И. А. Зимняя педагогикалық психология


Сабақтың психологиялық талдауының формасы



Pdf көрінісі
бет155/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   210
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

Сабақтың психологиялық талдауының формасы 
 
Сабақты 
психологиялық 
талдаудың 
негізгі 
формасының 
сипаттамасы адам ойлауында негізгі екі ойлау процесінің бірі ретінде 
анықталған, бастапқы теоретикалық анықтауға сҥйенеді. Талдау, С.Л. 
Рубинштейн бойынша, «бұл затты, құбылысты, жағдайды ойша 
бӛлшектеу және оны құраушы элементтерді, бӛлшектерді, сәттерді, 
жақтарын айқындау; біз талдау арқылы кӛп жағдайда бізге 
қабылдаумен берілетін кездейсоқ, маңыздылығы аз байланыстардан 
құбылыстарды бӛліп аламыз» [194, 1 т., 377-378 б.]. Талдау формалары 
саналуан. Оның неғҧрлым толық формасы синтез арқылы талдау болып 
табылады, мҧнда «... синтез талдау тарапынан бӛлінген элементтердің 
азды кӛпті мәнді байланыстар мен қатынастарын аша отырып, 
бӛлшектенген тұтасты қайта қалпына келтіреді» [194, 1 т., 378 б.].
Мҧғалім сабақ ҥстінде әр жеке оқушымен, тҧтастай сыныппен, 
оқытылып отырған материалмен саналуан байланыстарға тҥседі. 


273 
Осыған орай, мҧғалімнің ӛзі, мазмҧнын оқушылар игеріп отырған оқу 
пәнімен белгілі бір байланысқа тҥсе отырып, оқушылар ҥшін жаңа сапа 
мен қасиеттер жағынан кӛрінеді: мҧғалім ретінде (жаңа материалды 
тҥсіндіру барысында), қызықты әңгімелесуші ретінде (коммуникативті 
жағдайды, қарым-қатынас жағдайын ҧйымдастырғанда), зерттеуші 
ретінде (оқушылармен бірге тапсырманы орындаған кезде), орындаушы 
ретінде (мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағыларды оқыту 
барысында ән айтқанда немесе ӛлең оқығанда). Оның жаңа 
байланыстарға тҥсуіне байланысты, одан ҥнемі жаңа мазмҧндар, яғни 
пәндік, тҧлғалық, интеллектуалдық, іс-әрекеттік, мінез-қҧлықтық. 
мазмҧндар «сарқылып алынады».
Психологиялық талдауға жататын сабақтың психологиялық 
«компоненттері» ретінде ең алдымен, оқу процесінің екі белсенді 
субъекті мҧғалім және оқушылар, олардың ӛзара байланысын 
белгілейтін оқу пәні және барлық жақтарды біріктіруші ӛзара 
әрекеттесу процесі (еңбектестік, қарым-қатынас) қарастырылады. Сабақ 
біртҧтас жҥйе болғандықтан оның компоненттері ӛзара байланысты 
және ӛзара тәуелді болады. Олар бір-бірімен арақатынаста кӛрсетілуі 
мҥмкін (синтез) және жекеленуі (талдау) мҥмкін

Осылайша, сабақтың 
психологиялық талдауын синтез арқылы талдау формасында елестетуге 
болады. Осыған назар аудару маңызды, себебі адам талдап отырған 
объект орналасқан байланыстар мен қатынастар жҥйесін қаншалықты 
аша бастағанына қарай, ол осы объекттің жаңа, әлі белгісіз белгілерін 
байқап, ашып және талдай бастайды. Және керісінше, ол осындай 
байланыстар жҥйесін ӛзі ашпағанша, ол оны шешу ҥшін қажетті жаңа 
және керек қасеттерге, тіпті оған ол туралы айса да, оған тура кӛрсетсе 
де назар аудармайды. (А.В. Брушлинский).
Сабақ компоненттері арасындағы барлық саналуан ӛзара 
байланыстарды бейнелеуші синтез арқылы сабақты талдау формасы, 
мҧғалімнің оқыту мен ҥйретудің ең кҥрделі психологиялық сәттерін 
неғҧрлым терең тануына ықпал етеді. Сабақты психологиялық талдау 
барысында мҧғалімнің талдамалық іскерліктері айқындалып, бірге
қалыптасады, ол оның педагогикалық іс-әрекетінің гностикалық 
(зерттеушілік) функцияларын табысты орындау ҥшін қажет екені атап 
кӛрсетілді. Бҧл жерде мҧғалімнің талдамалық іскерлігінің ӛзі оның 
даралық-психологиялық 
бірқатар 
ерекшеліктерімен 
анықталады, 
солардың ішінде, мысалы, байқағыштық, талдамалық, аяға тәуелсіздік, 
ақыл сыншылдығы. Сабақ талдауының ӛзі, кәсіби-педагогикалық 
шеберлікті жоғарлатудың тиімді қҧралы бола тҧра, мҧғалімде осы 
сапалардың қалыптасуы мен дамуына ықпал етеді. Ол мҧғалімнің ӛзінің 


274 
педагогикалық іс-әрекетін тҥсінудің, оқу процесінде оның қолынан 
ненің келгенін, ненің келмегенін ҧғынудың неғҧрлым тиімді қҧралы, 
яғни «педагогикалық рефлексия» қҧралы болып табылады.
Сабақты талдау кӛбінесе отандық психологиялық мектептің 
негізін қалаушы принципінің жалпы психологиялық позициясы 
тҧрғысынан жҥргізіледі – дамытушы және тәрбиелеуші оқыту принципі. 
Осыған орай сабақ та осы позициядан тҥсіндіріледі. Оны бейнелеп 
кӛрсету ретінде ретінде, Л.Т. Охитина бойынша, сабақтың келесі кең 
тҥрдегі тҥсіндірмесін келтірейік.
«1. Сабақ сабақтың ӛзі үшін емес, ал оқушы тұлғасына әсер ету 
үшін жүргізіледі; бағдарламаның қандай да бір сұрақтарын «ӛту» 
үшін емес, ал осы бағдарламалық сұрақтар материалының негізінде 
тұлғаның белгілі бір интеллектуалды, моралдық, еріктік және басқа 
сапаларын қалыптастыру үшін жүргізіледі.
Интеллект арқылы сезімдерге (ұстанымдарға) әсер ету және 
сезімдер арқылы интеллектке (сендіру) әсер етуді байланыстыру 
керек. Оқыту процесі оқушының интеллектуалдық аясына ғана емес, 
оның тұтастай психикалық дамуына ӛзгеріс енгізуі керек. Оқыту 
тұлға құрылымына ӛзгеріс енгізбесе дамытушы бола алмайды. 
2. Тұлға құрылымындағы ӛзгеріс оқушы ішкі түрткі арқылы 
әрекеттенгенде ғана жүреді. Мәжбүр ету арқылы меңгерілген әрекет 
шарт ӛзгерген кезде бірден бұзылады. Ішкі түркі бойынша меңгерілген 
әрекет ӛзгерген жағдайларда да сақталып қалады, себебі тұлға 
құрылымына енеді. Осы жерден жалқаулық үшін ұрыспай, танымдық 
белсенділік 
пен 
қызығушылықты 
ынталандыру, 
талапты 
орындамағыны үшін жазаламай, шәкірттердің іс-әрекетін мұғалімнің 
қойған талабы олардың ӛздерінің ішкі түрткісі болатындай етіп 
ұйымдастыру деген шешім шығады.
3. Тәрбиелеуші оқытуды сабақтың тәрбиелік сәттеріне 
теңестіруге болмайды. Сабақтың барлық элементтері ӛз мәні 
бойынша тәрбиелеуші болуы керек. Барлық тәрбиелік құралдардың
сабақ әдістері мен формалардың үйлестіруші орталығы нақты 
психологиялық мақсат болуы керек. 
4. Кез-келген сабақтың орталық компонентті – шәкірттердің 
танымдық белсенділігін ұйымдастыру. Жетекші танымдық процесс - 
ойлау мен қиялдау болып табылады. Талдамалық -синтетикалық іс-
әрекет 
негізінде, 
осы 
екі 
процесс 
арқылы 
білімдер 
мен 
интеллектуалдық ептіліктредің қалыптасуы, проблемалық мәселелерді 
зерттеу және міндеттерді шығармашылықтық шешу жүзеге асады.


275 
Ойлау мен қиялдаудың продуктивті жұмыс істеуінің қажетті 
шарты шәкірттердің қабылдау мен есте сақтауын дұрыс 
ұйымдастыру, белгілі бір ұстаным мен зейінді ұйымдастыру болады.
5. Оқытудың табыстылығы сыртқы факторлардан ғана емес – 
сабақтардың мазмұны, әдістемелерді жетілдіру, мұғалім шеберлігі 
және т.б., сондай-ақ сыртқы жағдайларға, яғни шәкірттердің 
даралық–психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты» [159, 82-83 
б.]. 
Келтірілген сабақ тҥсіндірмесі, тек дамыта оқыту принціпін
барынша толықтай бейнелеп қана қоймайды, сондай-ақ оның 
проблемалығын, мотивтендірілгендігін, ҥйренушілердің даралық 
ерекшеліктерін есепке алу қажеттілігін белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет