81
айтқанда, қазақ тілінің жұмсалу аясы 1856
мектепке, яғни 42,3
процентке тарылған [28,169.].
Дегенмен, қазақ тілі тілдік реформа жылдарынан бастап, әсіресе
тіл заңы жарияланған кезден бері, ағарту саласында қоғамдық
қызметін кеңейтіп келеді. Ал біздің зерттеу нысаны болып отырған
Алматы облысы бойынша биылғы оқу жылында барлығы 738 мек-
теп болса, оның 20-ы орыс мектебі, 311-і аралас мектеп, ал қалған
395-і таза қазақ мектебі.
Облыстағы мектепке дейінгі тәрбие беретін 164 балабақшаның
76-ы қазақ, 7-і орыс, 80-ні аралас бала-бақша. Сондай-ақ облыстағы
барлық шағын бала-бақша орталығының саны 434 болса, соның
218-і қазақ тілінде, 12-і орыс тілінде және 204-і аралас, қазақ-орыс
тілдерінде тәрбие-білім береді.
Алдыңғы тарауда Алматы облысының
этникалық құрамының
өзгеруі туралы мәліметті баяндағанда О.Б. Алтынбекованың «Эт-
ноязыковые процессы в Казахстане» атты монографиясындағы
деректерге сілтеме жасаған едік, сол еңбекте мектеп, ондағы оқу
тілін таңдауға байланыстытағы да өте құнды мәліметтер берілген.
Ондағы мәліметтер аздап ескіргенімен, облыс жастарының оқу
тілін таңдаудағы бағыт-бағдарын айқындауға көмегі бар (өкінішке
орай мұндай жаңа мәліметтер біздің қолымызға түспеді).
Мұнда автор 2004/05 оқу
жылында Алматы облысындағы
күндізгі жалпы білім беретін мектептерде 332,5 мың оқушы білім
алғанын айта келіп, оның 62,5 пайызы оқу тілі ретінде қазақ тілін
таңдағанын, 32,6 пайызы орыс тілін, 4,9 пайызы өзге этнос тілін
таңдағанын мысалға келтіреді. Осы оқу жылында облыстағы 232,8
мың қазақ оқушысының 87,3 пайызы қазақ мектебінде, 12,7 пайы-
зы орыс мектебінде және 124 оқушы (0,06%) өзге этникалық топ
тілінде білім алған.
Оқу тілін таңдауда мемлекеттік тілге басымдылық берген
қырғыздар екен. Осы этностың 321 оқушысының 52,3 пайы-
зы қазақ мектебінде, 45,8 пайызы
орыс мектебінде, 6
оқушы
өзге тілде оқыған. Тағы да осындай үлкен үлесті көрсеткендерге
қарақалпақтар жатады. Олардың 43 оқушының 81,7 пайызы оқу
тілі ретінде қазақ тілін таңдаса, 16,3 пайызы орыс тілін таңдаған.
82
Білім беру саласында қазақ тілі басымдылық танытатын
республиканың оңтүстік аймағының
өзінде славян этностары өз
балаларын қазақ мектебіне бере бермейді. Айталық, 2004/05 оқу
жылында Алматы облысындағы күндізгі білім беру мекемесінде
орыс оқушыларының саны 41,1 мың адам болса, соның түгелге
дерлігі, яғни 99,0 пайызы өз ана тілінде, тек 1,0 пайызы (411
оқушы) ғана қазақ тілінде және 3 оқушы өзге этнос тілінде оқыған.
Сол сияқты 829 украин оқушысының 98,6 пайызы орыс тілінде, 1,5
пайызы (12 оқушы) қазақ тілінде білім алған. 146 белорустың 97,3
пайызы
орыс мектебінің, 2,7 пайызы қазақ мектебінің оқушысы
болып табылады.
Алматы облысындағы 33 мыңға жуық ұйғыр оқушысының
2004/05 оқу жылында 49,3 пайызы ұйғыр тілінде, 7,5 пайызы қазақ
тілінде және 43,3 пайызы орыс тілінде білім алған.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Алматы облысындағы
түрлі этностардың (барлығы – 105 этнос) жастары оқу тілі ретінде
орыс тілін таңдағанын көруге болады. Айталық, 2 057 татардың
басым бөлігі (90,1%) орыс мектебінде оқыса, 9,6 пайызы мемле-
кеттік тілде және 6-уы өзге тілде білім алған. 6 257 түріктің 92,5
пайызы орыс мектебінде, 7,5 пайызы қазақ мектебінде, тек 2
оқушы ғана өзге тілде оқыған. Сондай-ақ 4 515 әзірбайжанның 95,9
пайызы орыс мектебінің оқушысы, 4,1 пайызы ғана қазақ мектебін
таңдаған. 1 398 шешен оқу тілі ретінде орыс тілін 89,3 пайызы,
10,7 пайызы қазақ тілін таңдаған. Облыстағы күрд оқушысының
осы оқу жылындағы саны – 3 134 адам болса, соның 95,6 пайызы
орыс тілінде білім алған, 4,4 пайызы ғана қазақ тіліне ден қойған.
2 685 кәрістің және 1 932 немістің орыс мектебінде оқығаны 98,9
пайыз және 98,1 пайыз, 1,2 және 1,9 пайызы ғана оқу тілі ретінде
қазақ тілін таңдаған. Өзбек оқушылардың саны – 454 адам, оның
орыс тілін таңдағаны 78,2 пайыз. Ал қазақ тілін таңдағаны -18,1
пайыз. 328 гректің 79,9 пайызы орыс тілін таңдаса, 17,7 пайызы
қазақ тілін таңдаған.
Қазақстандық жастардың мектепте және жоғары оқу орнында
қай тілге басымдылық беретіні туралы мәліметті ұлттық бірыңғай
83
тестілеу (ҰБТ) және талапкерлерді кешенді тестілеуден өткізу
(ТКТ) материалдарынан алуға болады. Жоғарыда көрсеткен
О.Б.Алтынбекованың монографиясында бұл жөнінде нақты талда-
улар берілген [33,170-175.].
Достарыңызбен бөлісу: