И. А. Зимняя педагогикалық психология



Pdf көрінісі
бет166/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   210
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

Білім беру жүйесіндегі ӛзара әрекет 
Бір-бірімен қарым қатынас жасаушы ҥйретуші (педагог) мен 
ҥйренушінің (оқушылар, студенттер) оқудағы ӛзара әрекеті, білім беру 
жҥйесінің ішінде жҥзеге асатын білім беру процесіндегі неғҧрлым 
кҥрделі ӛзара әрекеттесу жҥйесіне енеді. Бҧл жҥйеде басқару 


293 
(министрлік, комитет, білім беру бӛлімдері), әкімшілік (ректорат, 
директорат), педагогикалық кеңес, кафедралар, оқытушылар ҧжымы, 
сыныптар, топтар сияқты ішкі жҥйелер тығыз ӛзара әрекетте болады. 
Олардың әрқайсысы ӛзара әрекет қҧрылымымен, яғни оның 
ситуациясын, стилін және тиімділігін анықтаушы қҧрылыммен 
сипатталады. Оқудағы ӛзара әрекеттесу біріккен, жалпы нәтижеге 
жетуге бағытталған іс-әрекет пен қарым-қатынас формасы ретінде 
еңбектестікте кӛрінеді.
Білім беру жҥйесі, мысалы мектепте, әсіресе мектепке дейінгі 
білім беруде, «отбасы» (ата-аналар, олардың ата-анасы) жҥйесімен және 
«жҧртшылық» жҥйесімен ӛзара әрекеттесетінін атап ӛту маңызды. Осы 
байланыстардың барлығы азды-кӛпті мӛлшерде тікелей сыныптағы 
(аудиториядағы) оқу-тәрбиелеу процесінде ӛз кӛрінісін табады. Ол 
оқушылардың оқуға, мҧғалімге, мектепке қатынасынан байқалады, ӛз 
кезегінде, бҧл олардың қҧндылық жҥйесінің оқу іс-әрекеті сипатына 
кескінделуі болады.
§ 2. Білім беру процесі субъекттерінің ӛзара әрекеттесуі 
 
Білім беру процесі ӛзара әрекет ретінде  
Білім беру процесі кӛп жоспарлы және полиморфты ӛзара әрекет 
болып табылады. Бҧл оқушы мен мҧғалімнің (студент пен
оқытушының) оқу немесе, дәлірек айтсақ, оқу-педагогикалық ӛзара 
әрекеттесу; бҧл сонымен қатар, оқушылардың (студенттердің) 
арасындағы ӛзара әрекеттесуі; бҧл сонымен қатар, тҧлға аралық ӛзара 
әрекеттесу, ол оқу–педагогикалық ӛзара әрекетке тҥрліше әсер ете 
алады. Осы ӛзара әрекеттің бірінші жоспарын «оқушы–мҧғалім» 
схемасы бойынша қарастырайық. Ол ілім тарихында тҥрлі формаларда 
жҥзеге асырылды: Шебер және Ҧстазбен даралық жҧмыс; сынып-
сабақтық жҧмыс (Я.А. Коменский кезінен бері); оқушымен дара жҧмыс 
кезінде кеңес беру; Ресейде 30-шы жылдардағы оқытуды бригадалық-
зертханалық әдіспен ҧйымдастыру формасында және т.б., алайда кез-
келген нҧсқада ӛзара әрекеттесуші жақтардың әрқайсысы ӛзінің 
субъективті белсенділігін жҥзеге асырды. Ең кӛп мӛлшерде ол 
ҥйренушіде сократтық әңгімелесу әдісі бойынша, жеке дара жҧмыста, 
кеңес беруде кӛріне алды.
Қазіргі кезде оқу-педагогикалық ӛзара әрекет еңбектестіктің 
іскерлік, рӛлдік ойын, бірігіп-таратылған іс-әрекет, триадалардағы, 
топтардағы, тренинг-сабақтардағы жҧмыс сияқты ҧйымдастырушылық 


294 
формаларына ие болды. Бҧл жерде еңбектестік, ең алдымен, 
оқушылардың (студенттердің) ӛзінің ӛзара әрекеттесуін ҧйғарады. Білім 
беру процесінде оқу ӛзара әрекетінің жоспары мен формаларының кӛп 
болу жағдайы жасалып, оның жалпы схемасы да кҥрделенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет