Агентство республики казахстан по статистике


Қазақстан Республикасындағы жоғары білім



Pdf көрінісі
бет114/143
Дата13.09.2022
өлшемі3,57 Mb.
#38999
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   143
Қазақстан Республикасындағы жоғары білім 
жүйесіндегі статистика мамандығы
С. Мұханбетова 
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
«Статистика» термині латынның status (күй-жай) 
деген сөзінен шыққан. Алғашында бұл сөз мемле-
кеттану деген мағынада қолданылды. Неміс ғалымы 
Готфрид Ахенваль 1746 жылы Марбург, Геттенген 
университеттерінде оқылатын «Мемлекеттану» кур-
сын статистика деп атауды ұсынды. Содан бері, яғни 
XVIII ғасырдың ортасынан бастап статистика термині 
ғылымда қолданыла бастады. Г.Ахенваль және 
неміс ғалымы Г.Конринг сипаттамалық статистика 
мектебінің негізін қалады. Сипаттамалық мектептің 
өкілдері мемлекеттің аумағын, халқын, т.б. назар 
аударарлық көрсеткіштерін санмен емес, сөзбен 
сипаттауға болады деп санады. Олардың статистика 
туралы түсініктері қазіргі статистика ғылымынан өте 
алшақ еді. Қазіргі статистикаға саяси арифметиктер 
мектебі жақынырақ болды, себебі олар қоғамдық 
құбылыстарды сан жағынан сипаттауды мақсат 
етті. Статистика ғылымы үшін саяси арифметиктер 
мектебінің пайда болуы қоғамдық құбылыстар мен 
процестерді сипаттаудан оларды өлшеуге, зерт-
теуге көшкен жаңа кезең болды. Саяси арифме-
тиктер мектебінің негізін қалаушы және оның аса 
көрнекті өкілдері болып ағылшын ғалымдары В.Петти 
(1623-1687) және Д.Граунт (1620-1674) саналады. 
Саяси арифметиктер зерттелетін құбылыстардың 
заңдылықтарын, олардың өзара байланыстарын 
бірнеше қайтара жүргізілген бақылау нәтижесінде 
айқындауды көздеді, яғни олар қоғам дамуын сан 
жағынан көрсетуге тырысты. Статистиканың одан әрі 
дамуына бельгиялық ғалым А.Кетле (1796-1874) көп 
үлес қосты. Ол қоғамдағы бұқаралық құбылыстардың 
заңдылықтарын зерттеді. А.Кетленің бастамасы бой-
ынша статистиканың үйлесімді түрде дамуы үшін 
бірнеше халықаралық статистикалық конгрестер 
ұйымдастырылды Статистика ғылым ретінде жоға-
рыда аталған екі мектептің негізінде қалыптасты. 
Ресей статистикасының тарихында сипаттама-
лық мектептің өкілдері ретінде В.Н. Татищевті (1686-
1750), М.В. Ломоносовты (1711-1765), ал Д.Бернулли 
(1700-1782) мен Л.Крафты (1743-1814) саяси ариф-
метиктер ретінде атауға болады. Статистикалық 
әдістемені жетілдіруге А.А. Чупров (1874-1926), В.С. 
Немчинов (1894-1964), С.Г. Струмилин (1877-1974) 
сияқты орыс ғалымдары атсалысты. Ал статистиканың 
математикалық бағытта дамуына П.П. Чебышевтің 
(1821-1894), Н.А. Марковтың (1856-1922), А.М. Ляпу-
новтың (1857-1919) қосқан үлестері зор. 
Қазақстан аумағында құрылған алғашқы мемле- 
кеттік статистикалық орган болып Түркістан губер-
ниялық статистикалық комитеті (1868) және оған 
бағынышты Сырдария, Жетісу статбюролары сана-
лады. XIX ғасырдың 70-90-жылдарында Орал, Семей, 
Ақмола, Торғай облыстарында статистикалық коми-
теттер құрылды. Бірақ 1920 жылға дейін Қазақстанда 
жергілікті статистикалық мекемелерді біріктіретін 
85
«Экономика и статистика» №2, 2010
Государственное регулирование
Сондықтан стандарттау процесін тек өнім өнді- 
ретін кәіпорындарда емес, қызмет көрсететін кәсі-
порындарда да жетілдіру, кеңінен пайдалану аса 
маңызды болмақ. Оған қазіргі кезде халықаралық 
нарықта қызмет көрсетуді қажет ететін банктік қыз- 
мет сферасы да кіретіні сөзсіз. Олай болса, стан-
дарттаудың негізгі ерекшеліктерін қорытындылайық.
Стандарттау қағидалары:
1) Барлық стандарттар алдыңғы қатарлы шетел-
дік және отандық тәжірибеге негізделген.
2) Стандарттар өнімнің өзінің сапасына емес, 
банк бизнесін басқаруды ұйымдастыру жүйесіне та- 
лап қояды. 
3) Стандарттар нақты банк процестеріне талап 
қойылады.
4) Стандарттар банктер жұмысының сапасын 
көтерудің бағыттаушысы болуға тиіс [2].
Банкке стандарт не береді? 
Банк қызметінің тұтынушымен өзара қатына-
сының сапа стандарты дегеніміз:
- клиенттер қажеттілігін қанағаттандыруға 
бағытталған процестерді басқаруға қатысты озық
банк тәжірибесі негізіндегі талаптар жиынтығы;
- мүдделі тұлғалардың кең ауқымының, оның 
ішінде тұтынушылар, акционерлер, директорлар 
кеңесі, жетекшілер, персонал, контрагенттер, рет- 
теу және қадағалау ұйымдарының банк қызметінің 
сапасын бағалау құралы;
- банкті басқаруға процестік әдісті енгізу 
нәтижесінде
тәуекелді, оның ішінде операциялық, 
құқықтық және репутациялық тәуекелді басқару 
құралы.
Стандартты пайдалану банктерге төмендегідей 
мүмкіндіктер береді:
- банк қызметіне клиентке бағытталған амал-
дар енгізілетіндіктен, қызметті тұтынушылардың 
тұтынушылық дәрежесін арттыру; 
- нәтижесінде алдыңғы қатарлы отандық және 
әлемдік тәжірибеге сау басқару жүйесі құрылатын 
болғандықтан, бәсекелстік қабілет пен қаржылық 
тұрақтылықты арттыру;
- банк ісінің жалпы мәдениетін, тұтынушылар- 
дың банкке сенімін арттыру, бұл банктік сфераны
және несие механизмдерін дамытуға қосымша ресур-
стар тартудың алғы шарты болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет