Агентство республики казахстан по статистике



Pdf көрінісі
бет116/143
Дата13.09.2022
өлшемі3,57 Mb.
#38999
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   143
Анализ в статистике
бірыңғай орган болған жоқ. 1920 жылы Қазақ Авто-
номиялы Социалистік Республикасы құрылуына бай- 
ланысты Үкімет өзінің 1920 жылғы 8-қарашадағы 
қаулысымен «Қазақ АҚСР-ы мемлекеттік статистикасы 
туралы Ережені» бекітті және Қазақ АҚСР-ның статис-
тика басқармасын құрды. Сондықтан Қазақстанның 
орталықтандырылған бірыңғай статистикалық орган- 
дарының құрылған күні болып 1920 жылдың 8-қара-
шасы саналады. 
Сонымен қазіргі статистика немістің сипаттама- 
лы мектебінен әлеуметтік-экономикалық құбылыс-
тарды сандарды қолданбай, сөзбен сипаттауды, ал 
ағылшынның саяси арифметиктер мектебінен 
қоғамдық құбылыстарды сандық көрсеткіштер арқы- 
лы сипаттап, қорытындылауды иеленді. 
Қазіргі кезде «статистика» сөзі мынадай мағынада 
қолданылады:
- статистика - қоғамдық құбылыстар туралы де- 
ректерді, мәліметтерді жинайтын, өңдейтін, оларды 
талдап, жариялайтын практикалық әрекет саласы;
- статистика – қоғамдық құбылыстарды сипаттай-
тын сандық көрсеткіштердің жиынтығы;
- статистика – жоғары оқу орындарында оқылатын 
пән.
Статистика ғылым ретінде статистика теориясы, 
экономикалық статистика, әлеуметтік-демография-
лық статистика сияқты пәндердің біртұтас жүйесін 
құрайды. Статистика теориясы - әлеуметтік-экономи-
калық құбылыстарды зерттеудің жалпы принциптері
мен статистикалық әдістері туралы ғылым, ол 
бұқаралық қоғамдық құбылыстарды статистикалық 
тұрғыдан зерттеудің әдістемесін әзірлейді. Сондық- 
тан статистика теориясы барлық салалық статис-
тиканың әдістемелік негізі болып саналады.
Экономикалық статистиканың негізгі міндеттері 
ретінде ұлттық экономиканың даму қарқынын, құры-
лымын, салалардың өзара байланысын сипаттай-
тын көрсеткіштерді есептеу және талдау әдістемесін 
әзірлеу, сол сияқты ұлттық шоттар жүйесі негізінде 
макроэкономикалық статистикалық үлгіні құруды 
атауға болады. 
Әлеуметтік-демографиялық статистика халық-
тың өмір салтын, әлеуметтік қатынастардың сан 
алуан жақтарын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін 
қалыптастырады. 1-суретте статистика ғылымының 
құрылымы бейнеленген.
1-сурет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет