Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


Қостілділік – белгілі бір аумақ тіліндегі ұлтаралық



Pdf көрінісі
бет70/105
Дата12.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#38882
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   105
Қостілділік – белгілі бір аумақ тіліндегі ұлтаралық 
(этносаралық) қарым-қатынасқа түсетін белгілі бір этника-
лық қауымдастықтық өкілдерінің немесе бүкіл қоғамның 
(социумның) әр түрлі жағдайда екі тілді (әдетте ана тілі мен 
екінші тілді) алма-кезек немесе қатар қолдануы.
Екі тілді қолдану фактісі ғылыми тұрғыда ХІХ ғасырда сөз 
болғанымен, «билингвизм» терминін ғылымға У.Вайнрайх 
тілдердің түйісуі (контакт) негізінде 1953 жылы енгізді. Бұл еңбек 
орыс тілінде «Языковые контакты» деген атпен 1979 жылы жарық 
көрді.
4.5.2 Табиғи және жасанды билингвизм
Табиғи және жасанды билингвизм тарихи дамудың белгілі бір 
кезеңдерінде пайда болды. Табиғи билингвизм әр уақытта табиғи 
тарихи-әлеуметтік жағдайдағы ортақ практикалық әрекет про-
цесінде екі тілді тұтынушылардың тікелей қарым-қатынасының 
салдарынан пайда болады.
Жасанды билингвизм Екінші тілді арнайы мақсатта оқып-білу 
жағдайында, оның тұтынушылармен тікелей байланыста болмай-
ақ, арнайы қолдан жасалған жағдайда пайда болады. Жасанды би-
лигвизм білім беру мен мәдениет дамуына байланысты бертінде, 


149
орта ғасырда, алғашқы мектептер мен университеттердің ашылу 
кезеңінде пайда болды.
Қостілділікке қарама-қарсы құблыс біртілділік (орысша – «од-
ноязычие») және монолингвизм (гректің monos – «бір, жалғыз» 
және латынның lingua – тіл деген сөздерінен).
4.5.3 Қостілді адам (билигв) және билингв тілдерінің типо-
логиясы. «Билингв» түсінігі 
«Билингв» түсінігі және осымен қабат «билигвизм» ұғымы де 
анықтауды қажет етеді. «Билингв» ұғымын алғаш қарастырған 
М.Сводеш бұл терминнен кез келген адамның екі тілді әр түрлі 
деңгейде (екеуін де жетік; біреуін жетік, ал екіншісін нашар) 
меңгеруін түсінеді. Сондай-ақ оған адамның екі тілді де жаман 
білуі де жатқызылады. Осындағы «жетік білу», «нашар білу», «жа-
ман білу» дегендер нені білдіреді? 
У.Вайнрайх та «билингв» терминіне нақты анықтама бермей-
ді. Оның түсіндіруінде бұл екі тілді алма-кезек пайдаланатын жай 
адам, яғни билингвизм жағдаятына қатысушы. Мұнда да «екі тілді 
пайдаланатын» деген тіркестен нені ұғу керектігі ескерусіз қалған.
Адамның сөйлеу әрекеті, әдетте, тіл меңгеру дәрежесімен 
анықталады десек, билингвтер класына жататын адамның екінші 
тілді меңгеруі қандай дәрежеде болуы керек? Бұл сұраққа жауап 
беру арқылы біз билингвизм ұғымына және оның монолингвизм-
нен қандай айырмашылығы бар екендігін білер едік.
Билинв деп екі тілді бірдей дәрежеде меңгерген адамды айту 
керек деген пікір көп айтылады. Бұл жерде тепе-теңдіктегі (сба-
лансированный) немесе таза билингвизм жөнінде әңгіме болып 
отыр. Алайда бұл жағдайда билингвтер деп кейбір аудармашылар-
ды, дипломаттар мен мұғалімдерді ғана айтамыз, екі тілді бірдей 
дәрежеде білмейтін жүздеген миллион қостілді адамдарды бұл 
түсінікке енгізе алмай қаламыз дейді Дж.Фишман. Осындай пікір-
ді К.Х.Ханазаров, К.К.Мусаевтар да қауаттайды. Ал Х.Фогт жүз 
пайызды билингвим болады дегенге күмәнмен қарайды.


150
Келесі бір ғалымдар билингвизмге жатқызуға болатындай 
екінші тілдегі сөйлеу дағдысының минималды көлемін белгілеу-
ге немес Т2-ні меңгерудің қажетті деңгейін жалпылама болса да 
көрсетуге талпынады. Бұл ғалымдар «екінші тілді пассив немесе 
актив қолданатын билингвтер» деп (А.Вайс, Л.Завадовский т.б.), 
екінші тілде айтқанды түсінетін және сөйлей алатын адамдар 
билингв бола алады деп (В.Руке-Дровиня) тұжырым жасайды. 
Э.Хауген өзінің ертеректе жазған еңбегінде «билингвизм бір тілде 
айтылғандарды екінші тілде толық түсіне алудан басталады десе, 
кейін билингвтің негізгі белгісі оның монолингв болып табылма-
уынан көрінеді дегенді айтады.
Тіл меңгеру дегеннен қандай да бір тілдегі шығармашылық 
сипаттағы сөйлеу әрекетін түсінуіміз керек. Шет тілінде бірне-
ше фразалық тіркес айтқан адамды, бірнеше жаттанды сөйлем 
білетін жолаушыны билингвтер қатарына қосуға болмайды. 
Екінші тілдегі сөйлеу әрекетінің шығармашылық сипаты қарым-
қатынас жағдайының өзгеруіне қарай жаңа ой-тұжырымдар туды-
ра білумен және бұрыннан белгілі болғанмен тіптен жаңа ұғымдар 
арасындағы құрылымдық ұқсастықтарды тани алатын қабілетімен 
анықталады. Осыған қарағанда бұл ой-тұжырымдардың дұрыстығы 
мен күрделілігі дәрежесі туралы мәселе өз алдына бөлек әңгіме бо-
латынын, яғни оның бұған қатысы жоқ екенін аңғарамыз.
Осы аталғандарға қарағанда билингв деп өз сөйлеуінде екі тіл-
ді пайдалана алатын, ауызша, жазбаша формаларда екінші тілде 
дұрыстығы мен күрделілігіне қарамастан жаңа ой-тұжырымдарды 
тудыра және түсіне алатын адамды айтамыз. Басқаша айтқанда, 
билингв – бұл екі тілдік қауымдастыққа жататын, оларға мүше 
болу дәрежесі әр алуан болып келетін адам. (Қостілділік деген-
нен тұрғындардың бір-бірімен екі тілде түсінісуін түсінсек, тіл 
әлеуметтік топтастыру құралы болып табылады. Сонда қостілді 
болу деген әр түрлі топтың мүшелігіне ену).
Осыған сәйкес сөйлеу әрекетінде бір ғана тілді пайдаланатын 
және бір ғана тілдік қауымдастыққа жататын адам монолигв деп 
аталады, ал үш және одан да көп тілділер – мультилингвтер деп 
есептеледі.


151
Билингвтермен қатар Э.Хауген бірдей тілді меңгерген және 
соған сәйкес тілдік қауымдастықтарды құрайтын біртілді және 
қостілді адамдарды колингв (colinguals) деп атап, жаңа ұғым ен-
діреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет