И. А. Зимняя педагогикалық психология


§ 2. Сабақты психологиялық талдау деңгейлері (кезеңдері)



Pdf көрінісі
бет158/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   210
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

§ 2. Сабақты психологиялық талдау деңгейлері (кезеңдері) 
 
Шамалаушы психологиялық талдау 
 
Талдаудың жоспарлары мен объекттері мҧғалім іс-әрекетінің тҥрлі 
формаларымен, яғни сабаққа дайындықпен, сабақты ӛткізумен, оның 
аналитикалық талдауымен, мҧғалімнің ӛткізілген сабақты ӛзінің 
бағалауымен теңестірілуі мҥмкін Осыған орай сабақты психологиялық 
талдаудың ҥш деңгейі бӛлінеді: шамалаушы, ағымдық және 
ретроспективті (И.А. Зимняя, Е.С. Ильинская).
Сабақтың шамалаушы психологиялық талдауы мҧғалімнің сабаққа 
дайындалу кезеңінде жҥзеге асырылады. Осы кезеңде мҧғалімде ең 
алдымен, болашақ сабақтың әлі ойдағы, уақыттық және кеңістіктік 
шектеулерсіз «бейне - тҥпкі ойы» пайда болады (В.А. Артемовтың
терминдері). Содан соң мҧғалім іс-әрекетінде болашақ сабаққа


278 
маңызды байланыстылардың барлығына мҧқият және жан-жақты
талдау кезеңі басталады: бағдарламамен ескерілген оқу материалын, 
қойылған мақсаттар мен міндеттерді, оқытудың таңдалған әдістерін, 
амал-тәсілдерін және дәрісті ӛткізу жоспарланған жағдайларды 
(шәкірттердің белгілі бір тобы, уақыт пен орны және т.б.). Осындай 
талдау процесінде мҧғалім әбден нақты сабақтың, жҥзеге асырылуы тиіс 
«орындау-бейнесінің» 
жоспарын 
немесе 
қысқаша 
жазбасын 
дайындайды (В.А. Артемовтың терминдері).
Сабақты алдын ала талдай отырып, мҧғалім жалпы, жас ерекшелік, 
педагогикалық, әлеуметтік психология, оқу пәніне оқыту (математикаға, 
әдебиетке т.б.) психологиясы салаларынан саналы және мақсатты тҥрде 
теоретикалық білімдерді пайдаланады. Осы кезеңде мҧғалім алдында 
оқу процесін ҧйымдастырудың негізгі психологиялық проблемалары 
тҧрады. Оларды шешу «оқу білімді табу, шығармашылық меңгеру
ретінде үш факторға тәуелді – нені оқытады, кім және қалай 
оқытады, кімді оқытумен» байланысты [97, 152 б.]. Осы факторлар 
талдауы мен оларды есепке алу сабақтың ӛнімділігі мен табыстылығын 
қамтамасыз етуші тиімді қҧрал болып табылады.
Бірінші фактор, оқыту процесіне әсер етуші – бҧл оқу пәні, оның 
ӛзгешелігі. Мысалы, оқу пәні ретінде шет тілінің ӛзгешілігі сонымен 
бірге, оқытудың мақсаты мен қҧралы ретінде де болады. Егер шәкірттер 
басқа пәндерді игергенде ана тілін қҧрал ретінде пайдаланса, шет тілін 
игеруде қҧралдар мен тәсілдерді меңгеру біртіндеп, сырттан 
басқарылатын тәсілдер арқылы басқа, неғҧрлым кҥрделіні игеру 
проблемасы туындайды.
Екінші фактор, білімдерді меңгеруге әсер етуші мҧғалімнің 
даралық-психологиялық және кәсіби ерекшеліктері. Педагогикалық 
жҧмыс мҧғалім тҧлғасына, оның педагогикалық қабілеттеріне 
(дидактикалық, академиялық, перцептивті, сӛздік, ҧйымдастырушылық, 
ӛктемшілдік, коммуникативтік және т.б.) жоғары талаптар қояды. Бҧл 
жерде оқу пәнінің ӛзгешелігінің ӛзі қандайда бір педагогикалық 
сапалардың олардың қҧндылығын арттыра отырып, бірінші орынға 
жылжыта отырып, оның мәнділігіне әсер етеді. Мысалы, студенттердің 
пікірінше, шет тілінің оқытушысы ҥшін коммуникативтік сапалар, 
топпен жақсы байланыс және ҧжымдардағы жағымды эмоционалдық 
климат неғҧрлым қҧнды болып табылса, физика, математика 
оқытушылары ҥшін табыстылық, ерекше ойлау маңызды.
Ақырғы, ҥшінші фактор – шәкірт тҧлғасы, оның жастық және 
даралық-психологиялық ерекшеліктері, оның ақыл-ойының дамуы, 
эмоционалдық-еріктік 
реттелінуі, 
оның 
бейімділігі 
мен 


279 
қызығушылықтары, оның оқуға қатынасы, оқу материалын меңгеру 
ерекшеліктері. Айта кетейік, осы фактордың әсер етуі меңгерудің 
барлық психологиялық компоненттерінде байқалады, олар Н.Д. Левитов 
бойынша: 1) шәкірттердің оқуға деген жағымды қатынастары; 2) 
материалмен тікелей сезімдік танысу; 3) ойлау - алынған материалды 
белсенді қайта ӛңдеу ретінде; 4) алынған және ӛңделген материалды 
есте сақтау.
Шет тілі оқу пәні ретінде, мысалы шәкірттердің психикалық 
танымдық процестерінің мәнділігіне ӛзгеше із қалдырады. Мысалға, 
тҥйсік пен қабылдау процестерінде жеке тҧрғыдан есту және моторлық 
сезімталдық ерекше маңызды. Шет тілі шәкірттердің қысқа және ҧзақ 
мерзімді есте сақтауларына және т.б. жоғары талап қояды. Оны оқу 
барысында пайда болатын жағымды эмоциялардың да маңызы ҥлкен.
Осы оқу пәнін игеру шәкірттердің зейіні мен ерік-жігерін
ҧйымдастыруға ҥлкен талаптар қояды (И.В. Карпов).
Жоспарланған сабаққа алдын ала талдау жасай отырып, оны 
ерекшелігі мҧғалімге бҧрыннан белгілі, нақты топпен байланыстыру 
маңызды. Мҧғалім жҥргізілетінса сабақты негіздеу ҥшін кәсіби 
білімдерін неғҧрлым саналы аңғарып, мақсатқа сай қолданса, сабақ 
барысында жҥзеге асыруды жоспарлаған сәттерге неғҧрлым терең және 
толығырақ талдау жҥргізіп, болашақ сабақтың кезеңдеріне неғҧрлым 
дәл болжам жасаса, сонда ол кҥтпеген жағдайларға соғҧрлым аз тап 
болып, ӛзіне сенімді бола тҥседі. Осының барлығы сабақты ӛткізу 
табыстылығының кепілдігі болып табылады. Шамалаушы талдау 
жобалаушы қабілеттерге сҥйенеді, осы іскерліктерді жҥзеге асырады 
және оларды дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет