56
«Экономика и статистика» №2, 2010
Анализ в статистике
Экономикалық білім жүйесіндегі
статистиканың ролінің жоғары екенін
ешкім жоққа шығармайды. Халықара-
лық сарапшылардың айтуы бойынша
XXI ғасырда талдаушы-статистик
әлемдегі ең қалаулы мамандықтардың
төрттігіне кіреді.
Қоғам өміріндегі
статистиканың маңызын
И.Ильф пен Е.Петровтың «12 орындық» романын-
дағы «Статистика бәрін біледі»
деген ел арасына
көп тараған сөзі-ақ білдіреді.
Қазіргі кезде статисти-
каны қолданбайтын экономикалық әрекет түрін табу
қиын. Статистикасыз шаруашылық субъектісінің де,
жеке бір елдің де экономикалық әрекетінің нәтижесін
сипаттау мүмкін емес. Сондықтан бүгінгі күні еңбек
рыногында бәсекеге қабілетті болу үшін экономика,
қаржы, маркетинг, менеджмент салаларының маман-
дары статистикалық әдіснаманы, яғни мәліметтерді
жинау, өңдеу, талдау әдістерін білуі және оларды
өз мамандығы аясында қолдана алуы қажет. Ста-
тистикалық білімнің ролі әлемнің барлық елдерінде
өсуде. Оған саясат, экономика, басқа да салаларда
белгілі бір шешімді қабылдау үшін
статистикалық
ақпаратты қолдана білу қажеттілігінің өсуі бірден-бір
себеп болуда, яғни статистика ғылымы және оның
қолданбалы бөлімі болып саналатын статистикалық-
экономикалық талдаулар
экономика саласындағы
мамандардың қалыптасуына зор ықпал етеді.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ста-
тистиканы жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арнал-
ған Бағдарламасында қазіргі кезде қоғамды басқа-
ру және дұрыс шешім қабылдау үшін ақпарат маңыз-
дылығының ролі анағұрлым өскендігі айтылған.
Аталған құжатта «Адамзат
дамуы индустриялық
экономикадан ақпараттық экономикаға көшуде. Егер
индустриялық экономика табиғи және адам ресурста-
рын көп мөлшерде қолдану есебінен дамыса, жаңа
экономика дәстүрлі ресурстардың мол шығынын
емес, ақпаратты қажет етеді» делінген. Сол сияқты
Қазақстанда мемлекеттік
статистиканы одан әрі
жетілдірудің басымды бағыттарынының бірі ретінде
статистика саласында үздіксіз кәсіби білім беру
жүйесін жетілдіру керектігі айтылған. Ал мемлекеттік
статистиканы жетілдірудің 2006-2008 жылдарға ар-
налған Бағдарламасында
халықаралық стандарт-
тарды кешенді түрде жүзеге асыру нәтижесінде ста-
тистикалық ақпараттың сапасын жақсартуға көп көңіл
бөлінген. Бұл Бағдарлама ақпарат ролінің үздіксіз
артуына, сол сияқты экономиканың жаһандануы және
әлемдік қауымдастықтың бірігуі сияқты процестердің
ресми статистикаға тигізетін әсерінің өсуіне байла-
нысты қабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: