263
3 тарау. Педагогикалық іс-әрекет стилі
§ 1. Іс-әрекет стилінің жалпы сипаттамасы
Іс-әрекет стилінің анықтамасы
Мҧғалімнің (оқытушының) педагогикалық іс-әрекеті, кез-келген
басқа іс-әрекет сияқты, белгілі бір стильмен сипатталады. Кең мағынада
іс-әрекет (мысалы, басқару, ӛндірістік, педагогикалық) стилі – оны
орындаудың тҥрлі жағдайларында кӛрінетін тәсілдердің, әдістердің
тҧрақты жҥйесі. Ол іс-әрекеттің ӛзінің ӛзгешелігімен, оның субъектінің
даралық-психологиялық ерекшеліктерімен шартталады (И.В. Страхов,
Н.Д. Левитов, В.С. Мерлин, Е.А. Климов және т.б.). Психологиялық тар
мағынада іс-әрекеттің даралық стилі –
«бұл типологиялық
ерекшеліктермен шартталған тәсілдердің орнықты жүйесі, ол
берілген іс-әрекетті неғұрлым жақсы жүзеге асыруға ұмтылған
адамда қалыптасады, ...ӛзінің (типологиялық шартталған) даралығын
іс-әрекеттің сыртқы заттық шарттарымен неғұрлым жақсы
теңдестіру мақсатында адам саналы немесе стихиялы түрде әрекет
жасауға мәжбүр болатын психологиялық құралдардың даралық-ӛзіндік
жүйесі» [87, 49 б.]. Осы анықтамада оның «іс-әрекеттің неғҧрлым
жақсы орындалуын қамтамасыз етуші амал-тәсілдердің жеке ӛзіндік
тіркесі» екені ерекше атап кӛрсетіледі (В.С. Мерлин). Іс-әрекет стилі,
объектінің ӛзінің қабілеттерін айқындай отырып және оның даралық-
психологиялық және тҧлғалық ерекшеліктерімен анықтала отырып,
оның операционалдық қҧрамын, іскерліктер мен дағдыларды қамтиды
(В.Э. Чудновский).
Достарыңызбен бөлісу: