115
-53,3% (7 971 618/14 955 106), орыстар - 30,0% (4 489 705/14 955
106) және өзге этностар - 16,7%.
Қазақстан халқының ұлттық құрамы
2009 жылы ел тұрғындарының саны 15 миллион 982 мың 343
адам болса, 2010 жылы 16 миллион 204 мың 617 адам болған [46,
22.]. Жалпыұлттық халық санағының 1999 жылғы және 2009 жылғы
аралығында қазақтар 26,1% өсіп 10 098,6 мың адамды құрады, бұл
республика халқының - 62,3%. Өзбектердің саны 23,3% өсіп, 457,2
мың адам болса, ұйғырлар 6%, көбейіп 223,1 мың адам болған.
Осы екі санақ арасында сандық жағынан азайғандар:
орыстар
15,3 % азайып 3797,0 мың адамды құрады, немістер 49,6 % кеміп
178,2 мың адам, украиндар 39,1 % түсіп 333,2 мың адам, татарлар
18,4 % азайып 203,3 мың адам болса, өзге этностар 5,8 % кеміп
714,2 мың адамды құраған [40, 22.]. Осындай әлеуметтік, мәдени
және демографиялық динамикаға қарасақ, қазақтар республика
халқының шамамен 70% құрайтынын
және әрбір онжылдықта
қазақ халқының үлесі өсіп келе жатқанын байқаймыз.
Қызылорда облысының барлық тұрғындарының ішінде қазақ-
тардың үлесі 25.02.2009 жылғы мәлімет бойынша 95,3% құраса,
Маңғыстау облысында қазақтар барлық тұрғындардың 88,2%,
Ақтөбеде – 79,4%, Оңтүстік Қазақстанда – 72,3%, Батыс Қазақ-
станда – 72,2% және Жамбыл облысында барлық халықтың
116
71,4% құрады. Сәйкесінше осы облыстарда аз санды орыс этносы
қоныстанған.
Ділдік және психологиялық
негіздегі халықтың этнотіл-
дік тұрмысына қатысты статистикалық мәліметтерге сүйенсек,
2009 жылғы жүргізілген жалпыұлттық халық санағының
қорытындысында Қазақстан халқының 62% мемлекеттік тіл –
қазақ тілін еркін меңгерген. Соның ішінде барлық халықтың 74,0%
мемлекеттік тілде сөйлегенді түсінеді. Тұрғындардың 84,8% орыс
тілін
еркін меңгерсе, оның ішінде 94,4% сөйлегенді түсінеді.
Ағылшын тілін қазақстандықтардың 7,7% еркін меңгерсе, содан
екі еседей адам ағылшын тілінде сөйлегенді түсінеді.
Қазақтардың өз арасында 98,4 % сөйлегенді түсінсе, 2,3 %
еркін оқиды, 93,2 % еркін жазады және оқиды. Статистикалық
агенттіктің түсіндірмесінде еркін жазатындар, әдетте, еркін оқиды
және сөйлегенді түсінеді, ал еркін оқитындар, дұрыс пайымдауда,
сөйлегенді түсінеді [40, 23.]. Дегенмен бұл сандық көрсеткіштердің
шындыққа сәйкес келмеу себебі де болуы мүмкін. Белгілі қоғам
қайраткері, профессор А.Айталының
сөзіне қарасақ, мұнда
этнолингвистикалық фактор жасырын жатыр: ұяттылық сезімі
тұрғысынан қазақтар өз ана тілін білмеуін мойындағысы келмейді
[47]. Мұнда қандайда бір шындықтың үлесі бар деп ойлауға бола-
ды, өйткені ғалымдар тілдік факторды ұлттың негізгі жекелік бел-
гісі екенін және ол өте сезімтал әрі маңызды болатынын айтады
[47].
Сондықтан осы белгілеріне қарай қазақтарды қазақтілді және
орыстілді деп бөледі. Қазақ социумын тамырлас болуы немесе та-
мырынан қол үзуі бойынша, аумақтық, рулық тегі жағынан, сондай-
ақ тарихи отанына оралуы жағынан жік-жікке бөлінетіндігі туралы
мәселе жиі көтеріледі. Олай болса, қазақ қоғамының ішкі бірлігін
күш сала отырып нығайтудың айрықша мәні бар. Қазіргі қазақтар
ғасырлық дәстүрге сүйене отырып,
бірліктің, төзімділіктің және
патриотизмнің үлгісін көрсетуі керек. Тіл бұл жерде басты бірік-
тіруші фактор ретінде қызмет атқара алады.