Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


Тілдердің қарым-қатынасы және өзара әсері



Pdf көрінісі
бет67/105
Дата12.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#38882
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   105
4.4 Тілдердің қарым-қатынасы және өзара әсері
Дүние жүзіндегі елдер, мемлекеттер бір-бірімен әр түрлі са-
яси, мәдени, экономикалық т.б. қарым-қатынас жасайды. Бұл 
халықтардың, олардың тілдерінің араласуына, бір-біріне әсер етуі-
не ықпал жасайды. Осыған байланысты лингвистер тілдер қарым-
қатынасының негізінен үш түрлі көрінісі байқалатынына назар 
аударады:
1.Тілдердің қатар өмір сүруі
2.Тілдердің араласуы
3.Тілдердің тоғысуы
1.Тілдердің қатар өмір сүруі дегеніміз – бір мемлекет 
аумағында өзара аралас өмір сүріп жатқан немесе көршілес жатқан 
мемлекеттердегі тілдердің ұзақ замандар бойы бір-біріне үнемі, 
тұрақты түрде әсер етуі, ықпал жасауы.
Сондай қарым-қатынас нәтижесінде ол тілдердің дамуын-
да, олардың жалпы фонетикалық, лексикалық, грамматикалық 
құрылысында ортақ жайлар пайда болады. Бұлардан «туысқан тіл-
дер» немесе «тілдер одағы» сияқты жақын, ортақтық мәселелері 
туындайды.
2.Тілдердің араласуы дегенімізбелгілі бір тарихи кезеңде 
екі тілдің қарым-қатынасқа түсіп, бір-біріне әсер етуі де, кейіннен 
бір-бірінен қайта ажырап, әрқайсысының өз даму жолына түсуі, 
өз бетімен өркендеуі. Айталық, VII-XII ғғ. арабтар маңайындағы 
елдердің бірсыпырасын жаулап алды. Бұл кезеңде, бес ғасырдай 
уақыт аралығында араб және парсы тілдері айтарлықтай дәрежеде 
араласты. Қазіргі кезеңде парсы тілінің даму жолын дәлірек, 
жете түсіну үшін араб тілін білу керек. Мұндай жағдай түрік тілі 
мен болгар тілдерінің, корей және қытай тілдерінің араласуын-
да болған. Мысалы корей лексикасының 75 пайызы қытай сөзі, 
ағылшын лексикасының 60-70 пайызы латын сөздері. Мұндай про-
цесс қазақ, орыс тілдерінен де байқалады.
3.Тілдердің тоғысуы дегеніміз – екі тілдің қарым-қатынасқа 
түсу нәтижесінде бір-біріне әбден сіңісіп кетуі. Тілдердің тоғысуы 


145
этникалық топтардың, тайпалардың араласып-құраласып кетуіне, 
сондай-ақ бір халықтың екінші бір халықты жеңіп, бағындырып, 
өзіне қаратып алуына байланысты болады. Тілдердің тоғысуы туы-
стас халықтар тілдері арасында да болуы мүмкін. Саны жағынан 
көп халық аз халықты өзіне қаратып, қосып алуы да мүмкін.
Тілдердің тоғысуы – ұзақ және өте күрделі процесс. Екі тіл 
тоғысқанда, ол тілдердің құрылымы тоғысады: бірінің құрылымы 
бірте-бірте жойылып жоғала бастайды. Бірақ соның өзінде 
жойылған тіл өзін жойған тілде азды-көпті дәрежеде өз ізін 
қалдырады.
Тілдер тоғысқанда көп уақыт бойы оларды қолданушы халық-
тар арасында бір жақты қостілділік жағдайы сақталуы мүмкін. 
Қысқасы, екі тіл тоғысқанда бірі жеңіп, бірі жеңіледі, яғни жеңген 
тіл және жеңілген тіл пайда болады. Осыған орай әлеуметтік лин-
гвистикада үш түрлі термин қолданылады: адстрат, субстрат, су-
перстрат.
Адстрат деген термин екі мағынада жұмсалады:
1) ұзақ уақыт бойы қатар өмір сүрген екі тілділік (мысалы, араб-
парсы, қазақ-орыс, қырғыз-орыс, т.б.);
2) бөтен жерге келіп қоныстанып, жергілікті тілдерге әсер етіп, 
біршама уақыт ішінде көрші тіл ретінде жарыса қолданылатын жа-
улаушылар тілі, басқыншылар тілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет