73
ізін басушы Cray Т90 компьютерінің құрылымы да осы сияқты, ол тек
жекелеген сандық сипаттамаларымен ғана ерекшеленеді.
Сонымен, Cray C90 – ӛткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында
ӛмірге келген векторлы-конвейерлік компьютер. Компьютердің максималды
конфигурациясына, ортақ жадымен жұмыс істейтін, бірдей 16 процессор
енгізілген. Компьютердің такті уақыты 4,1 нс, ол шамамен 250 МГц тактілік
жиілігіне сәйкес келеді. 24-ші суретте Cray C90 компьютерінің жалпы
сүлбесі және ондағы бір процессордың құрылымы толық келтірілген.
Cray C90 компьютеріндегі процессорлар бірдей және олар ондағы
барлық бӛлінетін ресурстарға қатысты тең құқылы: жады, енгізу/шығару
секциясы және процессор аралық ӛзара қатынас секциясы. Олардың
ерекшеліктерін қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: