына
ауыстыру іскерлігіне...; 2) әр педагогикалық жағдайға жаңа шешім
табу іскерлігіне; 3) педагогикалық білімдер мен идеялардың жаңа
элементтерін жасау және нақты педагогикалық жағдайды шешудің
жаңа амалдарын қүру іскерлігі» [43, 244 б.].
Алайда, мҧғалім іскерліктерін неғҧрлым толық мӛлшерде А.К.
Маркова кӛрсеткен. А.К. Маркова сипаттаған педагогикалық
іскерліктер қҧрамынан тоғыз негізгі топты бӛліп алайық [129, 18-71 б.].
Бірінші топ – педагогикалық жағдайдан проблеманы кӛру және
оны педагогикалық міндеттер тҥрінде ӛңдеу; педагогикалық міндетті
қою кезінде ӛз тҥрткілері мен мақсаттары бар, оқу-тәрбие беру
процесінің белсенді даму ҥстіндегі қатысушысы ретіндегі оқушыға
бағдарлану; педагогикалық жағдайды зерттеу және қайта тҥрлендіру;
педагогикалық міндеттерді сатылы және жедел тҥрде нақтылау,
белгісіздік жағдайда оңтайлы педагогикалық шешім қабылдау,
педагогикалық мақсаттар мен міндеттерді педагогикалық
ситуация-
лардың ӛзгеру шамасына қарай икемдеп бейімдеу; қиын педагогикалық
ситуациялардан
абыроймен шығу; педагогикалық міндеттерді орындау-
дың жақын және алыс нәтижелерін болжай алу және т.б. іскерліктер.
Педагогикалық іскерліктердің екінші тобына А.К. Маркова ҥш
шағын топты жатқызады:
258
-
«не нәрсеге үйрету керек» деген сҧраққа жауап беретін
іскерліктер: оқу материалының мазмҧнымен жҧмыс істеу (оқытудың
жаңа технологиялары мен тҧжырымдамалары жӛнінде мағлҧмат болу),
оқу пәнінің негізгі идеяларын ажырату, оқу пәнін жаңалап отыру
(ғылымның сәйкес аймақтарында тҥсініктерді, терминдерді, пікір
таластарды пайдалану арқылы); газет, журналдардан келіп тҥскен
ақпараттарды тҥсіндіріп беру; мектеп оқушыларында жалпы білімдік
және арнайы дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру; пәнаралық
байланыстарды орнату және т.б.;
-
«кімді оқыту керек» деген сҧраққа жауап беретін іскерліктер:
оқушылардың жекеленген психикалық функцияларының (ес, ойлау,
зейін, сӛйлеу және т.б.) кҥйлерін және іс-әрекет тҥрлерінің (оқу, еңбек)
тҧтас сипаттамасын, оқушылардың білімділігі мен тәрбиелілігін
зерттеу; оқушылардың шынайы оқуға деген мҥмкіншілктерін зерттеу,
олардың ҥлгерімі мен тҧлғалық сапаларын ажырату; тек оқушы
деңгейін ғана емес, сондай-ақ жақын даму ӛрісін де, олардың бір даму
деңгейінен келесісіне ӛту шарттарын анықтау, оқушылардың ықтимал
қиындықтарының алдын алу және типтік қиындықтарын есепке алу;
оқу-тәрбиелік процесті жоспарлау мен ҧйымдастыру кезінде оқушылар-
дың ӛздерінің мотивациясын негізге алу; мектеп оқушыларында оларда
жоқ іс-әрекет деңгейлерін жобалау мен қалыптастыру; мҧғалімнің
оқушылардың ӛзін-ӛзі ҧйымдастыру ӛрісін кеңейте алу іскерлігі; жеке
бағдарлама қҧра отырып, дарынды балалармен де, әлсіз балалармен де
жҧмыс істеу.
-
«қалай оқыту керек» деген сҧраққа жауап беретін ептіліктер:
оқыту және тәрбиелеу тәсілдері мен формаларының ҥйлесімдерін
сҧрыптау мен қолдану, мҧғалім мен оқушылардың уақыт пен кҥш
жҧмсауын есепке алу; педагогикалық жағдайларды салыстырып және
жалпылап, оларды кезектеп қолдану, мектеп оқушыларына сараланып
жіктелінген және даралық ықпалды қолдану, олардың ӛзіндік оқу іс-
әрекетін ҧйымдастыру; бір педагогикалық міндетті орындаудың
бірнеше тәсілдерін табу және т.б.
Ҥшінші топты қҧрайтын іскерліктер: психологиялық-педагогика-
лық білімдерді пайдалану және психология мен педагогиканың қазіргі
жағдайы жайлы, озық педагогикалық тәжірибе жайлы хабардар болу; ӛз
еңбегінің процесі мен нәтижелерін белгілі бір тәртіппен бекітіп, тіркеп
отыру; оқушылардың қиындықтарын ӛз жҧмысындағы кемшіліктерімен
байланыстырып отыру; ӛз еңбегінің мықты және әлсіз жақтарын кӛре
алу, ӛзінің даралық стилін бағалау, оны басқа мҧғалімдердің
259
тәжірибесімен салыстыру; ӛз педагогикалық іс-әрекетін дамытуға
байланысты жоспар қҧру және т.б.
Іскерліктердің
тӛртінші
тобы
–
бҧл
кең
спектрдағы
коммуникативтік міндеттерді қою тәсілдері; осы топқа енетін
іскерліктердің ең маңыздысы – психологиялық қауіпсіздікке жағдай
жасау және қарым-қатынас серіктесінің ішкі қорын жҥзеге асыру.
Іскерліктердің бесінші тобы – бҧл, қарым-қатынастың жоғарғы
деңгейіне жетуге ықпал ететін тәсілдер. Оларға басқа адамның
позициясын
тҥсіну, оның тҧлғасына қызығушылық білдіру іскерліктері
жатады; мінез-қҧлық реңі бойынша оның ішкі кҥйін «оқу» және тҥсінік
беру, вербалды емес қарым-қатынас тәсілдерін білу (мимика, қол
қимылы); оқушының кӛзқарасымен қарау (мҧғалім «децентрациясы»);
басқа адамның ӛзгешелігіне тӛзімділік, сенімділік жағдайын тудыру;
әсер етуді кҥшейтетін қҧралдарды білу (
риторика т
әсілдері); бағалаушы
және әсіресе тәртіптендіруші ықпалдарға қарағанда тек ҧйымдастыру-
шы әсер етуді пайдалану; басқарудың демократиялық
стилін пайдалану;
қарым-қатынастағы қақтығыстың алдын алу қҧралы
ретінде тҥрлі
рӛлдерге ие болу (мысалы, оқушы
позициясына
тҧру); оқушыға алғыс
білдіруге, керек кезде одан кешірім сҧрауға дайын болу; балалардың
барлығына бірдей қатынаста болу; «мҧғалімдікі қашанда дҧрыс» деген
корпоративті таптаурыннан бас тарту; педагогикалық жағдайдың
жекеленген аспекттеріне әзілмен қарау, кейбір келеңсіздікті байқамау,
кҥлімдеуге дайын болу, дауыс екпінін пайдалана білу, оқушының сӛзін
және оқу әрекетін бӛлмей тыңдау, оны есту; оқушыда қажетті сапа
пайда болуы ҥшін жағдай жасау арқылы оқушыға тікелей емес, жанама
әсер ету, оқушымен кері байланысқа тҥсуден қорықпау; кӛпшілік
алдында сӛйлеу жағдайында театрлыққа жақын әрекет жасау.
Алтынша топ – бҧл ең алдымен, педагогтың табанды кәсіби
позициясын қолдан шығармау
іскерлігі, яғни ӛз кәсібінің мәнділігін
тҥсінетін, оның әлеуметтік және жалпы адамзаттық қҧндылығы
жолында қиындықтарға тӛтеп бере алуға қабілеті; ӛзінің педагогикалық
қабілеттерін, олардың
перцептивтік
(басқа адамды тҥсіну және зерттеу,
оған уайымдасу, оның кӛзқарасымен қарау) және басқару (оқушының
тек мінез-қҧлқы мен қылықтарына ғана емес, сондай-ақ оның
тҥрткілеріне, мақсаттарына әсер ету) компоненттерін қамти отырып
жҥзеге асыру және дамыту; ӛзінің эмоционалдық кҥйін басқару, оларға
қиратушы емес, конструктивті сипат беру; ӛзінің және оқушылардың
позитивті мҥмкіндіктерін қабылдау, және осылайша ӛзінің позитивті
Мен-тҧжырымдамасын нығайтуға ықпал ету; еңбек эталондарын
260
меңгеру (педагогикалық шеберлік); шығармашылық ізденісті іске
асыру.
Жетінші топ – ӛзінің кәсіби даму болашағын саналы тҥсіну, табиғи
қасиеттерінің ішінен жағымдыларының барлығын пайдалана отырып,
ӛзінің даралық стилінің ерекшеліктерін анықтау іскерліктері; ӛзінің
кҥшті жақтарын нығайту, әлсіз жақтарын жою, қабілеттердің
компенсаторлық буындарын пайдалану, жаңаны іздеуге дайын болу,
шеберлік деңгейінен шығармашылық, жаңашылдық деңгейлерге ӛту.
Сегізініші топ - оқушылардың оқу жылының басындағы және
соңындағы білімдерінің сипаттамаларын анықтау іскерліктерін
біріктіреді; оқу жылының басында және ӛзін-ӛзі қадағалау мен ӛзін-ӛзі
бағалау тҥрлерін, іс-әрекеттер, іскерліктер мен дағдылардың жағдайын
анықтау; ҥйренуге жарамдылықтың жеке кӛрсеткіштерін айқындау
(белсенділік, бағдарлану, нақты оқушыға алға жылжу ҥшін қажетті
мӛлшерленген кӛмек саны), артта қалу себептерін анықтап, оған дара
және пен сараланып жіктелінген келісті жҥзеге асыру; жаттыққандық
пен ҥйренуге жарамдылықтың барлық компоненттерін кезеңмен ӛту;
ӛзін-ӛзі оқыту мен ҥздіксіз білім алуға дайындықты ынталандыру.
Іскерліктердің
тоғызыншы
тобы
мҧғалімнің
мектеп
оқушыларының тәрбиелілігі және тәрбиеленуге жарамдылығының
кҥйлерін бағалауымен байланыстырылады: оқушылардың мінез-қҧлқы
бойынша олардың адамгершілік нормалары мен нанымдарының
ҥйлесімділігін танып білу; оқушының не айтып тҧрғаны, ойлағаны мен
қылықтарынының ӛзара байланысында жалпы оқушы тҧлғасын кӛру;
жеке оқушылар тҧлғасының нашар дамыған қырларын ынталандыру
ҥшін жағдай жасау (мысалы, бір оқушының белсенділігін ынталандыру,
екіншіснің мазасыздығының тӛмендеуіне ықпал ету, ҥшіншісінің
лидерлікке ҧмтылысын қолдау).
А.К. Маркова бойынша, педагогикалық іскерліктердің мазмҧнды
дәл келтірген топтары мҧғалім еңбегінде осы автордың бӛліп кӛрсеткен
бес жағымен, яғни оның іс-әрекетімен, қарым-қатынасымен, тҧлғасы-
мен, мектеп оқушыларының оқытылғандығы және тәрбиеленгендігімен
байланыстырылады (ІІІ б. 2 тарау, § 2 қараңыз). Мысалға, іскерліктердің
бірінші ҥш тобы психологиялык-педагогикалық ретінде анықталады
(оларға пәндік-әдістемелік те жатады, бірақ туынды ырықты ретінде).
Олар педагогикалық іс-әрекетпен байланыстырылады және олардың
ішінде негізгісі мҧғалімнің ҥнемі ӛзгеріп тҧратын педагогикалық
жағдайларда оқушылардың оқу міндеттерін шешу процесінде олардың
даралық-психологиялық ерекшеліктерін есепке ала және дамыта
отырып, жҧмыс істеу іскерлігі болып табылады.
261
Педагогикалық іскерліктердің тӛртінші және бесінші топтарын
А.К. Маркова «басқа адам үшін педагогикалық қауіпсіздік
Достарыңызбен бөлісу: |