И. А. Зимняя педагогикалық психология


Сабақты психологиялық талдаудың үш жоспары



Pdf көрінісі
бет156/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   210
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

Сабақты психологиялық талдаудың үш жоспары
 
Сабақтың психологиялық талдауын жалпы қҧбылыс ретінде айта 
келе, оның ҥш жоспарын бір-бірінен айқын ажыратып алуға болады. 
Бірінші жоспар – шәкірттерді тәрбиелеуге, тҧлғасын дамытуға, оның 
ғылыми 
дҥниетанымын, 
оқыту 
процесіндегі 
ӛнегелілігін 
қалыптастыруға қатысты психологиялық талдау. Бҧл жоспар сабақты 
жалпыпедагогикалық талдаудың бір бӛлігі саналады, мҧнда жалпы 
алғанда, оның жалпы қазіргі замандағы білім берудің жалпы 
білімберушілік 
және 
тәрбиелік 
мақсаттарына 
сәйкестілігі 
қарастырылады. Білім беру процесін реформалаудың жалпы 
контекстінде оқытудың дәл тәрбиелік жағын кҥшейту керек, яғни 
сабақтың 
психологиялық 
талдауына 
оларды 
неғҧрлым 
жете 
қарастыруды жҥзеге асыра отырып, оқушыны тҧлға ретінде тәрбиелеу 
жайлы кең кӛлемді сҧрақтар енгізу қажеттігі анық. Оқушының 
позитивті әлеуметтік ҧстанымдарын, белсенді әлеуметтік позицияларын 
қалыптастыру, оның ӛз нанымдарын дәлелдей алу және қорғауға 
дайындағын қалыптастыруға мҧғалімнің сендірушілік әсерінің 
психологиялық талдауы ӛзекті болып отыр. Бҧл жерде оқушылардың 
бойында жауапкершілік сезімін, ынтымақтастыққа дайындығын 
тәрбиелеу процесінің; жоғарғы санаттағы топ ретінде рухани салауатты, 
әлеуметтік маңызды мақсатпен біріктірілген, оқу ҧжымдарын 
қалыптастыру шарттарының психологиялық талдауы маңызды болып 
табылады.
Екінші жоспар сабақтың әдістемелік талдауымен, яғни оның 
мақсаттарын, мазмҧнын, ҧйымдастыруын негіздеумен және т.б. тығыз 
байланысты. Талдау барысында сабақ қаншалықты шәкірттердің 


276 
дайындық деңгейіне және олардың интеллектуалдық дамуына сәйкес 
келетіні қарастырылады. Оқу материалын меңгерудің психологиялық 
табиғаты, шәкірттердің оқу процесі барысындағы интеллектуалдық 
белсенділігінің дамуы, жҧмыс амал-тәсілдерінің оқушылардың жас 
ерекшелік және даралық-психологиялық ерекшеліктерімен сәйкестілігі 
талданады. 
Сабаққа талдау жасаудың ҥшінші жоспары екі тҧлғаға 
бағытталаған: біріншісі – бҧл оқушы, оның танымдық-коммуникативтік 
қажеттілігі, оның қалыптасуы мен дамуының шарттары; оның сӛздік-
ойлау 
іс-әрекетінің 
ерекшеліктері; 
оның 
коммуникативтік 
ерекшеліктері, даралық–психологиялық ерекшеліктері және т.б., яғни
оқушы оқу іс-әрекетінің субъекті, басқа оқушылармен, мҧғаліммен
педагогикалық қарым-қатынас субъекті. Сонымен бірге, сабақтың 
психологиялық талдауы – бҧл қҧрал, мҧғалімнің ӛзінің педагогикалық 
іс-әрекетін жетілдіру амалы, мҧның ӛзі бҥгінгі кҥнгі мектеп жағдайында 
ӛте маңызды. Сондықтан да екінші тҧлға мҧғалімнің ӛзі болып 
табылады. Сабақты психологиялық талдаудың бҧл жағдайында 
рефлексия механизмі іске қосылады, яғни адамның ӛзінің ішкі дҥниесін 
тҥсінуі, ҧғынуы, вербализациялауы (тҥрткілерді, кҥйлерді, тҧлға 
бағыттылығын, талабының дәрежесін, ӛз іс-әрекетінің барысын, оның 
табыстарын және т.б.). «Педагогикалық рефлексия» мҧғалімнің 
педагогикалық іс-әрекет субъекті, басқа адамдарды оқыту мен 
тәрбиелеу ҥшін әлеуметтік жауапты тҧлға ретінде кәсіби ӛзіндік сана 
сезімімен арақатынаста екенін атап ӛту маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет