Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет22/38
Дата30.01.2017
өлшемі5,36 Mb.
#3042
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38

 
Пайдаланылған әдебиеттер  
1.  Айдаров Ғ.  Күлтегін ескерткіші. –Алматы: Ана тілі, 1995. -232 б.
2.  Сартқожа Қ. Орхон мұралары. –Астана: Күлтегін, 2003.-392 б.
3.  Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. –Алматы:Дайк-Пресс,2008. -968 б.
4.  Манкеева Ж.А. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері. – Алматы: Жібек жолы, 2008.-
356 б.
5.  Сейдімбек А. Қазақ әлемі. -Алматы: Санат, 1997.-464 б.
6.  Ескеева М.Қ.  Көне түркі және қазіргі қыпшақ тілдерінің моносиллабтық негізі. - Алматы:  Арыс,  2007.  
-360 б.

166
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
Исаева Жазира Исақызы
ф.ғ.к.,  доцент,  jazirhon79@mail.ru
 Түркістан қ., Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 
Жылқыбай Гүлімжан Қызметқызы 
ф.ғ.к., доцент,  zerek24@mail.ru, 8-775-632-31-15
 Касымбекова Алия Қорғанбаевна 
оқытушы, тел 8-705-980-58-03
Түркістан қ., 
 Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аға оқытушысы
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ӨТКЕН ШАҚ ФОРМАЛАРЫНЫҢ 
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ БЕРІЛУ ЖОЛДАРЫ
Түйін: Бұл мақалада қазақ және ағылшын тілдеріндегі өткен шақты қолдану жолдарының кейбір ерекшелік-
тері түсіндіріледі. Екі тілді өзара салыстыра отырып өткен шақтың етістік формалары арқылы бір-бірінен ажы-
ратудың жолдары көрсетіледі.  
Кілт сөздер: өткен шақ, форма, жұрнақ, хабарлы сөйлем, үстеу, жасалу жолдары, жедел өткен шақ, іс-әрекет, 
мағына, предлог, етістік,  көмекші етістік, simple past, Present perfect, Used to, Рast continuous.
Some ways of transferring the simple past tense forms from English into Kazakh  language.
Summary: This article deals with the peculiarities of Past Tense forms and their ways of expressing in English and 
Kazakh. By means of comparison of verbal forms of two languages it is possible to distinguish their differences.
Key words: The simple past, form, ending, declarative sentence, ways of transferring, present perfect tense, actions, 
meaning, preposition, verb, adverb, auxiliary verb, Used to, Рast continuous.
Бір шақтың бірнеше түрі болуы мумкін. Мы-
салы, ағылшын мен қазақ тілдерін салыстыратын 
болсақ, екі тілде де өткен шақтың өзінің бірнеше 
формалары  бар.  Aғылшын  тілінде  I  have  read,  I 
read[red], I had read, I was reading, ал қазақ тілінде 
оқыдым, оқығанмын деген| етістік формаларының 
барлығы  да  өткен  шақты  білдіреді.  Бірақ  бұлар-
дың  өткен  шақтық  мағыналары  бір  емес,  олар 
бір-бірінен ажыратылғанда, өз ара салыстырылып, 
біріне-бірінің   қатысы   жағынан   ажыратылады 
[1, 353б].   Қазіргі қазақ тілінде өткен шақтың бір-
неше  формалары  бар.  Өткен  шақ  формаларының 
мағыналарына қарай төртке бөлінеді: 
1. Жедел өткен шақ
2. Бұрынғы өткен шақ; 
3. Ежелгі өткен шақ; 
4. Дағдылы өткен шақ;
Ағылшын тіліндегі өткен шак формалары (the 
past  indefinite,  the  past  continuous,  the  past  perfect, 
the  past  perfect  continuous)  өткен  уақытта  болған 
іс-әрекетті білдіреді. The past indefinite (The simple 
past) жасалу жолына келетін болсақ, хабарлы сөй-
лемде  негізгі  етістіктің  екінші  формасы  арқылы 
жасалады.
Аталған  шақ  формасының  сұраулы  сөйлемі 
did  көмекші  етістігі  арқылы      жасалады  және  ол 
бастауыштың алдында келеді. Ал бұл шақтың бо-
лымсыз сөйлем түрі a) did not, ал ауызекі сөйлеуде 
didn't көмекші етістігі арқылы жасалады да, онан 
кейін негізгі етістік келеді. Did көмекші етістігі хa-
барлы сөйлемде бір нәрсені күшейтіп, ерекше мән 
беріп айтқанда колданылады. Мысалы, I do like ice-
cream. (Mен балмұздақты өте жақсы көремін).
Қазақ  тілінде  жедел  өткен  шақ  формасы-
ның  грамматикалық  көрсеткіші  -ды,  -ді,  -ты,  -ті 
жұрнақтары  жалғанған  етістіктің  жіктеліп  қолда-
нылуы.  Мысалы: оқы-ды-м, оқы-ды-ң, оқы-ды-қ, 
оқы-ды-ңдар. оқы-ды [2, 64б]. 
Көбінесе, -ды, -ді, -ты, -ті журнағы жалғанған 
етістік  қимыл-әрекеттің  жуық  арада  өткенін  біл-
діреді: Біз киноға бардық. Саяхатшылар жолға шы-
кты.  Сондықтан  бұл  форма  жедел  өткен  шақ  деп 
аталады. Ал бұл ағылшын тілінде  Present perfect 
шақ формасымен сәйкес келеді.  Бірақ кейде қазақ 
тіліндегі  -ды, -ді, -ты, -ті  жұрнақтары жалғанған 
сөз тек жуық арада ғана өткен қимыл-әрекетті біл-
дірмеуі мүмкін[2, 164б]. Мысалы: 1941 жылы Ұлы 
Отан  Соғысы  болды.  Бұл  сөйлемде  қимыл-әре-
кеттің жуық арада ғана өткен білдірмеуінің себебі 
нақты уақыттың көрсетілуінде  (1941 жылы) болса, 
ал Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін 
салды дегенде қимыл-әрекеттің жуық арада емес, 
бұрын  болғанын  сөйлемнің  мағынасына  қарап 
білуге  болады.  (Себебі  Абай  Құнанбаев  қайтыс 
болған). Ағылшын тілінде өткен шақ (Past Simple 
Tense)  төменде көрсетілген үстеулермен қолданы-
лады: yesterday, the day before yesterday, last (that) 
Saturday  (Sunday),  etc.,;  last  (that)  week  (month, 
year), an hour ago (and other adverbials with! ago), in 
1970, on the 1st of September,  
They married in 1975. 
She returned two hours ago.
 I saw them last Monday. [3, 45б].
Осы мысалдар ағылшын тіліндегі Past Simple 
мен Present perfect шақ формалары қазақ тіліндегі 

167
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
жедел өткен шақтың жасалу жолдарымен   ұқсас 
екенін дәлелдейді [4,78б]. 
Мен кино көрдім. 
have seen a movie.
Жоғарыда берілген мысалдардан көретініміз, 
ағылшын тілінде егер уақыт анық емес болса  The 
Present perfect шақ формасы қолданылады. 
    Сонымен бірге  өткен  шақтағы қайталанып 
отырған,  әдетке  айналған    іс-әрекет  Past  Simple 
шақ формасы арқылы да және used to + infinitive 
формасы арқылы  да жасалады.
 Last winter I spent a lot of time in the library. 
 Өткен қыста мен көп уақытымды кітапханада 
өткізген едім.
Last year I often went to the theatre.
Өткен жылы мен театрға жиі баратын едім. [5, 
325б].
        Жоғарыда  берілген  мысалдар  Past  Simple 
шақ формасы арқылы жасалған.
Өткен    шақтағы  қайталанып  отырған,  әдет-
ке  айналған    іс-әрекет  used  to  +  infinitive  арқылы  
жасалады. Мысалы, Some years ago he used to call 
on me, now he never  does.( Бірнеше жыл бұрын ол 
маған телефон соғып тұратын, ал   қазір  телефон 
соқпайды.)          
Өткен  шақтағы қайталанып отырған, әдетке 
айналған  іс-әрекетті  білдірудің тағы бір формасы 
would + infinitive stem. 
This used to be my mother's room, and I would 
sit there for hours. 
Бұл  мен  анамның  бөлмесі  болатын,  мен  ол 
жерде сағаттар бойы    отырушы едім.
Ағылшын  тіліндегі  өткен    шақтың  бұл  фор-
масы  қазақ  тіліндегі  дағдылы  өткен  шақпен  сәй-
кес  келеді.Ал  дағдылы  өткен  шақтың    -атын, 
-етін,  -йтын,  -йтін  және  -уші,  -ушы  жұрнақтары 
жалғанған  етістік  пен  еді  комекші  етістігінің  тір-
кесуі  арқылы  жасалады.  Мысалы:  білетін  едім, 
білуші едім, білмеуші едің. 
Еді  көмекші  етістігімен  тіркесіп  қолданыла-
тын екі жұрнактың мағыналарында айырмашылық 
жок.  Бірақ  -ушы  еді  формантымен  келген  сөзден 
гөрі -атын еді немесе -атын формалы сөз жиі қол-
данылады .Соның ішінде  дағдылы откен шақ ерте 
кезде болып өткен дағдыға айналған (қайталанып 
отырған) қимыл әрекетті білдіреді. Мысалы: 
Ол өте ұмытшақ  еді, ол ылғида бір нәрсесін 
жоғалтып жүретін.
He seemed very absent-minded, he was constantly 
loosing things. 
Сонымен, дағдылы өткен шақ сөйлеу кезінен 
бұрын  болған  кимылды  білдірумен  қатар,  ол  ки-
мыл-қозғалыстың  дағдыға  айналғандығын,  дүр-
кін-дүркін  қайталанып  тұрғандығын  аңғартады.
Ескеретін  жағдай  қимыл-қозғалыстың  дағдыға 
айналғандығын  білдіретін  сөйлемдерде  сұраулы 
және  болымсыз  формаларын  жасау  үшін  Simple 
Past  шақ  формасын  қолданған  дұрыс  болады  да, 
ал  қимыл-қозғалыстың  дағдыға  айналғандығынa 
ерекше мән бергенде хабарлы сөйлемде" Used to"  
формасын қолданған абзал болады [6, 125б].
Келесі өткен шақ формасының түрі - The past 
continuous. Бұл шақ формасы to be етістігінің өткен 
шақтағы формалары   және негізгі етістіктің 4-фор-
масы (participle I) арқылы жасалады. 
Өткен  шақта  іс-әрекеттің  белгілі  бір  уақыт 
аралығында  орындалғанын  білдіреді.  Іс-әрекеттің 
белгілі бір уақыт аралығында орындалғанын үсте-
улер арқылы және предлогтар арқылы білуге бола-
ды. (from ... till, from ... to) or adverbs (all day long, 
the whole night, etc.) [6, 48б].
The fire began at midnight when everybody was 
sleeping.  
Өрт түн ортасында барлығы ұйықтап жатқан 
кезде басталды.
   
At 10 it was still raining.
Сағат  10-да  жаңбыр  жауып  тұр  еді.(  жаңбыр 
жауып тұрған     
болатын.)
 
When I called him up, he was still having break
fast.                         
Мен оған телефон соққан кезде ол әлі таңер-
теңгі асын ішіп отырған 
                                           
We were quarrelling all day long yesterday.                           
Біз кеше күні бойы ұрсумен болдық.
      
The  past  continuous  шақ  формасы  кейде 
адамдардың мінез-құлқын суреттеу үшін де қолда-
нылады. Сөйлем құрамында -ылғи, -арқашан үсте-
улері кездеседі. [7,45б].Ал ағылшын тілінде always 
and constantly үстеулері арқылы беріледі.     
He seemed very absent-minded, he was constantly 
loosing things. 
Ол  өте  ұмытшақ    еді,  ол  ылғида  бір  нәрсесін 
жоғалтып жүретін. 
She  had  rather  poor  health  and  was  constantly 
complaining of  headaches.
 Оның денсаулығы болмай  үнемі басы ауыра-
тынына шағымданатын да жүретін.      
Қорытындылай  келе,  ағылшын  және  қазақ 
тілдеріндегі  етістіктерді  салыстыра  зерттеу-  күр-
делі мәселе болып табылыды, әрі оның теориялық 
және практикалық мәні зор. Осы тұрғыдан қараған-
да,  тілдерді  салыстыра    зерттеу  тілдердің  айыр-
машылықтарын  және  ұқса
стықтарын  табуға  мүм-
кіндік береді. 

168
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
Пайдаланылған  әдебиеттер:
1. А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» Алматы: 1991
2. М.Серғалиев А.Айғабылов О.Күлкенова «Қазіргі қазақ әдеби тілі» Алматы: 1991
3. Н.А.Кобрина Е.А.Корнеева М.И.Оссовская К.А.Гузеева «Грамматика английского языка» Санк-Петербург: Из-
дательство «Союз» 2002
4. Ы. Маманов «Функционалды грамматика» Алматы  1966
5.К.Н Качалова, Е.Е Израилевич «Практическая грамматика английского языка» Москва «Лист Нью» 2003 
6.  C.Сollin;  Collins  Birmingham  University  International  Language  Database.  William  Collins  Sons  1990  «English 
Grammar» Helping Learners with Real English Harper Collins Publishers 
7.A.J.Thomson A.V.Martinet «A Practical English Grammar» Oxford University: Press London: 1985 

169
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
Ермекбаева Айсулу Шериевна 
Қожа Ахмет Ясауи атындағы  ХҚТУ 2-курс PhD докторанты
Түркістан қ., 8705-4838683,  yermekbayeva.aisulu.83@mail.ru,  
Дәулетбекова Жанат Тұрарбекқызы 
Абай атындағы ҚазҰПУ доценті, п.ғ.д., Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі
Алматы қ., 8707-2172882, zh.dauletbekova@mail.ru
«ҚАЗАҚ ТІЛІН» ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ БЕЙІНДІК МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ОҚУ МОТИВАЦИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Түйін: Бұл мақалада алдымен бейіндік мектепте ұсынылатын пән мазмұнын оқу мотивациясына негіздей оты-
рып меңгертудің алғышарттары туралы және оның әдістемелік жүйесін құру тетіктерін анықтау кезеңдері ту-
ралы айтылады. Бейіндік мектеп оқушысының пәнге қызығуы сыртқы факторларға емес, оның өзінің ішкі қажет-
тігінен бастау алғанда оң нәтиже бермек. Сөз мәдениетін жетілдіру, алдымен, оқушының ойлау қабілетін, тыңдау 
қабілетін, қарым-қатынас қабілетін дамытуға деген өзінің ішкі қажетінен туындайды да оның оқуға деген шынайы 
ықыласы негізінде меңгертіледі. 
Кілт сөздер: бейіндік мектеп, оқу мотивациясы, шешендік сөздер, сөз мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, ортологи-
ялық дағдылар, логикалық-семантикалық ұстаным, қоғамдық-гуманитарлық бағыт.
Резюме: Эта статья в первую очередь о предпосылках обучения в специализированных школах содержании пред-
метов, основанных на мотивации и также о стадии создания системы методологического определения. Заинтересо-
ванность ученика специализированной школы предметом даст положительный результат после того, когда источ-
ником потребности будут не внешние факторы а внутренние. Совершенствование культуры речи ученика возникает, 
в первую очередь, из внутренней потребности развивать мышление, умением слушать и общаться и освоивается от 
искреннего желания узнать.
Ключевые слова: профильная школа, мотивация обучения, ораторские речи, культура слова, культура речи, орто-
логические навыки, логически-семантический подход, социально-гуманитарныe сферы.
Summary: This article is first of all about prerequisites of training the maintenance of the subjects based on motivation 
and also about a stage of creation of system of methodological definition at specialized schools. Interest to a subject  of the 
specialized school pupil will yield positive result after when not external factors and internal are a source of requirement. 
Standard improvement of speech of the pupil arises, first of all, from internal requirement to develop thinking, ability to listen 
and communicate and accustoms from sincere desire to learn.
Key words: specialized schools, motivation of training, oratorical speeches, word culture, speech standart, ortological 
skills, logical and semantic approach, social humanitarian spheres.
Жалпы  білім  беретін  мектептердің    бейіндік 
мектеп  сатысында  оқушыларды  болашақ  маман-
дығына бағдарлай оқыту міндеті қойылды. Мектеп 
оқушылары  өзінің  қалауына  қарай  қоғамдық-гу-
манитарлық  немесе  жаратылыстану-математика 
бағытының  бірін  таңдайды.  Ал  оның  әлеуметтік 
тиімділігі неде болуы тиіс деген сұрақтың жауабын 
табу әрбір пән әдістемесінің негізгі мәселесіне ай-
налып отыр. Бұл кезеңде оқытылатын «Қазақ тілі» 
пәнінің білім мазмұны екі бағытта да “Сөз мәдени-
еті  және  шешендік  өнер”  бойынша  құрылды.  Дәл 
осы  кезеңде  негізгі  мектеп  сатысында  қазақ  тіл 
б  блімінің  салаларымен  жан-жақты  таныс  болып 
келген  жеткіншектің  игерген  білімдерін  құзірет-
тілік тұрғысында кеңейтуге басымдық беріледі. Бұл 
оқушының білімді саналы меңгеруге деген мотива-
циясын қалыптастыруға оң ықпалын тигізеді. 
Сөз мәдениетін бейіндік мектептің білім мазмұ-
нына  енгізудің  басты  себебін  былайша  түйіндеуге 
болады: бүгінгі заман талабы іскер, белсенді, қандай 
жағдайда да өздігінен шешім жасап, жол таба білуге 
бейім адам тәрбиелеуді қажет етіп отыр. Сондықтан 
білімнің мәні - өткеннің тәжірибесін танытып, пән-
дік  іскерліктерді  қалыптастыруында  ғана  емес,  ең 
бастысы, оқушыны өз білімін түрлі өмір жағдаятта-
рында дұрыс қолдана білуге үйретуде. Сөз мәдени-
еті, сөйлеу шеберлігі қалыптасқан адам қай ортада 
да өзіне сенімді әрекет етеді, айналасындағылармен 
тіл табысуға қабілетті келеді. Ал тіл табыса білу – 
адамның әлеуеметтенуінің басты шарты.
Біздің  зерттеу  нысанымызға  алынып  отырған 
қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  бейіндік  мек-
тепте ұсынылып отырған тілдік білімнің оқушының 
өмірлік дағдыларын қалыптастыруда маңызы зор. 
Өйткені  болашақ  мамандығын  филологиямен, 
журналистикамен,  заңгерлікпен,  тарихпен  байла-
ныстыратын  оқушыға  сөз  мәдениеті  мен  көпшілік 
алдында  шешен  сөйлеу  талаптарын  жетік  білу  әрі 
тілді  оқытудың  әлеуметтік  мәнін  арттырады,  әрі 
оқушының  қазақ  тілін  меңгеруге  деген  оқу  моти-
вациясын қалыптастыруға толық мүмкіндік береді. 
Сол  себепті  оқушының  оқу  мотивациясын  тудыру 
арқылы пән мазмұнын меңгерту, қажетті білім, білік 
дағдыларды игерту жолдарын жетілдірудің өзектілі-
гі арта түсуде. 
Сондықтан  осы  мақалада  алдымен  бейіндік 
мектепте ұсынылатын пән мазмұнын оқу мотиваци-
ясына негіздей отырып меңгертудің алғышарттары 
туралы және оның әдістемелік жүйесін құру тетік-
терін анықтау мәселелері туралы айтамыз.

170
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
Бейіндік  мектеп  оқушысының  пәнге  қызығуы 
сыртқы факторларға ғана негізделмей, оның өзінің 
ішкі қажеттігінен бастау алғанда оң нәтиже бермек. 
Болашақ гуманитарлық сала мамандарына тілдің өз 
кәсіби саласындағы мәнін түсіндірумен қатар, жал-
пы адамзат тіршілігіндегі тілдің маңызы күнделікті 
сабақтарда  тәжірибе  жүзінде  дәлелденіп  отыруы 
керек. Ол үшін оқушыны әр түрлі тілдік жағдаятта 
сынай отырып, дұрыс шешім табуға ұмтылыс үстін-
де толқу, толғану сезімдерін бастан кешіруге, нақты 
тапсырмалар  арқылы  сынға  түсуге  мүдделі  ету 
бағытындағы оқу тапсырмалары ұсынылады. Мәсе-
лен, оқыту үдерісінде дәстүрлі немесе жаңа дәуір-
дегі шешендік сөз үлгілерін дұрыс пайдалануға үй-
рету сол сөздерді өзінің тілдік білігін жетілдірудің 
тиімді құралы етіп қолдана алуға төселдіруге байла-
нысты  болмақ.  Шешендік  сөздің  мазмұнын  түсіну 
оқушының логикасын дамытумен қатар оған қалай 
сөйлеудің нақты жолын түсінуге де мүмкіндік бер-
се, бірде таныс, бірде бейтаныс жағдаяттарда өздігі-
нен шешім жасауына мүмкіндік беру оның өмірлік 
дағдыларының тұрақты қалыптасуына жол ашады. 
Сондықтан оқыту барысында тарихта із қалдырған 
шешендердің немесе қазіргі заманғы шешендердің 
көпшілік  алдында  сөйлеген  сөздерін  теориялық 
тұрғыда талдатумен қатар сол сөздерге сүйеніп, өз 
ойларын айтқызу әлдеқайда тиімді болмақ. Әсіресе, 
жоғары сынып оқушысы үшін темірдей теориялар-
ды қайталаудан өздігінен ой түйіндерін жасау, жеке 
ойларын  жеткізе  білу  қызықтырақ.  Өйткені  бұл 
жастағы оқушылар қандай жағдаятта да өз бетімен 
жол табуға құштар келеді. Оның үстіне ХХІ ғасы-
рдың  адамы  үшін  білімнің  сипаты  мен  тиістілігі 
емес,  өзінің  оқу  еңбегінің  қандай  нәтиже  беретіні 
маңыздырақ.  Яғни  оқушы  нені  білетіндігіне  емес, 
не  істей  алатындығына  мән  береді.  Бұл  қазіргі 
таңдағы  құзіреттілікті  оқу  нәтижесі  ретінде  бел-
гілеп отырған кезеңдегі ең тұғырлы мәселе болып 
саналады. Егер тұрлаусыз уақыттың сынынан сүрін-
бей  өтудің  бір  шарты,  өзгермелі  дүние  жағдайына 
қажетті бейімділіктің тетігі – тіл табысу, өз көзқара-
сын айқын дәлелдей алу болса, онда соған қажетті 
тілдік  талғамды,  сөйлеу  қабілетін  тек  тәжірибелік 
сын арқылы дамытуға болатыны да ақиқат шындық. 
Өйткені “адамның табиғи қасиеттері мен адамның 
мәдениет табыстары бір-біріне сай келгенде, жоғары 
адамгершілікке ие адам – цзюнь-цзы пайда болады” 
[1,19 -б.]. Сондықтан да сөз мәдениетіне, шешендік-
ке баулу, ана тілін сүюге, құрметтеуге үйрету теория 
түрінде емес, жүйелі түрде ұйымдастырылатын дара 
тұлғаға  бағдарланған  оқыту  процесіндегі  білім  мен 
біліктің бірлігінен туындағаны ұтымды. 
Теория қанша тегеурінді болғанмен, оның мәні 
адамның өмір қажетіне айналуында. Сондықтан бү-
гінгі  жастарға  керегі  бізге  дейін  қандай  шешендер 
өмір сүрді, олардың қоғамдағы орны қандай болды, 
не  деп  айтты  деген  сұрақтар  төңірегіндегі  ақпарат-
тық  білімнен  гөрі,  «Жүре  қалыптасатын  шешендік 
қасиеттің сыры неде?», «Шешен сөйлеуге қалай үй-
ренуге болады?», «Көпшілік алдындағы сөзге дайын-
дық сатылары қалай жүруі керек?», «Шешенге қойы-
лар талап қандай?» деген сауалдар төңірегінде нақты 
бағдар  беріліп,  сынақ-тапсырмаларды  орындап, 
практикалық жағынан жаттығу әлдеқайда пайдалы.
Оқушының пәнге деген оқу мотивациясын қа-
лыптастырудың  басты  шартының  бірі  –  тілдің  та-
биғи әрі ең басты қызметі – қарым-қатынас құралы 
екендігіне  мән  бере  оқыту.  Бұл  оқушының  сөйлеу 
әрекетін дамыту арқылы жүзеге асады. Психологи-
яда  сөйлеудің  әрекет  түрі  ретінде  дәйектелуі  тілді 
оқыту әдістемесінде де бұл тұжырымды әдіснама-
лық тұғыр ретінде пайдалануға негіз қалады. Сөй-
леу практикалық әрекет ретінде тілдік білімнің түп-
кі нәтижесі, адам қажетін өтеудің басты тетігі деп 
белгіленді. Сондықтан оқушыны  өз ойын  сөз мәде-
ниеті талаптарына сай айта алуға үйретуге басым-
дылық беріледі. Сөйлеуге үйрену – тілдік білімнің 
оқушы  қажеттігімен  үйлесуі.  Сол  себепті  оқу 
бағдарламаларындағы  материалдар  логикалық-се-
мантикалық  ұстаным  негізінде  сөз  мәдениетімен 
сабақтастықта ұсынылады. Оқушының сөз мәдени-
етін жетілдіру тақырыптан-тақырыпқа қарай күрде-
лендіріліп  жүргізілетін  жаттығулар  мен  тапсырма-
лар  кешенін  орындау  арқылы  жүзеге  асады.  Олар 
оқушының  сөйлеу  әрекетін  дамытуды  көздейді, 
өйткені сөйлеу арқылы олардың танымы да, ойлауы 
да жетіледі. Қазіргі зерттеулерде кешенді ойлау да-
муының фазалары былайша жіктеліп жүр: 1) ассо-
циативті кешен (әр түрлі заттардың бір сипатының 
негізінде бірігуі); 2) кешенді-жинақтау (белгілі бір 
немесе  практикалық  сипатының  негізінде  әр  текті 
заттардың өзара бірін-бірі толықтыратын тобы); 3) 
тізбектелген кешен (бір сипаттан екінші сипатқа ди-
намикалық, уақыттық принцип арқылы жеке бөлік-
тердің біртұтас тізбекке құрылуы” [2,267-б.]. 
Біздің    зерттеу  жұмысымызда  жаттығулар 
кешені  үшінші  сипат  бойынша  ұсынылды.  Олар 
мазмұндық  жағынан  да,  құрылымдық  тұрғыда  да 
өзара  сабақтастыққа  құрылды.  Сонымен  қатар  са-
бақтарда  бірте-бірте  дамытылып  берілді.  Зерттеу 
барысында  оқушының  оқу  мотивациясын  дамы-
туға арналған жаттығулардың типологиясы жасал-
ды. Ондай жаттығулар мақсатына қарай оқушының 
әлеуметтік  мотивациясын  қалыптастыруға  ықпал 
ететін тілдік және этикалық және қатысымдық дағ-
дыларды қалыптастыратын жаттығулар деп жіктел-
ді. Мұның біріншісінде оқушының тілін дамытуға, 
ұстартуға қатысты, сонымен бірге тілдік және қаты-
сымдық  құралдарды  қолдануына  қызығушылығын 
дамытатын жаттығулар топтастырылса, екіншісінде 
оқушының  өзінің логикалық ойлау дағдыларын, қа-
тысымдық біліктіліктерін жетілдіруге талпындыра-
тын  тапсырмалар ізденімдік, проблемалық, шығар-
машылық деп үшке топтастырылып жүйеленді. 
Н.М.Шанский:  “Тіл  жүйесін  түгел  білу  –  тіл 
игеру емес. Меңгерілген білім нақты жағдайда пікір 
алмасу,  ой  бөлісу,  ақпарат  алмасу,  яғни  қарым-қа-
тынас үшін пайдаланылса ғана тіл игеру болады”,- 

171
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
дейді [3,182 б.].  Жаттығулардың мақсаты оқушы-
ның  алған  білімін  дұрыс  пайдалана  білуге  үйрету 
болды.  Мұндай  кешенді  жүргізілетін  жаттығулар 
мотивациялық  тұрғыдан  тиімді  болды:  оқушының 
пәнге  деген  саналы  көзқарасын,  онда  игерілетін 
білімге деген қызығушылығын арттырды. 
Оқушыларға  ұсынылған  жаттығулардың  дені 
олардың  ойлауын  дамытуға  арналды.  Сондықтан 
жаттығулар  кешенінде  оқушылардың  өзара  әрекет 
етуіне мүмкіндік туғызатын жұмыстар кең қамтыл-
ды. Бұл жөнінде М.М.Копыленко: “Тіл мен сөйлеу 
бүтін  аймақты  құрайтын  екі  бөлек  құбылыс,  тіл 
жүйе  ретінде  санамен,  сөйлеу  үрдіс  ретінде  ой-
лаумен  сәйкестенеді”,  -  дейді  [4,67  б.].  Тіл  дамы-
ту  жаттығуларында  оқушылардың  ортологиялық 
дағдыларды  меңгеруіне,  оларды  өзінің  күнделікті 
тәжірибесінде дұрыс қолдануына назар аударылды. 
Зерттеушілер  тіл  дамыту  оқушының  алған  білімін 
практикада дұрыс қолдануы арқылы жүзеге асаты-
нын  айтады.  Ғалымдар  Н.Оралбаева  мен  К.  Жақ-
сылықова: “Тіл  дамыту  сөйлеуге  жеткілікті  сөздік  
қорды  және  ол сөздерді сөйлемде бір-бірімен бай-
ланыстыратын  тілдік  нұсқалардың  қолданылу  заң-
дылықтарын  меңгерту”,  -деп  тұжырымдаса  [5  ,41 
б.],  тіл  дамыту  мәселелерін  терең  зерттеп,  оның 
ғылыми-теориялық негіздерін айқындаған ғалым А.
Жапбаров: “Қазақ тілін оқытудағы тіл дамыту -  бұл 
мұғалімдердің оқушыларды лексикалық, граммати-
калық, стилистикалық және орфографиялық, орфо-
эпиялық  нормалар  мен  заңдылықтарын  үйретумен 
қатар қарым-қатынас жасау мен сөйлеу мазмұнына 
орай тілдік құралдарды орынды пайдаланып, ойын 
ауызша және жазбаша түрде жеткізе білу дағдылары 
мен  икемділіктерін қалыптастыру үшін жүргізілетін 
әрекет”,- деп тіл дамытудың ауқымын кеңейте түседі 
[6,50  б.].  Шын  мәнінде,  тіл  дамыту  тек  теориялық 
заңдылықтарды  қолданумен  шектелмейді,  оқушы-
ның әр түрлі өздік жұмыстарда білімін біліктілікке 
ұластыруы нәтижесінде жүзеге асырылады.
Ғалым  С.Рахметова  тіл  дамытудың  қатысым-
дық сипатына ерекше мән береді. Ол: “Тіл дамыту – 
балаларға тілді бір-бірімен пікір алысатын қатынас 
құралы  ретінде  пайдалануға  үйрету  жүйесі”,-деп 
көрсетті [7,4 б.]. Сондықтан ғалым тіл дамыту жат-
тығуларын лингвистикалық білікті жетілдіру; ойлау 
әрекетін  дамыту;  сөйлеу,  ойлау  икемділіктері  мен 
дағдыларын қалыптастыру деп бөледі.
Тіл  дамыту  жаттығуларында  оқушының  ор-
тологиялық  дағдыларын  жетілдіру  көзделді  де,  тіл 
ұстартуда  оқушының  өздігінен  шешім  жасауына 
бағытталған жаттығулар топтастырылды. Тіл ұстар-
тудың  ерекшелігі  онда  оқушыға  нақты  бір  тілдік 
нысан ұсынылмайды, оқушыны анық, көркем, жүй-
елі,  нақты  сөйлеуге  үйрету  көзделеді.  Тіл  ұстар-
ту  тіл  дамытудан  кейін,  соған  табан  тірей  отырып 
ұйымдастырылатын  өзіндік  және  шығармашылық 
сипаты  басым  жұмыстардан  тұрады.  Онда  көрік-
теуіш құралдарды пайдалануға, әр түрлі сипаттағы 
мәтіндер түзуге, жағдаятқа сай арнайы іс-қағаздары 
түрлерін жаздыруға, өзіндік ой-пікірлерін тиянақтап 
айтып  беруге  төселдіруге,  мазмұндама  жаздыруға, 
мәтіндерді талдатуға көңіл бөлінеді. Өзіндік ізденіс 
жүргізе отырып ауызша және жазбаша тілде тіл заң-
дылықтарын  пайдалану  дағдыларын  жетілдіреді. 
Мұнда  оқушының  өз  ойын  логикалық  жағынан 
дұрыс, анық, әдеби тіл нормаларын сақтай отырып, 
дұрыс  сөйлеуге  жаттықтырылады.  Сөйлеу  бары-
сында  тілдің  көркемдік  құралдарын  пайдаланады. 
Тапсырманың  мақсатына  сәйкес  мақал-мәтелдерді, 
теңеулерді,  эпитеттерді  қолданады,    салыстырулар 
жасайды.  Сонымен  қатар,  сөйлегенде  айқындауыш 
және  оңашаланған  мүшелерді,  қыстырма  сөздерді, 
фактілерді  пайдалануға  үйретіледі.  Атаулы  және 
құрмалас  сөйлемдерді  өз  ойын  жеткізуде  орынды 
қолдануға  төселдіріледі.    Ал  тіл  ұстартуда  оқушы-
ның  ой  түйіндерін,  ой  қорытындыларын  жасау 
міндеті қойылады. Оқушылар берілген түрлі мәтін-
дерді,  нақыл  сөздерді,  мақал-мәтелдерді  топтап, 
тақырыпқа қарай саралап үйренеді. Мінездеме мен 
сипаттау, суреттеу мәтіндерін құрауда озық үлгілерді 
пайдалану арқылы өзіндік нұсқа шығарту көзделеді. 
Қорыта  айтқанда,  бейіндік  мектеп  оқушысы-
ның  оқу  мотивациясын  қалыптастыруға  бағыт-
талған жаттығулар сөз мәдениетімен, шешендік қа-
білеттерді дамытумен байланыста жүргізілгенде оң 
нәтижелер беретіні анықталды. 
Әдебиеттер тізімі:
1.  Перемеслов Л.С. Конфуций. -Москва, 1993. - 294 с.
2.  Букабаева Б.Е. Сөйлеу әрекеті онтогенезінде лексикалық мағынаның қалыптасуы және дамуы: фил. ғыл.
канд. дисс. автореф.- 10.02.19. –Алматы: Тіл білімі институты, 2007.- 26 б. 
3.  Шанский Н.М. Что значит знать язык и владеть им. - Ленинград, 2009.- 192 с. 
4.  Копыленко М.М. О состношении языка и речи в связи с проблемами изучения сочетаний лексем // Актуальные 
проблемы лингвистики. Алматы, 1998.- 65-73 с.
5.  Оралбаева Н.О., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі. -Алматы: Ана 
тілі, 1996.- 89 б. 
6.  Жапбаров А. Қазақ тілін оқыту арқылы тіл дамытудың әдіснамалық және әдістемелік негіздері (5-9 сы-
ныптар). -Пед.ғыл.докт... дис. 13.00.02.- А., 2004.- 376 б. 
7.   Рахметова С. Бастауыш класс оқушыларының тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері: пед. ғыл.
докт... дисс.-13.00.02 –Алматы: Абай атындағы АлМУ, 1994. -254 б. 

172
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет